612
Денсаулық қорғау тәжірибесінде қазір жаппай скрининг – (елеу, сорттау, бөлектеу)
диагноз қою тәсілдері қолданылады. Негізінен генетикалық бұзылыстардың 2 класын
анықтау және алдын алу үшін: заттек алмасу бұзылыстары және хромосомдық ауытқулар.
Нәрестелер үшін – аминоацидопатиялар, галактоземия, гипотиреоз, муковисцидоз, α,-
антитрипсин кемістігі; кейбір нәсіл мен халық топтары арасында – Тей-Сакс, орақ кейіпті
жасушалы анемия, талассемия генінің гетерозиготты тасымадцаушыларын анықтау үшін;
Бұдан өзге, отбасылық гиперлипопротеинемия, аденозиндезаминаза кемістігі, адреналдық
гипоплазия және басқа тұқым қуалайтын ауруларды атауға болады.
Соңғы кезде тұқым қуалайтын кеселдерді емдеудің тұрлі жолдары (гендік ем)
қарастырылуда: моноклональды антиденелер, цитокиндер, антисенсолигонуклеотидтер,
ген-бағытты векторлар және гені қайта құрастырылған жасушалар. Бірақ клиникалық
сынақтар әзірше күткен нәтижеге жеткен жоқ: адам жаратылысы биохимия және
физиологиялық ең жақсы экспериментальдық модельдерден өзгеше.
18. ИММУНДЫТАПШЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР
Достарыңызбен бөлісу: