Сабақтың тақырыбы: Кімге не сыйлау керек? Жалпы мақсаты



Дата21.01.2017
өлшемі56,48 Kb.
#7515
түріСабақ

Сабақ

Сынып : 7

Мерзімі :

Пәні: Қазақ тілі

СЕКСЕНБАЕВА А.А.

Сабақтың тақырыбы:

Кімге не сыйлау керек?

Жалпы мақсаты:

Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру;

логикалық ойын дамыту, жолдастық көмекке қашанда әзір болу қасиетіне, ұлттық дәстүрді қастерлеуге үйрету;

оқушыларды тілдерін бұрмаламай ашық, таза сөйлеуге дағдыландыру.


Оқудың негізгі міндеті:

Оқушылардың есте сақтау қабілетін, жазу, сөйлеу, тыңдау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа қызығушылығын дамыту.

Оқытудан күтілетін нәтиже:

Оқушылар жаңа сөздерді меңгереді, мәтіндердің мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, тілдері, ой-өрістері дамиды


Оқытуда қолданылатын модульдер:

Оқытудағы диалог, сын тұрғысынан ойлау, дарынды және қабілетті балалармен жұмыс.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Топпен жұмыс,жұппен жұмыс, жеке-дара, сұрақ-жауап

Оқудың ресурстары:

Оқулық, суреттер, түрлі заттар, А-4 парақтары, маркер




Мұғалімнің іс-әрекеті:


Оқушының

іс-әрекеті:

Сабаққа кіріспе:



Сәлемдесу, сыныптың тазалығына мән беру, оқушыларды түгелдеу.

Оқушылар сәлемдеседі,оқушылар туралы мәлімет береді.

Ой қозғау бөлімі:


Үй тапсырмасын сұрау:

( 5 Т әрпі: тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық) Тыныштық сәті.

Үй тапсырмасын сұрау 4- тапсырма



Үй тапсырмасына жауап береді


Топқа бөлу:

Суреттің көмегімен топқа бөліу

Оқушылар топқа бөлінеді

Психологиялық дайындық , мотивациясын ояту:

Өтілген сабақты пысықтау мақсатында сұрақтардың көмегімен пысықтау, оқушылардың назарын сабаққа аудару

«Дұрыс-бұрыс»



  1. Сыйлық қымбат болу керек

  2. Сыйлықтың пайдалу болғаны міндетті емес

  3. Сыйлықты жай күндерде сыйлауға болады

  4. Сыйлықты қонақтар кеткен соң ашады

  5. Туысыңа,досыңа арнап өлең, ән сыйлауға болмайды

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, назарын сабаққа аударады

Мағынаны тану бөлімі:


Білімдерді актуализациялау:



Жаңа тақырыптың мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап беру, жаңа тақырыптың мәнін ашу.

Берілген заттардың қайсысын кімге сыйлар едіңдер?

Ойларыңды сөзбен жеткізіңдер

Қобдишада түрлі заттар беріледі



Оқушылар сұрақтарға жауап береді, жаңа тақырыптың мәнін ашады

Жаңа білім:


І. Сөздік жұмысы

Сөздердің аудармасын табу.

1. мейірімділік 1. доброта

2. мүмкіндік 2. возможность

3. сыйлық 3. подарок

4. мерейтой 4. юбилей

5. мереке 5. праздник

6. көрсету 6. показать

7. жаттау 7. выучить

ІІ. Топтық жұмыс

1-топ

-Мәтіннің 1 абзацін оқу, мазмұндау



-Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру

-Сөйлемді оқу, түсіну, дәптерге жазу

Сыйлық талғамыңнан шықпаса да, ренжімеуге, күлімсіреп қабылдауға, рақмет айтуға тиістісің. Сыйлықты қайтып беру - әдепсіздік

2-топ


-Мәтінді оқу -2 абзац

- Сөйлемді оқу, түсіну, дәптерге жазу

Сыйлықтың бағасын сұрап, жұрттың көзінше пайдалы немесе пайдасыз екенін айтуға болмайды.

Сыйлық әкелмеген қонаққа ренжімейді, оларға да басқалармен бірдей құрмет көрсету керек.

3-топ

-Мәтінді толық оқу,



-Кімге не сыйлау керек? Тақырыбына шағын әңгіме жазу

ІІІ. Грамматикалық жұмыс



Фонетикалық талдау

сыйлық сурет кәмпит



Тапсырмаларды орындайды, бір-біріне көмектеседі (мұғалімнен кеңес алуға бо­лады).

Тақтада әр топтан бір оқушы шығып, грамматикалық жұмысты орындайды






Сабақты қорыту:



Өтілген сабақты пысықтау мақсатында оқушыларға сұрақтар қою,сөздіктерді пысықтау,

Синоним сөздерді есте сақтау. Олардан сөйлем құрау.

1) Сыйлау, құрметтеу, қадірлеу, ардақтау, қасиеттеу, қастерлеу.

2) Сұлу, әдемі, әсем, көркем, көрнекті, ажарлы.




Сұрақтарға жауап береді , сөздіктерді пысықтайды

Рефлексия :


Оқушыларға стикерлер тарату,өтілген сабақ бойынша өз пікірлерін жазуды ұсыну


Стикерлерге сабақ туралы пікірлерін жазады







Бағалау :


Оқушылардың білімін топта бағалау, формативті бағалау,


Үйге тапсырма:


3-тапсырма. бет 36, сөздік жаттау. Еңбек сабағында әлдебір қажетті затты немесе әшекейлі нәрсені жасауға болады. Сыйлыққа беретін қандай затты жасауға болатыны туралы шағын шығарма жазу.

Рефлексия

Сабақтың қорытындысы:

  1. Бүгінгі сабақ қалай өтті?

  2. Қандай кемшіліктерге жол берілді?

  3. Қандай күшті жақтарға арқа сүйей аласыз?

  4. Нені өзгерткіңіз келеді?

Каталог: materialy -> tarbie
tarbie -> Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік тұғырым Сабақтың мақсаты
tarbie -> «Тәуелсіз Қазақстан тарихында Тұлғасы Елбасының жеке –дара»
tarbie -> Жансейітова Патма Отырар ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы мектебі Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
tarbie -> Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы
tarbie -> Сабақтың тақырыбы : Мен өскенде кім болам ? Сабақтың мақсаты
tarbie -> «мен көп тіл білемін» сайысы
tarbie -> Сабақтыңтақырыбы: «Қыста жол бойында ойнау қауіпті»
tarbie -> Сабақ Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі Тәрбиеші: Керимова А. Б. Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі
tarbie -> Ашық тәрбие сағаты Тақырыбы
tarbie -> Қазығұрт ауданы Жаңабазар елді мекені Елшібек батыр атындағы мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 8-сынып жетекшісі Апешова Қалипа Жақсылыққызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет