Өмір анамнезі (anamnesis vitae)
Абзалов Ерлан Сарсенбекович 1971 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген,жасына сай дамыған.Басынан өткізген аурулары: қызылша,бронхит,созылмалы панкреатит және холецистит. Отбасылық анамнезі – үйленген, 3 баласы бар. Материалдық-тұрмыстық жағдайы жақсы,тамақтануы қалыпты.Туберкулез болмаған,туберкулезбен ауратын адамдармен қарым-қатынаста болмаған,аллергиялар байқалмаған.Тұқым қуалайтын аурулары жоқ.
Зиянды әдеттері: шылым шекпейді. Есірткілік заттарды қолданбағанын айтады.
Жалпы жағдайы:
Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Есі анық, контактқа оңай түседі, төсектегі қалпы белсенді. Дене бітімі нормостениялы. Теріасты шелмай қабаты бір қалыпты. Бойы 175 см, салмағы 80 кг.
Тері жамылғысының түсі аздап бозарған, таза, ылғалды, ісінулер жоқ. Шеткері лимфа түйіндері ұлғаймаған, пальпацияланбайды. Бұлшықет жүйесі қалыпты дамыған, күші аздап төмендеген.
Сүйек-буын жүйесі соғу кезінде ауырсынусыз, деформациясыз, буындарының қозғалыс аймағы шектелмеген.
Достарыңызбен бөлісу: |