С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Министерство Здравоохранение РК
Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д.Асфендиярова
Қабылдаған: Бердавлетов Б.А.
Орындаған: Қуаныш Н.Д.
Факультет:Жалпы медицина
Курс: IV
Топ: 42-1 қ
2014- 2015 оқу жыл
Кафедра: Травматология және ортопедия
Жоспар
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
Иық буының шығуының түрлері
Шыққан буынның емі және салу түрлері
ІІІ.Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Буынның шығуы (luxato) - бұл буын ұштарының, онымен байланысқан сүйектердің физиологиялық қозғалысынан тыс жылжуы және буын қызметінің бұзылуы болып табылады. Буынның шығуы шыққан шеткі сүйектің атымен аталады.
Буынның шығуы (luxato) - бұл буын ұштарының, онымен байланысқан сүйектердің физиологиялық қозғалысынан тыс жылжуы және буын қызметінің бұзылуы болып табылады. Буынның шығуы шыққан шеткі сүйектің атымен аталады.
Буын шығуының үш механизмі бар
Тікелей сыртқы күштердің әсерінен;
Жанама сыртқы күштердің әсерінен;
Бұлшықеттердің шектен тыс жиырылуының салдарынан.
Иық буының шығуының түрлері
Иықтың шығуы барлық буындардың шығулардың 50-60 % құрайды. Көп кездесуі буынның анатомиялық ерекшелігімен түсіндіріледі: жауырынның буындық ойысы тоқпан жіліктің шар тәрізді басынан 3-4 есе кішірек,буындық қалтасы аумақты және жіңішке.Иық буынның травматикалық шығуы көбінесе тікелей емес күш әсер еткенде пайда болады.(Мыс:қолды алдыға созып құлағанда немесе артқа құлап бара жатып қолды тіреп қалғанда)