93
қышқыл газы молекулалары өтеді. Олар капиллярлар эндотелийі арқылы қан плазмасына
кіреді және гемоглобинде бекіп орналасады. Бұл процесстердің құрылымы аэрогематика-
лық барьер (ауа-қан кедергісі) болып есептелінеді. Ол өкпенің үлкен көлемін алып жатады
да, газдың организмге қажетті мөлшерде сіңірілуін қамтамасыз етеді.
Ауа-қан кедергісі келесі компоненттерден тұрады
(51- сурет).
Газ алмасу – альвеола-
капилляр мембранасы (жарғағы) арқылы газдың жай диффузиясымен (сіңірілуі) жүреді де,
жұтылған ауа (атмосфералық) және өкпеге оң қарыншадан өкпе артериясы арқылы келетін
веналық қандағы оттегі қысымына байланысты болып келеді.
51 сурет. Өкпе аэрогенетикалық кедергісінің (баръерінің) компонеттері:
АС - альвеола саңалауы; А
1
- 1-ші типті альвеолоциттердің цитоплазматикалық
өсіндісі; И - интерстиций; ЭК - эндотелиальдық клетка;КС - қан капиллярының
саңалауы; Э - эритроцит бөлігі.
I. Ең бірінші және өте маңызды физиологиялық ерекшелік болып беткі тыныс, яғни
тайыздығы, есептелінеді, үлкен кісілермен салыстырғанда балалардың тыныс алуы
тереңдігі 8-10 есе төмен.
Достарыңызбен бөлісу: