ҚазАқпарат



Дата10.10.2020
өлшемі33 Kb.
#64334

ҚазАқпарат. – 2013. – 04 мамыр
А. Күрішбаев елорда ардагерлерінің үйіне барып,

Жеңіс күнімен құттықтады

1/3

  Бүгін Астана қалалық мәслихатының депутаты, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры, профессор Ақылбек Күрішбаев Жеңіс күні аясында Ұлы Отан соғысына қатысқан №6 сайлау аймағында тұратын ардагерлерді үйіне барып құттықтады, деп хабарлайды аталмыш университеттің баспасөз қызметі. Біздің жарқын болашағымыз үшін жандарын шүберекке түйіп, Отан қорғағандар арамызда өте аз қалды. Олар бүгінгі өскелең ұрпақ үшін өшпес ерлік пен керемет отансүйгіштіктің қайталанбас үлгісін көрсетті.

Ақылбек Күрішбаев майдан даласындағы кескілескен ұрыстар туралы ардагерлер айтқан естеліктерді ұйып тыңдап, соғыстан кейінгі қираған халық шаруашылығын көтеруге қатысқан жанқиярлық еңбектер туралы естіп білді. Жасы 101-ге келген соғыс ардагері Родион Скок ректормен әңгіме  барысында «соңғы кездері аяғым ауырып жүргені, әйтпесе, Жеңіс күні өз аяғыммен жүріп, қыдырғанды жақсы көретін жанмын» деп ағынан жарылды. Варвара Грибнева «жасым 92-ге келді, құдайға шүкір, денсаулығым жақсы. Осылай үйге келіп құттықтаған ыстық лебіздеріңізге көп рахмет. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай» деп батасын берді. «Ардагерлердің жаны жас» -  бұл сөздер қан майданды көзімен көрген бүгінгі біздің ардагерлерге де айтылғандай. Бүгінде сіздер қоғамдық еңбектен тыс қалмай, еліміз бен елорданың өмір-тіршілігіне  белсене араласып жас ұрпаққа үлгі көрсетіп жүрсіздер», -  атап өтті қалалық мәслихат депутаты Ақылбек Күрішбаев ардагерлерге арналған сөзінде.

Қариялар кездесу сонында депутатқа алғыстарын білдіріп баталарын берді.



 
Каталог: assets -> docs
assets -> «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
assets -> Рабочая программа дисциплины дв3 История сервиса
assets -> 4. История фармации. Фармация в период Возрождения и Нового времени
docs -> 8 сынып оқушыларының Тәуелсіздік Күніне арналған кәсіби бағыт бағдар бойынша қалалық олимпиада туры №1 тапсырма
assets -> «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
docs -> Емтиханға қалай дайындалу керек? Психологиялык дайындық қандай болу керек?
docs -> Дүниеден қайту


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет