)
АГ-ны емдеуге көмек тигізеді.
Гипертензиялық кризді емдеу
үшін ангиотензин аударушы фермент ингибиторлары
(каптоприл, т.б.), седуксен, обзидан, пирроксан, адельфан, ганглиоблокаторлар (пентамин,
арфонад), фуросемид, эуфиллин колданылады. Алайда АҚҚ деңгейі бірте-бірте төмендеуі
тиіс, оны төмендететін дәрілерді де сақтықпен, әр жолы АҚҚ мөлшерін өлшеп отырып,
беру керек, егер АҚҚ күрт төмендейтін болса, ми ишемиясы, мидағы қанайналысы
нашарлап, кенет өлу қаупі тууы мүмкін.
415
Артериялық қысымды тез төмендету ерте жастағы балаларда диастолалық қысым
95мм с.б.б. артық, ересек балаларда 110мм с.б.б. артық болса, сонымен қатар артериялық
қысымның жоғарлауы неврологиялық белгілермен немесе жүрек қызыметінің бұзылуымен
бірге жүрсе, қажет болып келеді.
Әдетте, артериялық қысымды (АҚ) қалыптастыру сатылы жүргізіледі: алғашқы 6-12
сағатта АҚ жоспарланған деңгейдің 1\3-не дейін, алғашқы тәуілік бойына жоспарланған
деңгейдің тағыда 1\3 бөлігіне, ал келесі 2-4 күнде қажетті деңгейге толық жеткізеді. АҚ
қалыптастыру
үшін
вазодиляторлар
(гидролизин,
натрий
нитропруссиді),
αадреноблокаторлар (празозин, фентоламин); βадреноблокаторлар (атенолол, эсмолол);
транквилизаторлар (седуксен), тыныштандыратын дәрілер қолданылады
(101 кесте).
101 КЕСТЕ
ІШУГЕ ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН ГИПОТЕНЗИВТІ ДӘРІЛЕР
Препараттар
Тәуліктік дозасы
Қабылдау
аралығы
Ескерту
В а з о д и л а т о р л а р
Гидралазин
(апрессин)
Миноксидил
(лонитен, регейн)
0,1- 3 мг\кг
0,2 мг\кг (максимальды
дозасы - 40мг)
4-6 сағат
12-24 сағат
-
Ауыр артериялық
гипертензияда қолда-
нылады, гирсутизм
байқалуы мүмкін
К а л ь ц и й а н т а г о н о с т е р і
Нифедипин (адалат,
коринфар)
1-1,5 мг\кг
6-8 сағат
-
АПФ ингибитолары
Каптоприл
(капотен)
Эналаприл
(ренитек, энап)
0,5 -1 мг\кг (максимальды
дозасы- 6 мг\кг)
Ересектер мен 12 жастан
асқан балалар үшін 5мг
6-8 сағат
24 сағат
Бүйрек
жетіспеушілігі,
гиперкалиемия
байқалуы мүмкін
-
βадреноблокаторлар
Пропранолол (ана-
прилин, обзидан,
индерал)
Метопролол (вазо-
кордин, корвитол)
0,5-1,0 мг\кг (максималь-
ды дозасы 2 мг\кг)
2 мг\кг
6-12 сағат
12 сағат
Бронхиальды астмада,
жүрек жетіспеушілі-
гінде тағайындалмай-
ды
-
αадреноблокаторлар
Празозин (мини-
пресс, польпрессин,
адвертузен)
25- 150 мкг\кг
6 сағат
-
Орталық әсерлі αадреностимуляторлар
Метилдофа
(альдомет, допегит,
экибар)
10- 40 мг\кг
6- 12сағат
Феохромоцитомада
және бауыр арулары-
ның өршу кезеңінде
қолдануға болмайды
Алдын алу.
Тиімді тағамдану, семіздікпен күрес, ас тұзын артық қолданбау, күн
тәртібін бұзбау, гипокинезияны, артық ми жұмысын азайту, отбасында, мектепте
тыныштықты сақтау. АҚҚ жоғарылаған балаларды кезінде емдеу, кейін диспансерлік
бақылау. Үлкендердегі гипертония ауруы, инфаркт, инсульттардың негізгі алдын-алу
416
жолы бала кезде көрінген біріншілік АГ-ны жүйелі емдеу, сауықтыру арқылы ойдағыдай
іске асады.
11.7.3. АТЕРОСКЛЕРОЗДЫҢ ПЕДИАТРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Ұзақ уақыт бойына атеросклероз педиатриялық мәселе емес деген көзқарас басым
болды. Американдық авторлардың мәліметі бойынша (1987) 5 жасқа дейінгі балалардың
17% жүрек артерияларында атеросклеротикалық өзгерістер анықталады. Сөйте тұрсада
тамыр қабырғаларына май тіндерінің тұнуының алдында байқалатын, олардың
айтарлықтай өзгерістері балалық шақта қалыптаса бастайды. Күні бүгін бұл процессті
бірнеше сатыға бөледі:
Достарыңызбен бөлісу: |