Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет435/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

(123 сурет)
. Бірінші 
аптаның соңында түлейді. Инфекцияның гематогенді тарауына байланысты пневмония, 
миокардит, зндокардит, остеомиелит, нефрит дамуы мүмкін.
123 сурет
. Жәншауда бөртпелердің орналасуы (Аурудың 1-2 күні). 
 Жәншаудағы ақшыл ауыз-мұрын ұшбұрышы. 
Науқасқа бір қарағанда, терінің бәрі қызарып кеткендей болады. Дегенмен, дұрыс 
көңіл аударып қарағанда, кішкене нүкте тәріздес ұсақ дақтардың қоюланып, жиналғаны 
екені анықталады. Бұл кішкене дақтар айқын қызғылт немесе қызыл түсті болады. 
Сонымен қатар, оның ортасы қою боялған болса, шетіне қарай солғындай түседі. Кейбір 
жерерде (іштің төмен жағында, шапта, құйрықтарында, қол-аяғының артқы бетінде) ерек-
ше қоюланып, элементтер толық қосылып, тұтас эритема тәрізді болып кетеді. Саусақпен 
басқанда, бөртпе бозарып түрін өзгередіде, саусақты тартып алғанда бұрынғы түсіне, қал-


650 
пына келеді. Жәншаудың ауыр түрлерінде, терідегі тамырлардың тонусының төмендеуіне 
байланысты саусақпен басқан жерлерде гиперемияның әлсіз, жәй қалыптасуы байқалады. 
Сипағанда, терінің құрғақтығы байқалады. Саусақтармен сипағанда, кейде тері 
айтарлықтай тегіс болып келеді: бөртпелер терінің үстіне шығып тұрмайды. Дегенмен, 
жиірек аурудың айқындалу кезінде, әсіресе бөртпе айқын көп болғанда кедір-бұдыр болып 
келеді. Ол негізінен бөртпелердің папула тәріздес болуына байланысты. Бұндай жағдай 
көбіне аяқ-қолдардың жазғыш беттерінде орналасады; бұл жерлерде бөртпелер ұсақ тығыз 
түйін сипатын алады.
Науқастың бет пішінінің осы ауруға тән көрінісі бар: маңдайында, самайында 
қызғылт ұсақнүктелі бөртпе байқалады; бет ұшының терісі, буындардың артқы бүгілетін 
бетіндегі терілерде (шынтақ, тізе асты және қолтық асты) өте ұсақ нүкте тәріздес 
геморрагиялар байқалады 
(124, 125, 126 суреттер).
Кейде, әсіресе айқын бөртпелер 
байқалғанда, әжеп-тәуірдей тығыз болады, ал бөртпелер сирек болғанда, бірең-сараң 
геморрагиялар байқалады.
Жәншаулық бөртпелер, әсіресе көп болғанда, қышиды. Сондықтан, көп жағдайда 
науқастың терісінде қасыған іздер жиі байқалады. Кейде бөртпенің шығуының өзіндік 
ерекшеліктері болады. Бөртпелердің 3-4-ші күнде байқалуы мүмкін, кейде тіптен 
бөртпелердің болмауы мүмкін («бөртпесіз жәншау»). 
124 сурет
. Жәншау: сан және балтырдың артқы бетінде орналасқан бөртпелер 
Кейде экзантема милиарлы (тары тәрізді) бөртпелер сипатын алуы мүмкін: негізінен 
кеудеде, іште, мойнында, сандардың іш жағында мөлдір ұсақ, сиректеу қуысында лай 
сұйықтық бар көп көпіршектер байқалады. Бұл көбікшелер қисық жазықтықтан жарық 
түскенде жақсы көрінеді. Басқа, сиректеу кездесетін бөртпе түрі – scarlatina variegate. 
Бұнда қызамыққа тән ұсақнүктелі бөртпелермен қатар дұрыс емес түрлі және әртүрлі мөл-
шерлі (ірі бұршақ көлеміндей және оданда үлкен) дақ тәріздес элементер пайда болады. 
Кейде олар дақты-папулалы сипат алып, терінің бетінен шығып тұрады. 


651 
125 сурет
. Жәншау: Қолтық қуысында қою оналасқан бөртпелер және геморрагия. 
 
Жәншаудың жеңіл түрлерінде 2-4 күн тұрады, ауыр түрлерінде 6-8 күнге созылады. 
Ал, өте жеңіл түрлерінде бір күннен кейін-ақ жойылып кетеді. Бөртпелердің жойылуы 
біртіндеп жүреді: алғашқыда ашықтығы азайып, қоңыр түстенеді. 
126 сурет.
 Шап ұшбұрышында орналасқан
127 сурет
. Жәншауда терінің пластинка
ұсақнүкте тәріздес бөртпе түрінде түлеуі 
Бөртпе жойылғаннан кейін терінің беті аздап пигментацияланып, ластанған сияқта-
нады. Қызамықтық түлеу паракератоз нәтижесінде жүреді – эксудатпен ылғалданған (эк-
судатты сорып алған) эпидермистің дұрыс мүйізденбеуі. Түлеу бірінші аптаның соңын-да, 
екінші аптаның басында басталады. Өте бозғылт, шамалы білінетін бөртпелер байқал-ған 
қызамықта түлеу кештеу жүреді және өте аз болады. Кейде тіптен байқалмауыда мүмкін.
Жәншауда байқалатын түлеу паракератоз деп аталатын экссудатпен ылғалданған 
терінің эпидермисінің дұрыс мүйізденбеу нәтижесі болып есептеледі. Ол бірінші аптаның 
аяғында, екінші аптаның басында басталады. Бөртпе неғұрлым айқын болса, солғұрлым 


652 
түлеу кеш қалады. Қол мен аяқ басында артқы бетінде және қырларында немесе 
саусақтың соңғы, тырнақтан бос шетінде байқалады 
(127 сурет).
Жәншауда тілдің өзінді түсі тән болып келеді: Науқастың басында тіл жамылғымен 
жабылған болып келеді. 2-3 күннен бастап жамылғыдан тазара бастайдыда 4-5 күнге 
таман толық тазарып, «таңқурай тіл» сипатын қабылдайды: түсі таңқурай түстеніп, айқын 
қызыл таңқурай түсіне енеді, ісініп, тілдің бетіне шығып тұрған бүртікті қабаты таңқурай 
жидегі тәрізденеді 
(122 сурет). 
 Лабораториялық көрсеткіштер
. Қанның клиникалық анализі: орташа немесе айқын 
лейкоцитоз, солға ығысқан нейтрофилез, ЭТЖ жоғары. Науқастың аранынан 
гемолитикалық стафилакоккқа және BL (Леффлер таяқшасына) жұғынды алады.
 Ауруханаға салу көрсеткіштері:
жәншауға шалдыққан барлық науқастар ауруха-
наға жатқызылу керек, себебі ауруханада емделген балалар асқынулар сирек кездеседі. 
ЕМІ.
7 күн бойына төсектік режим сақталады. 
Емдәм:
3-4 аптаға ас тұзы, қоздыратын және экстрактивті заттар шектеледі. Гигиена 
сақтап, ауыз қуысын дұрыс күту (фурацилин ертіндісімен, шөптің антисептикалық 
қайнатпаларымен ауыз шаю) қажет. 
 Антибактериальды ем.
10 күн бойына Бензилпенициллин, аминпенициллиндер 
немесе цефалоспориндердің бірінші ұрпақтарының өкілдері беріледі. Жоғары сезімталдық 
байқалса, эритромицин немесе сумамедпен ауыстырылады. Белгілеріне және патогенезіне 
сәйкес ем қажеттілігіне байланыты жүргізіледі. 
Сауығу көрсеткіштері
: 10жастан асқан балалардың сауығуы 10 күннен кейін тиісті 
тексерулердің нәтижелеріне сұйене отырып анықталады. Балалар мекемелеріне аурудың 
басталуынан бастап есептеліп 22 күннен кейін ғана жіберіледі. Қатынаста болған 10 жасқа 
дейінгі балалар аурухнада емделсе – 7 күнге, үйде емделсе – 17 күнге оңашаланады. 
Жәншаумен ауырған, науқаспен қатынаста болған балаларда, фарингит, ангина, теріде 
бөртпелер (терінің бөртпеленуі, пиодермия, импетиго) байқалса, олар осы аурудың 
аналогы деп еспетелінеді. Ыдыстарды, ойыншықтарды, күту құралдарын, киімдерін 
дезинфекциялау, баланың оңашалау кезеңінің барлық кезінде жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет