Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет297/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

БЖК ағымының ауырлық критериялары

1. Жеңіл өршу
: диарея күніне 4 ретен көп; қызба және тахикардия болмайды; анемия 
орташа; ЭТЖ 30 мм/сағаттан төмен. 
2. Орта дәрежелі өршу
– жеңіл және ауыр өршу аралық жағдайда. 


472 
3.
Ауыр өршу 
– диарея күніне 4 реттен артық, қанмен; қызба; кешкі орташа дене қызуы 
(Т>37,5
о
С): әр 2-4 күнде (Т>37,8
о
С); тахикардия айқын, ауыр анемия; ЭТЖ>30 мм/ 
сағат.
БЖК ішектік асқынулары
: пофузды қан кету, тоқ ішектің токсикалық дилатациясы 
(токсикалық мегаколон), ішек перфорациясы, жылан көз, іріңдіктер, іріңді парапроктит, 
анальдық сызаттар, ішек тарылуы (стриктурасы), малигнизация. 
Диагностикасы.
Алғашқы тексеруде міндетті түрде жүргізілу керек лабораторлық 
зерттеулер: қан және зәр жалпы анализі, калий, натрий, кальций, холестерин, жалпы 
блирубин және фракциясы, жалпы белок және фракциясы, АсАТ, АсАТ, сілтілік фосфа-
таза, С-реактивті протеин, сарысулық темір, қан тобы, резус фактор, копрограмма, нәжіс 
жасырын қанға (нәжісте қан қосындысы болмаса ), нәжісті патологиялық флораға себу. 
Қосымша лабораториялық зерттеулер (қажет болғанда): коагулограмма, гематокрит-
тік саны, ретикулоциттер, сарысу иммуноглобуллиндер, адам иммуножетіспеушілігінің 
вирусына, В және С гепатит маркелері.
Мідетті құрал-жабдықтық зерттеулер: эндоскопиялық-ректосигмоидоскопия (немесе 
фиброколоноскопия) тоқ ішектің кілегей қабатының биоптатын гистологиялық және 
цитологиялық зерттеу.
Қосымша құрал-жабдықтық зерттеулер БЖК-ның ауырлық дәрежесіне, асқынулары-
на және қосарланған аруларға байланысты жүргізіледі: рентгенологиялық зерттеулер (іш 
қуысының рентгенографиясы, ирригография, компьютерлі және магниттірезонансты 
томография), іш және кіше жамбас қуысының УДЗ, эндоскопиялық ретроградты 
холангиопанкреаграфия. 
Мамандар (хирург және басқа) кеңесі міндетті түрде жүргізіледі.
БЖК диагностикалық критериялары: 
• клиникалық ақпараттар (тоқішектік диарея); 
• эндоскопиялық белгілер (тіке ішектің және барлық тоқ ішектің зақымдалуы:
кілегей қабатының тамырлық суретінің болмауы; қатынастық жоғары қанкетушілік; 
кілегей қабатының жаралық және эрозиялық ақаудың болуы диагнозды дәлелдей алады, 
бірақ міндетті емес); 
• гистологиялық белгілер (лимфоплазмоклеткалық инфильтрация; крипттердің 
архитек-тоникасының бұзылуы; бокалтәріздес жасушалардың саны азаюы; тоқ ішектің 
кілегей қабатының гранулемасыз, үзіліссіз сипатты қабыну); 
• рентгенологиялық белгілер (тоқ ішектің гаустрияларының азаюы; ішек контурында 
ниша (ойық) мен толу ақаулары; ішектің қысқаруы; тоқ ішектің саңалауының тарылуы). 
БЖК ажырату диагнозын жүргіузеді: 
• Крон ауруымен; 
• бактериялармен, вирустармен, қарапайымдылармен, саңырауқұлақтармен шақы-
рылған инфекциялық энтероколиттермен; 
• антибиотикассоцияланған және псевдомемранозды колиттермен; 
• дәрілердің әсерінен пайда болған энтероколиттермен; 
• сәулелік энтериттермен; 
лимфоцитарлық колиттермен
• эозинофильді энтероколиттермен; 
• ішектің шет қалған бөлігінің (диверсиялық колит) қабынуы; 
• жүйелі васкулитпен; 
• Уипл аурумен.
Крон ауруы – жиі рецедивті созылмалы ағымы бар ішек-қарын жолдарының 
грануломатозды зақымдалуы. Ауру көбіне мықын ішегінің соқыр және мықын ішектің
шеткі бөлігін зақымдайды, бірақ тоқ ішектің, аш шектің сол жақ бөліктеріде, тіптен 
өңештің, асқазанның және он екі сақиналы ішектіңде зақымдалуы мүмкін. Крон ауруының 
клиникалық көрінісінде БЖК ұқсастығы көп (диарея, мелена, салмағының азаюы, өсуінің 


473 
тоқтауы), бірақ ауру одан енжарлау және торпидті дамиды, қан кету көп уақыт бойына 
жасырын дамуы мүмкін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет