Абдуалиева Ақбикеш 301 A
Паспорттық бөлімі
Науқастың аты-жөні: Абзалов Ерлан Сарсенбекович
Жынысы: ер
Туылған күні,жылы,айы: 28.05.1971
Мекен-жайы:Ақтөбе қаласы,12 мөлтек ауданы 24Б
Жұмыс орны: Жеке кәсіпкер
Науқастың түскен күні: 25.04.2020ж.
Науқастың шағымдары:
Шырышты-іріңді қақырықты жөтел , дене қызуының 39,0ºC градусқа жоғарылауы, көмейінде және кеңірдек жолы бойында ауырсыну,дем алғанда,жөтелгенде оң жақ кеуде бөлігінде ауырсыну сезімі байқалады.Бас ауруы және айналуы, тәбеттің төмендеуі, жүрек айну, жалпы әлсіздік,қалтырау.
Ауру анамнезі (anamnesis morbi)
Науқас өзін соңғы 10 күннен бастап ауру санайды, суық тиуіне байланысты. Дене қызуы 39,0ºC дейін көтерілген, кіші дәреті жиілеген. Температурасы жоғарылаған кезде парацетамол 500мг 1 таблетка қабылдаған, оң әсер көрсеткен. Температурасы күн сайын жоғарылап отырған. Участкелік терапевтке қаралып, цефтриаксон 1,0 күніне 1 рет тағайындалған. Дизуриялық синдромды азайтқан. 6 күн бұрын қақырықты жөтел қосылған. Науқас дәрігерге қаралмаған, ем қабылдаған. 25.04.2020ж. күні жөтелінің күшеюіне, дене қызуының 39 0ºC көтерілуіне байланысты жедел жәрдем шақырған.
Достарыңызбен бөлісу: |