Жансыздандырғаннан кейін жарақаттанушыны қырынан үстелдің шетінен бұлшықеттік шұңқырға сай келетіндей етіп,қолын бос салбыратып жатқызады.Басына жастықша қояды.Осы қалыпта науқас бұлшықеті босаңсығанша 10-20минуттай жату керек.Содан кейін хирург еекі қолымен білек тұсынан ұстап,қысым келтіре отырып төменге қарай тартады.Осыдан соң буын орнына түседі.Кейін қолын кеудеге бекітіп, 2-3 аптаға гипсті таңғыш салады.Буынды түсіргеннен соң сенімді болу үшін рентгенге түсіру керек. 30-45 күннен соң толықтай қозғала алады.
Чаклин әдісі
Науқас шалқасынан жатады.Дәрігер науқастың бүгілген қолын бірқолымен білек тұсынан ұстап,екінші қолымен бұлшықеттік шұңқырды басып тартады.Бұл тәсіл көбінесе сыну мен буын шығуында қолданылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
Травматология и ортопедия. Юмашева Г.С. М. “Медицина” 1990ж.
Травматология және ортопедия. Сапарова Қ.Ғ “Кітап баспасы ”2004ж.