Электронды интерактивті тақта заманауи оқыту қҰралы ретінде



Дата22.06.2017
өлшемі126,95 Kb.
#19604
УДК 37.016.02:004:371.26
Сабраев Қ.Ж.

(Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.,



Қазақстан Республикасы, Sabraev@list.ru)
ЭЛЕКТРОНДЫ ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТА ЗАМАНАУИ ОҚЫТУ

ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

Аннотация. Мақалада электронды интерактивті тақтаның техникалық жабдық ретінде заманауи білім беру жүйесіндегі орны мен ролі, оқушының білімін жетілдірудегі қолданбалы, эмпирикалық мәні мен артықшылықтары жайлы тұжырым жасалды. Заман талабына сай білім беру жүйесінде техникалық жабдықталу мен оларды өз деңгейінде игере білу негізгі талаптардың бірі болып табылады. Дәстүрлі білім берудегі кемшін соғатын тұстардың қатарына осы техникалық құрал-жабдықтың болмауы немесе өз деңгейінде қолданылмауын жатқызуға болады. Дәрістің тыңдаушыға түсінікті болуы тек мимика, дауыс ырғағы, белгілі бір мәселені айрықшалап көрсетумен ғана шектелмей, сонымен қатар нақтылы мысалдар, көрнекі құралдарды қандай деңгейде қолдануына байланысты. Интерактивті тақта арқылы белгілі бір схема, диаграмма, формула, видео, анимациялық көріністер сынды нақты мысалдар келтіре отырып, оқушының сабақты меңгеруі мен тақырыпты қызғылықты қылып өткізуге мол мүмкіндік бар. Сапалы білім берудегі бір критерий - тақырыптың мазмұнын ашу мен тыңдаушының қызығушылығы болса, интерактивті тақта осы сұранысқа белгілі бір деңгейде ұсыныс ретіндегі бірден-бір қажетті құрал екені даусыз.

Кілттік сөздер: Интерактивті тақта, ақпарат, технология, тактильді басқару, анимация.
Аннотация. В статье рассмотрены вопросы оборудования, плюсы их прикладного, эмпирического характера в работе усовершенствования знаний обучаемого, таких как электронная интерактивная доска, ее места и роли в современной системе образования. Отвечая требованиям времени необходимо усвоить задачу технического оборудования в системе образования. К одним из недостатков традиционного образования можно отнести плохую оснащенность техническим инструментарием и его некомпетентным использованием. Для того, чтобы лекционный материал стал доступным для слушателя, недостаточна лишь мимика, тембр голоса, очень важно на конкретном примере, использовуя демонстративный материал донести суть послания. Интерактивная доска позволяет обучаемому в виде диаграмм, формул, видео, анимационных постановок лучше и с интересом усвоить новую тему. Если одним из критериев качественного образования является – раскрытие основного содержания темы, то интерактивная доска бесспорно отвечает данному требованию уникальным образом.

Ключевые слова: Интерактивная доска, информация, технология, тактильное руководство, анимация.
Заманауи мектептің басты мақсаты – әр оқушының қабілетін ашу, тұлғаны жоғары технологиялық және бәсекелестікке толы өмірге тәрбиелеу. Мектептік оқыту әрбір түлектің өз алдына елеулі мақсаттар қойып, оған жете алатындай және әр түрлі өмірлік жағдаяттарға жауап қайтара алатындай дәрежеде болуы қажет. Осы жағдайда, қазіргі заманғы ағартушының негізгі міндеті анық - ол тек максималды көп білім беру ғана емес, сонымен қатар балаға ақпараттық қоғам шындығына шарлауды, ақпаратты өз бетімен шығарып және талдауды үйрету.

Бұл мәселені дәстүрлі көзқарас бойынша және дәстүрлі оқыту құралдары арқылы шешу қиынға соғады. Осы уақытқа дейін сабақ барысында көрнекі құрал ретінде тақта, бор, плакаттар мен диаграммалар, слайдтар колданылып келді. Әрине, бұл құралдар ақпаратты визуализациялауда және кейбір дәрежеде білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Бірақ оларды пайдалану барысында бір уақытта студенттердің үлкен санын материалды толық қабылдауын қамтамасыз ету өте қиын. Қазіргі заманғы мектептерде ақпараттық технологияларды қолдану дәстүрлі оқыту технологияларынан жаңа интеграцияланған білім беру ортасына, интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін қоса алғанда, көшуге мүмкіндік береді.

Оқу үрдісінде инновациялық оқу құралдарының мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану танымдық қызметті арттыруға және оқушылардың үлгерімінің сапасын жақсартуға ; кешенді мектептің сыныптарында қолдануға арналған, қазіргі заманғы электронды оқу материалдарының көмегімен оқудың мақсатына жетуге; студенттердің өз-өзіне білім алу мен өзін-өзі бақылау дағдыларын дамытуға; олардың оқытушылық қиындықтарын қысқарту, қызметті және бастамасын, сондай-ақ сыныптағы оқыту жайлылық деңгейін арттыруға; оқушылардың ақпараттық ойлауын дамытуға; ақпаратты-коммуникациялық құзіреттілігін қалыптастыруға; дербес компьютерде жұмыс істеу дағдыларын иеленуге септігін тигізеді [1,с.6].

Кешенді мектептерде сабақ барысында интерактивті әдістер мен оқыту құралдарын пайдаланудағы мәселелерді көптеген ғалымдар мен педагогтар зерттеген: И.Р.Высоцкий, Б.С.Гершунский, А.П.Ершов, Э.И.Кузнецов, А.М.Коротков, В.М.Монахов, Е.С.Полат, И.В.Роберт, А.Ю.Уваров, О.К.Филатов, Н.И.Захарова, Г.К.Селевко, А.А.Ушаков, А.А.Веряев, Т.Н.Лось, И.В.Гиршин және басқалары.

Алайда, теориялық зерттеулер нәтижесі және педагогикалық қызметтің тәжірибесі, интерактивті оқыту құралдарын жүйелі ұйымдастыруы жоқ және оқу үдерісінің технологияланбаған жағдайда тек уақытша тиімділігін қамтамасыз ете алатынын дәлелдеді. Т.Т.Галиевтің айтуы бойынша, білім беру процесінің технологиялық құрылысы міндетті түрде нақты анықталған мақсаттар мен педагогикалық технологиялық ерекшеліктерге дәйекті бағдарды қамтиды, осыған сәйкес педагогикалық процесс мақсатқа жетуге кепілдік беруі қажет [2,с.2].

Заманауи білім беру технологияларын оқыту барысында қолдану, педагогикалық практикада жаңа әдістер мен құралдар пайдалану мәселесі оқытушыларға практикалық қолдау мен көмек көрсету үшін әзірленген. Практикада қолданылған білім , оқу үрдісі кезінде студенттердің қасиеттер ауқымын кеңейтуге мүмкіндің береді. Осындай құралдың бірі интерактивті тақта болып табылады.

Бұл виртуалды дисплей зерттеліп жатқан объекті жайында жарқын әрі неғұрлым кең көзқарас бере алады: сөзбен түсіндіру қиын немесе іш пыстырарлық нәрсені мобилді және қызықты етеді. Тактильді басқару жаңа ақпаратты қабылдауды жеңілдетеді (кескін бетіне жазу мумкіндігі, проектор арқылы көрсетілген нысандарды жылжыту, интерактивті басқару элементтерін қолдану т.б. ), визуальді оқыту процесстерін әлдеқайда жоғары деңгейге көтереді және тікелей айтқанда оқытушылардың «қолын шешеді», оларға студенттердің назарын жаулай отырып динамикалық сабақтар жүргізуге мүмкіндік береді. Оған көп мөлшерде түрлі ақпарат орналастыруға болады. Ал арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету оқытушыға авторлық сабақ жасауға көмектеседі, себебі мәселені шешу барысында оның есінде барлық қадамдар мен қозғалыстар қалған. Материалдарға қайта оралып студенттердің табысын сараптауға , сонымен қатар олардың ата-аналарына сабақ барысында қандай тапсырмаларды орындайтынын көрсетуге болады.

Интерактивті тақта оқытушы мен оқушы қарым – қатынасының қуатты құралы болды, сыртқы пішіні бойынша қарапайым сынып тақтасы мен қазіргі заманғы компьютерлік мүмкіндіктерді туралай отырып, жұмыс және шығармашылық үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады.

Интерактивті тақтаны білім беру процесінде қолдану тек жаңа ғана емес сондай-ақ жылдар бойы қолданылған педагогикалық әдістерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, себебі даусыз компьютер мен тақтаның артықшылықтарын алған.

Интерактивті тақтамен жұмыс істей отырып, мұғалім әрқашан назарда болады, студенттерге қарап үнемі байланыста болады. Түрлі түсті пайдалану қабылдау тиімділігін айтарлықтай арттырады.

Оқушыларға да интерактивті тақтамен жұмыс істеу ұнайды: оқу қызықты болады, ол жұмыс пен шығармашылықтың үлкен мүмкіндігі.

Білім беру процесінің маңызды мәселесі – оқу материалдарын қабылдау деңгейін және оны қолдана білу қабілетін арттыру. Психологтардың зерттеу нәтижесі бойынша адамдар өз көргенінің тек 20% -ын, естігенінің тек 30%-ын, естіп, көргенінің 50%-ын, ал естіп, көріп, сонымен қатар жасағанының 80% есте қалады. Көріп отырғанымыздай, адам материалды көріп, естіп, «жанасқанда», өз қолымен бір нәрсе істесе (жазып алса, суретін салса, т.б.) , практикада қолданса есте жақсы сақтайды. Осы деректер негізінде, біз интерактивті технологияны пайдалану айтарлықтай студенттердің білім сапасын жақсартуы мүмкін деп айтуымызға болады [3,к.94].

Осы сәтте бізге көмекке интерактивті тақта (компьютерлерде отырып өскен студенттердің ақпаратты қабылдау ерекшелігіне сәйкес келетін) келеді. Бүгінгі балалардың қызбалы көрнекі ақпаратқа және көзбен ынталандыруға қажеттілігі әлдеқайда жоғары екендігі дәлелденген.

Мектептерде интерактивті тақта сирек емес. Бірақ, ол өзінің бар мүмкіндігінше қолданылады ма? Д.И.Менделеевтің қанатты сөзі осы жерде орынды: мұнай мен газды тек пеш жағу үшін қолдану орынсыз дәл сол сияқты интерактивті тақтаны тек экран ретінде пайдалану орынсыз.

Интерактивті тақтаны пайдаланып сабақ дайындау электронды түрде материалды қалыптастыру бойынша елеулі қосымша жұмысты талап етеді. Интерактивтік тақтамен сабақ дамыту - жеткілікті уақытты қажет ететін процесс . Алайда, бұл өте бай жеміс әкеледі.

Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану әрекет және динамика құруға көмектеседі. Интерактивті тақтаны пайдалана отырып оқыту - оқытудың мүлдем жаңа әдісі , бірақ табысты сабақ негіздері бірдей. Ең бастысы оқытушы сабақты анық жоспарға және арналған құралымға сәйкес жүргізсе, белгілі бір мақсаттарға жетсе. Ал интерактивтілік - бұл қосымша құрал болып табылады , шебер пайдалану арқылы жаһандық нәтижелерге қол жеткізуге болады. [4,с.95].

Интерактивті тақталар әр түрлі бағыттар бойынша оқыту мен оқуды өзгертуі мүмкін

1. Презентациялар , демонстрациялар және модельдерді құру [4, с.12].

Интерактивті тақтамен ұштастыра отырып қажетті бағдарламалық қамтамасыз ету және ресурстарды пайдалану жаңа идеяларды түсінуді жақсартуға болады.

Интерактивті тақта бүкіл сыныпты оқыту үшін таптырмас құрал. Оқытушыға сабақты өте жанды және қызықты етіп өткізуге мүмкіндік беретін көрнекі ресурс болып табылады. Оқушылар мен оқытушылар материалды түсінікті әрі егжей-тегжейлі оқуға болатындай мультимедиалық ресурстар көмегімен ақпарат беруге мүмкіндік береді. Ол тізбектер түсініктемесін жеңілдетіп, күрделі мәселені шешуге көмектесе алады. Оқытушылар қызықты және динамикалық идеялар тұсаукесерін жасау үшін тақтаны пайдалануына болады. Тақта оқушыларға жаңа материалмен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді, сондай-ақ, бағзы идеялар мен ұғымдарды түсіндіруге мұғалімдер үшін бағалы құралы. Жаңа байланыстар орнату үшін сіз оңайлықпен тақта бетіндегі ақпаратты және нысан орындарын өзгерте аласыз. Оқытушы өзінің әр ісін дауыстап айта отырып, студенттерді ынталандырып, оларды өз идеяларын тақтаға жазуға тартуына болады.

2. Оқу үрдісіне студенттерді белсенді түрде тарту [5, с.12].

Зерттеулер, интерактивті тақталар түрлі динамикалық ресурстарды қолдану және мотивацияны жетілдіру арқылы сабақты оқушы үшін де, оқытушы үшін де қызықты ететінін дәлелдеген.

Интерактивті тақтамен дұрыс жұмыс істеу студенттердің білімін тексеру үшін мұғалімдерге көмектесе алады.

Белгілі бір идеяларды түсіндіру мақсатында оң сұрақтар қойып, талқылау туғызу арқылы студенттерге материалдарды жақсы түсінуге көмектеседі. Талқылауды басқару арқылы , оқытушы студенттерді шағын топтарда жұмыс істеуге ынталандыруына болады. Интерактивті тақта бүкіл сынып үшін назар орталығына айналады. Барлық материалдар алдын ала дайындалған және оңай қол жетімді болса , ол сабақтың жақсы қарқынын ұсынады.

3. Сабақтың қарқыны мен ағынын арттыру.

Интерактивті тақтаны пайдалану материалдарды қарапайым, бірақ шығармашылық қолдануды қамтамасыз етеді. Файл немесе беттерді алдын ала дайындап, қол жетімді басқа да ресурстарға тіркеуге болады. Оқытушылардың айтуынша, басты файл негізінде сабаққа дайындалу сабақты жоспарлауға және қолайлы ағымда өтуге көмектеседі.

Интерактивті тақтада нысандарды және жазуларды жылжыту, диаграммалар, мәтіндер мен суреттерге пікір қосу, негізгі аймақтарды ерекшелеу және түстерді қосу өте оңай. Сонымен қатар, мәтіндер, суреттер мен графикаларды жасырып, сабақтың маңызды сәтінде көрсетуге болады. Оқытушылар мен студенттер іс әрекеттердің барлығын сынып алдында, тақта бетінде жасау арқылы әркімнің назарын өздеріне тартады.

Интерактивті тақтамен болытын сабақты жоспарлауда оқытушы технологиялық операциялардың, экранға шығар ақпараттың формасы мен ұсыну ретін ойластыруы қажет [5, с.85].

Қазіргі заманғы стандартты мектеп сабағы, педагогикалық және ақпаратты технологиялық оқытуды ескере отырып, интерактивті сабақ барысы мынадай бола алады: сабақтық басына дайындық, сабақ мақсаттарын түсіндіру, жаңа тақырып немесе тапсырмаға кіріспе, сабақтың негізі болғандықтан сабақ барысында бірнеше рет қайталануы мүмкін, оқушылардың қатысуымен тақырыпты дамыту, сабақ соңында сабақ барысын және не өткендігін талқылау.
ӘДЕБИЕТТЕР

1.Саржанова А.Н., Пустовалова В.Г. Использование информационно-коммуникативных технологий в начальных классах // Начальная школа Казахстан. – 2011. - №1. – С.6-8.

2.Акпаева А.Б. Методика формирования математических понятий у младших школьников / Автореф. дис. … канд. пед. наук. – Алматы, 2000. – 26.

3.Каримова Я.Г. Инновационные методы преподавания с использованием Интерактивной доски и флипчартов как средств мотивации учащихся // Творческая педагогика. – 2011. - №3. – С. 94-99.

4.Кабулова Г.С., Ефимова И.И., Тороян С.В. Использование интерактивной доски на уроках в начальной школе // Школьные технологии . – 2011. - №9. – С.11-18.

5.Лось Т.Н. Интерактивная доска на уроках русского языка // Творческая педагогика. – 2011. - №3. – С. 85-3-93.


REFERENCES

1. Sarzhanova A. N., Pustovalova V.G. The use of information and communication technologies in primary school Primary school // Kazakhstan. - 2011. - №1. -C.6-8.

2. Akpaeva A.B. Technique of formation of mathematical concepts at younger schoolboys / Author. Dis. ... Cand. ped. Sciences. - Almaty, 2000. - 26.

3. Karimova Y.G. Innovative teaching methods with interactive whiteboard and flipcharts as a means of motivating students // creative pedagogy. - 2011. - №3. - S. 94-99.

4. Kabulova G.S., Efimov, I.I., Toroyan S.V. The use of interactive whiteboard in the classroom in an elementary school // School technology. - 2011. - №9. - S.11-18.

5. Los T.N. Whiteboard at Russian lessons // creative pedagogy. - 2011. - №3. - P. 85-3-93.

Сабраев Қ.Ж.

Электронды интерактивті тақта заманауи оқыту құралы ретінде

Түйіндеме. Мақалада интерактивті тақтаның оқу үдерісіндегі алар орны мен тиімділігі қарастырылған. Интерактивті тақтаны пайдалану оқу барысында тыңдаушының дәрісті терең ұғынуымен қатар, визуалды тұрғыда есте сақтау және өз бетімен жұмыс жасау қабілетін біршама арттырады. Бұл білім алушының оқу дағдыларын жетілдіру мен дамытуға зор мүмкіндік беретіні түсінікті. Оқытушының негізгі мақсаты сапалы білім болатын болса, интерактивті тақтаны сабақ барысында пайдалану осы сұранысты қанағаттандыратын негізгі құрал болып табылады.

Кілттік сөздер: Интерактивті тақта, ақпарат, технология, тактильді басқару, анимация.

Сабраев Қ.Ж.



Электронная интерактивная доска как современная средства обучения

Резюме. С статье рассмотривается роль и эффективность интерактивной доски в процессе обучения. В результате использования интерактивной доски слушатели не только осознают лекции, и значительно улучшается запоминание зрительном образом и способность работать самостоятельно.  Это отличная возможность улучшить и развить навыки чтения студентов. Если основной целью педагога является дать качественное образование, то использование во время урока интерактивной доски является основным инструментом для удовлетворения этого спроса.

Ключевое слова: Интерактивная доска, информации, технологий, тактильное управления, анимации.

SabraevK.J.



Electronic interactive whiteboard as a modern teaching tools

Summary.In this paperconsidered role and effectiveness of interactive whiteboard in the learning process. Using interactive whiteboard gives to students not only aware of the lecture, also significantly improves the memorizing of visual images and the ability to work independently. This is a great opportunity to improve and develop students' reading skills. If the main purpose of the teacher is to give a quality education, using interactive whiteboard during the lesson is the main tool to satisfy this demand.

Keywords: interactive whiteboard, information, technology, tactile control, animation.

Сведения об авторах



Фамилия

Сабраев













Имя

Канат













Отчество

Жакыпбаевич













Академическая степень

магистр













Место работы

Казахский государственный женский педагогический университет










Должность

Старший преподаватель кафедры «Информатика и прикладная математика»










Мобильный телефон

+77018410076













Электронный адрес

Sabraev@list.ru





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет