- І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың сабаққа қатысуы мен оқу құралдарының әзірлігі тексеріліп, назарын сабаққа шоғырландырамын.
- Судың құрамы,физикалық
- және химиялық
- қасиеттері,
- қолданылуы
- СУ- ХҮІІ ғасырдың аяғында судың күрделі зат
- екендігі анықталды,яғни су жасанды жолмен
- газтектес сутектің оттекте жануынан
- алынды. Осы арқылы судың екі элементтен,
- сутек және оттектен
- тұратындығы анықталды.
- Судың химиялық формуласы-
- Н2О
- Құрылымдық формуласы:
- Н-О-Н
- Салыстырмалы молекулалық массасы:
- Mr(H2O)= 18
- Судың физикалық қасиеттері
- Таза су- түссіз,иіссіз,дәмі жоқ сұйықтық.Табиғатта су үш түрлі агрегаттық күйде кездеседі: қатты,сұйық,газ.Қалыпты жағдайдағы судың қатуы 0 градус С және қайнауы 100 градус С белгіленеді.Себебі:мұз судың бетінде қалқып жүреді.Егер мұз судан ауыр болса,барлық өзен-көлдер түбіне дейін қатып,ал жаз айларында тек беті ғана еріген болар еді.Су жайлап қызады және жайлап суиды.Осы судың қасиетінің нәтижесінде су бассейндері Жер шарындағы температураны күрт өзгертпей,реттеп отырады.Су электр тоғын нашар өткізеді.
- Жасушаның 80% судан тұрады.Су-еріткіш.Ағзадағы бүкіл зат алмасу қатысында жүреді.Су тасымалданады. Адам ағзасының ішкі ортасындағы қан 91,5% судан құралады.Ас қорыту жүйесіндегі астың сіңірілуі ащы ішекте иондарға ыдырауына ықпал береді.Ыдырау өнімдері 3 жолмен өтетін болса,оның бәрі су қатысында жүреді.
- 1) тер бөлінуі
- 2) Зәр шығару
- 3) тыныс алу
- Өсімдіктер әлемінде фотосинтез процесі су процесі арқылы жүреді.
- Судың химиялық қасиеттері
- 1.Судың жай заттармен әрекеттесуі:
- 2Na + 2H2O = 2NaOH + H2 (Тәжірибе жасалынады)
- Белсенді металл + су = сілті + сутек газы
- 2.Судың күрделі заттармен әрекеттесуі:
- Na 2 O + H 2 O = 2NaOH
- Негіздік оксид + су = негіз
- СаО + Н2О = Са (ОН)2 (тәжірибе жасалынады)
- Суда еритін негіздерді – сілтілер деп атайды.
- Сумен әрекеттесіп сілті түзетін металл оксидтерін – негіздік оксидтер деп атайды.
- Белсенді металл оксидтері сумен тікелей әрекеттесіп,металл гидроксидтері негіздерді түзеді.
- 3. Судың бейметалл оксидтермен әрекеттесуі:
- SO3 + H2O = H2SO4
- P2O5 + 3H2O = 2H3PO4
- Бейметалл оксиді + су = қышқыл
- Сумен әрекеттесіп қышқыл түзетін бейметалл оксидтерін –
- қышқылдық оксидтер деп атайды.
-
-
- органикалық зат
- (спирт,сірке қышқылы)
- Мақалдар.
- 1) Су ішетін арығы жоқ елдің,
- сүзіп алатын балығы жоқ.
- 2)Сулы жер құрақсыз болмас, жер бұлақсыз болмас.
- 3)Сусыз өмір жоқ.
- 4)Сусыз жердің шөбі сұйық,
- суайт адамның сөзі сұйық.
- 5)Сулы жер-нұрлы жер,
- 6)Судың да сұрауы бар.
- 7)Сағадағы су ішеді, аяқтағ,ы у ішеді.
- 8)Ағынды су –бал татыр,ақ шабағы май татыр.
- 9)Сиыр су ішеді- сүтін береді,жылан су ішеді-уын төгеді.
- 10)Су - тазалық кепілі,Тазалық – денсаулық кепілі
- Бағалау
- Үйге тапсырма: Судың пайдасы мен зияны
Достарыңызбен бөлісу: |