Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет309/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

инфекциялық-аллергиялық себептен пайда болатын қабынуы.
ГН-балалардағы жүре пайда 
болған бүйрек ауруларының ауыр түрінің бірі, бұнда организмдегі көптеген мүшелерде, 
жүйелерде және зат алмасудың барлық түрлерінде ауытқулар пайда болады. ГН өте кең 
тараған науқас. Ол адам жасына, жынысына, тұрмыс жағдайына, сонымен қатар, жыл 
кезінде климатқа, организмнің әртүрлі ауруларға «бейімділігіне» (сенсибилизация) де 


491 
байланысты. Мысалы: ауруханаға түскен 2-3 жастан жоғары балалардың 2-3% осы 
аурумен ауырған. Бұл аурулармен әсіресе 7-12 жастағы балалар жиі ауырады. 
Жедел ГН-тің дамуына, әсіресе стрептококкті жұқпалы аурулар жиі себепші болады.
Балаларда ГН-тің дамуына әсер етуші бактериальды емес факторларға «организмге 
суық тию» жатады. Егер бір рет балаға қатты салқын тисе, ертеңіне-ақ бала қатты 
ауырады. Суықтың ауруға себепші екені анық. Мысалы: Жедел ГН – қыста, ерте көктемде, 
жазда жедел күн суытқанда және күздің басында жиі кездеседі. Салқын тікелей бүйрек 
ауруына әкелмеуі мүмкін, бірақ, организм бейімделген болса, патологиялық механизмнің 
тез дамуына өз себебін тигізеді. Сонымен қатар, ЖГН-тің дамуына бүйрек тұсының 
немесе іштің жарақаты, дәрілерді «көтере» алмау, рентген сәулелерімен сәулелену 
себепші болуы мүмкін.
Соңғы жылдары ГН-тің негізінде гипериммундық өзгерістер (инфекциялық 
аллергиялық) жатады деп жүр, бірақ, бұл тек стрептококкті инфекция тұрғысынан ғана 
қарағанда, дұрыс болып есептелінеді. Ал, басқа тұрғыдан қарағанда, патологияның дамуы 
үшін иммунологиялық механизмнің маңызы зор.
Қазіргі уақытта қандағы иммунокомплекстің (ИК) шумақ капилярларының базальды 
мембранасына жабысып немесе өзінің базальды мембранасына АД (антидене) пайда болу 
арқылы зақымдалуына байланысты ГН-ті екі түрге бөледі. 
Иммунитетінің жоғарғы белсенді гуморалдық звеносы клетка звеносының (Т-
супрессорлар) және микро-макрофагтар қызметінің жетіспеушілігімен сәйкес келуі 
мүмкін. Себебі Т-супрессор әлсірегенде иммунокомплекстің түзілу мүмкіндігі артады.
ИК – организмде қалыпты жағдайда да түзіледі, бірақ клеткалық және гуморальдық 
иммунитет қалыпта болғанда уақытында шығарылып /элиминацияланып/, организмде 
патологиялық ауытқулар дамымайды. 
ЖГН-ін ісіну патогенезіндегі маңызды жағдайлар: 
• Қанда немесе бүйректе иммунды кешендердің пайда болуы. Антигендер болып 
стрептококктық дезоксирибонуклеаза В, стрептолизин О, антигиалуронидаза 
есептеледі. Иммундық сүзгіш капиллярларының базальды мембранасына жабысып, 
оларды зақымдап, қан компоненттеріне өткізгіштігін артырады. Олар иммундық 
кешендермен активтелінгеннен кейін: 
- хемотокискалық активтілігі пайда болып, зақымдалған ошаққа нейтрофильдерді 
жинайды; 
- Хагеман факторының активтелінуі, тромбоциттердің агрегациясына, қан ұюының 
артуына және шумақтардың капиллярларына фибриннің тұнуына ықпал етеді.
• полинуклеарлар лизосомынан түзілген энзимдермен шумақтың базальды мембранасы-
ның эндотелиялық жабындысы зақымдалады. 
• Тұқымқуалаушылыққа бейімділіктіңде маңызы бар. Балаларда жиі HLA B12, DRw6, 
DRw4 антиденелер анықталады.
Гломерулонефриттің 
клиникалық жіктелісі
125 кестеде
берілген. 
125 КЕСТЕ 
БАЛАЛАР ПОСТСТРЕПТОКОККТІ ГЛОМЕРУЛОНЕФРИТТІҢ ЖІКТЕЛІСІ 
ГН-нің түрі 
Бүйректегі процесстің 
активтілігі 
Бүйрек қызметі 


492 
1. Жедел ГН 
2. Созылмалы
гломерулонефрит 
3.Жеделдеу /қатерлі/
гломерулонефрит 
1. Белгілерінің алғашқы біліну 
кезеңі 
2. Кері даму кезеңі 
3. Созылмалы гломерулонефритке
айналуы 
1. Өршу кезеңі 
2.Жартылай сауығу /ремиссия/
кезеңі 
3. Толық клиникалық-
лабораториялық сауығу кезеңі 
1. Бүйрек қызметі сақталған 
2. Бүйрек қызметі бұзылған 
3. Жедел бүйрек
жарамсыздығы. 
1. Бүйрек қызметі бұзылған 
2. Бүйрек қызметі бұзылған 
3. Созылмалы бүйрек
жарамсыздығы 
1. Бүйрек қызметі бұзылған 
2. Созылмалы бүйрек
жарамсыздығы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет