Менің арманым
Армандар орындалады,
Мақсатың айқын болса!
Барлық адам армандайды. Адамда арман көп. Сол арқылы алға ұмтылады. Менің армандарым көп. Ең алдымен отбасым аман болсын! Олар мен үшін ең жақын жандар. Екінші арманым карантин тезірек бітіп, мектебіме қайта барсам деймін. Ешкім ешқашан ауырмасын! Еліміз аман болсын! Мектебімді, ұстазым Гүлмира Маденқызын, достарымды сағындым.
Басты арманым- жақсы адам болу. Өмірде жақсы мамандық алып, отбасыма, еліме пайдам тисе деймін.
Бала көңілім бірде көкке самғап ұшатын ғарышкер болуды, бірде ел қорғаушы, кейде футболшы болғым келеді. Әзірге, арманым осы. Әрине, ол үшін сабақты жақсы оқып, ұстазымды тыңдап, мектепті жақсы бітіруім керек.
Арманым алға жетелейді. Сол үшін көп оқуым керек.
Армандар орындалады,
Мақсатың айқын болса! - деген сөзді «Бәсеке» фильмінен естіп, ойландым. Рамазан айында айтқан армандарым мен тілектерімді Алла қабыл етсе деймін!
Достарыңызбен бөлісу: |