Тақырыбы: Суицид- тығырықтан шығар жол емес
Мақсаты: Суицид туралы ұғымының мәнін түсіндіре отырып, оқушыларға адам өмірінің қымбат екендігін зерделету, жаман ойларға, сыртқы әсерлерге берілмеу керектігін ұғындыру
Көрнекілігі: электронды тақта
Өту түрі: сүрақ-жауап, пікірлесу.
Педагогтың сөзі:
Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар, ұстаздар. Бүгінгі біздің дөңгелек үстеліміздің тақырыбы Суицид-тығырықтан шығар жол емес.
Өмір деген – күйбең тіршілік. Қуанышы мен өкініші, қызығы мен күйініші қатар алмасып келетін тіршілікте адам жүйкесіне салмақ түсіретін нәрсе көп. Дегенмен біздер жүйке талшықтарының қандай күй кешіп, қаншалықты «қартайып» жатқанын біле бермейміз. Сол себепті болар, психолог-мамандар көмегіне жүгінбейміз. Арамызда, тіпті, психолог алдына мүлде бармаған адамдар да бар. Есесіне елімізде өз-өзіне қол салушылар көп және мұндай қайғылы оқиға жыл санап көбейіп барады. Бүгінгі таңда балалар мен жасөспірімдер арасында суицид, яғни өзіне-өзі қол жұмсау арқылы өз өмірлерін қию оқиғаларының күннен күнге белең алуы бүкіл жаһандық қоғамдық мәселеге айналып отыр. Әлемде жыл сайын шамамен 10-20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың ішінде Қазақстандықтарда бар.
-Ендеше сіздермен мен мынандай келісім шартқа отырғым келіп отыр.
1.Уақытты үнемдейміз.
2. Бір- бірімізді тыңдаймыз.
3.Ой- пікірлерімізді ашық айтамыз.
Сіздермен бірлесе отырып мына сұраққа жауап іздейік:
«Суицид» деген не?
Әлеуметтік педагогтың жауабы (слайдтан көрсетіліп тұрады)
“Суицид” - латын тілінен алынған, “өзін-өзі өлтіру”, “өзіне қол салу” деген мағынаны білдіреді.
Суицидтің мынандай түрлері болады:
Нағыз суицид, Жасырын суицид, Демонстративтік суицид.
“Нағыз суицид” - қашанда жабырқау, дағдарыстық жағдай не өмірден баз кешу, күйзелу жатады. Бұған жүйке ауыруымен ауыратындар шалдығады.
“Жасырын суицид” - бұл мінез-құлық тәуекелге негізделген өмірден өтуден гөрі, өліммен ойнауға көбірек ұқсайды. Жастар арасында көбірек кездеседі.
Демонстративтік суицид - өлуге деген ниетпен байланысты емес, қайта өз проблемасына назар аударту, жан айқай көмекке шақыру ретінде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |