Ситуациялық есептер



Дата08.02.2022
өлшемі14,73 Kb.
#98951
Байланысты:
4- ші тақырып бойынша ситуациялық есеп
6 -сынып БЖБ, 6 -сынып БЖБ

Ситуациялық есептер

1.Б.есімді науқас 32 жаста, жұқпалы ауруханаға 10.08 күні әлсіздікке, бас айналуға, жүрек айнуға, көз алдында бұлдырлануға, іші кебуге шағымданып түсті. 9.08күні сағат 12.00 жедел ауырған, жүрек айну, құсу, эпигастрий бөлігінде ауырсыну, ауызында құрғау, әлсіздік пайда болған. Өздігінен асқазанын жуған. Жағдайы жақсармаған, әлсіздігі күшейіп, бас айналу мен құсу болған. Жедел жәрдеммен жұқпалы ауруханаға «ЖІИ» диагнозымен түсті. Қабылдау бөлімінде 4 күн бұрын үйде жасалған тұздалған балық жеген. Өзімен қоса әйелі және қызметтестері де жеген. Қарағанда: жағдайы ауыр, температурасы 36,8oС, есі сақталған, енжар, бозғылт, анизокория, стробизм, дауысы сырылдап шығады. Жүрек тондары естілмейді, пульсі 90, АҚ 100/80 мм.с.б. Тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған, іші үрленген, эпигастрий бөлігінде пальпациялағанда ауырсынады. Нәжісі жоқ. Диурез сақталған.



  1. Болжам диагноз

  2. Тексеру жоспары

  3. Дифференциалды диагноз жүргізіңіз.

  4. Емі (медикаментозды емес, медикаментозды). Латын тілінде рецепт жасау.

  5. Профилактика.

2. 36 жастағы әйел, жедел ауырған. Түн ішінде сұйық сулы нәжіс, қайталамалы құсу, біраздан соң әлсіздік, бас айналу пайда болды. учаскелік ауруханада «Жедел тамақтан улану» диагнозы қойылды. Асқазаны шайылып, кордиамин 2.0 тері астына және 500мл 5% глюкоза С вит көктамырға берілген. Жағдайы нашарлаған: құсуы тәулігіне 15-20рет, сұйық сулы нәжіс санаусыз, кенеттен әлсіздік. Аяқ-қолының дірілі, қатты шөлдеу пайда болды. Аса ауыр жағдайда аудандық ауруханаға жеткізілді. Қарағанда: акроцианоз және цианоз мұрын-ерін үшбұрышында, беті үшкірленген, көз айналасында күңгірт дөңгелек, генерализденген діріл. Дауысы сырылдап шығады, тері тургоры төмен, температура 35,5oС, пульсі жіп тәрізді, АҚ 45/0 мм.с.б., Тілі құрғақ, сұр жабындымен жабылған, іші тартылған, жұмсақ, перистальтикасы күшейген. Нәжісі сулы «күріш қайнатпасы» тәрізді. Зәрі шықпайды. науқас есі бар, енжар, қатынасқа әзер келеді.



  1. Сусызданудың дәрежесін анықта.

  2. Болжам диагноз.

  3. Тексеру жоспары.

  4. Емдеу принципі.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет