Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет440/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   436   437   438   439   440   441   442   443   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Стоматологтар назарына.
Стоматологтың көмегіне әртүрлі арнаулы емес және арнаулы 
вирусты , бактериальды сиалдениттерде (патортиттерде) сілекей бездері аймағы 
өзгергенде жүгінеді. Ажырату диагнозын жүргізгенде эпидемиялық жағдай, эпидпароитте 
аурудың шұғыл басталуы, көбіне екі жағыда зақымдалуы ескеріледі, парехиматозды 
мүшелер процесске тартылуы мүмкін. Іріңді паротиттпен салыстырғанда эпидпаторитте 
жедел ауырсыну, без аймағындағы терінің қызаруы, флюктуация, жергілікті 
температураның өзгеруі сияқты қабынудың классикалық көріністері байқалмайды. 
Калькулезді сиалденитке жақасты сілекей бізінің зақымдалуы тән болып келеді.
Созылмалы паренхиматозды сиалдениттің өршуіне ащы дәмі бар сілекейдің ағуы, оның 
құрамында кілегейдің, мақта жібі тәріздес қоспаның болуы тән. Эпидемиялық паротитте 
стоматолог ата-анасының көңілдерін ауыз қуысын дұрыс күтуге аудару керек: сусынды 
көп ішу, ауыз қуысын қыпты гигиенасы, зақымдалған бездер тұсына құрғақ жылылық 
басу.
20.7. ИНФЕКЦИЯЛЫҚ МОНОНУКЛЕОЗ 
Қоздырғышы – Herpesviridae ұрпағының Эпстайн-Барр ДНК-вирусы: сыртқы 
ортаға салыстырмалы түрде берік. 
Эпидемиологиясы.
Инфекция ошағы:
науқастар мен вирусты тасымалдаушылар. 
Тарау жолы:
негізінен ауа-тамшы жолы, су-тағамдық, қатынастық-отбасылық, қан 
құйғанда, мүшелер трансплантациясын жасағанда да берілуі мүмкін. Аурудың даму 
мүмкіндігі жоғары. Бірақ инфекция жиі жасырын және белгісіз түрлерінде байқалатын 
болғандықтан көбіне анықталмайды. Көбіне бір жасқа дейінгі балалар және жас ересек 
адамдар 
отбасылық 
қатынастан 
ауырады. 
Иммунитеті 
тұрақты. 
Науқастың 
айналасындағыларға жұқтыру мүмкіндігінің ұзақтығы анықталмаған. Науқас адам 
шығаратын ауамен бірге вирусты бірнеше ай бойы шығара алады деп есептеледі.
Патогенезі.
Вирус адам организміне мұрынжұтқыншақ кілегей қабаты арқылы енеді. 
Оның лимфоидты жүйеге тропизмі бар, лимфоциттерде бекітіледі. Вирус лимфа 
түйіндеріне, бауырға, талаққа лимфогенді, гемотогенді жолмен еніп, бұл мүшелерде 
гиперплазия процессі дамиды (полиаденит, гепатолиенальды синдром). Қанға түскен, 
тіндік мононуклеарлар өзіндік гематологиялық көрініс береді. Бактериялық инфекция 
(стафилококк, стрептококк) қосарлануы мүмкін.
Жіктелісі.
Түрі бойынша: 
типті және типті емес
(бір немесе бірнеше белгілерінің 
болмауы, сарғыш түрі). 
Ауырлық дәрежесі бойынша
: жеңіл, орташа ауыр дәрежелі, ауыр. 
Ағымының ұзақтығы бойынша
: жедел, жеделдеу, созылмалы. 
Ағымының сипаты бойынша
: тегіс 
немесе
асқынуымен – арнайы 
(гепатит, 
энцефалит, талақтың жарылуы, бет нервінің салдануы) және
 арнайы емес 
(бактериальдық 
инфекцияның қосарлануы

Клиникалық көрінісі.
Аурудың ағымы айтарлықтай өзгерімпаз болып келеді: шама-
лы білінетін түрлерінен менингоэнцефалит, гепатит, агранулоцитоз, тромбоцитопения, 
гемолитикалық анемия, орхит, миокардит, талақтың жарылуы байқалуы мүмкін ауыр түр-
леріне дейін. Инкубаиялық кезең 5 күннен 2 айға (әдетте 2-3 аптаға), бастапқы кезең 5 


661 
күнге дейін, айқын кезеңі 7 күнге, кері даму кезеңі 7 күнге созылады, ал реконвалесценсия 
кезеңі жеке шешіледі.
Ару жалпы интоксикация синдромынан (әлсіздік, дене қызуынылық ем бактериялық 
асқынулардан субфибрильді көрсеткіштерден жоғары деңгейге дейін көтерілуі) және жо-
ғары тыныс жолдарының катарльды синдромынан (тамағының ауруы, мұрынмен тыныс 
алдуың ауырлауы, бетінің жоғары бөлігінің және қасының ісінуі) басталады. Жиі, мойын 
лимфатүйіндерінің ұлғаюымен, бадамша бездерінде жабынды байқалып, мұрынмен тыныс 
алу қиындап, дене қызуының 38-40
о
көтерілуімен білінеді. Науқастардың бауыры мен 
талағының ұлғаюы (гепатолиенальды синдром), шеткі қанда типті емес мононуклеарлар 
анықталады. Лимфатүйіндерінің басқа топтарының ұлғаюы 10-30 мм-ге болады. 
Полиадения аурудың өзіне тән белгісі болып келеді. Экзентема арудың ағымының үшінші, 
бесінші күндері пайда болады. Олар макулопапулезді, розеолезді петехиальды сипатты 
болады. Ампициллин қабылдап жатқанда экзантеманың пайда болуы тән болып келеді.
Гемограммада лейкоцитоз, кеңплазмалы лимфоциттер, лимфомоноцитоз, типті емес 
мононуклеарлар (10% -дан артық).
Арнайы 
серологиялық реакциялар
: Гофф-Бауэр, Пауль-Буннель. Полимеразды 
тізбектік реакция вирусты анықтайды. Арнайы иммуноглобулиндердің М классын 
зерттеу. 7 күнде 1 рет қан трансаминазаларын, билирубинді тексереді.
Ажырату диагнозы. 
ЖРВИ, ангинамен, дифтериямен, эпидемиялық паротитпен, 
псевдотуберкулезбен, гепатитпен, қызылшамен, қызамықпен, АИТВ-вирусымен, 
лимфогранулематозбен, лейкозбен жүргізу керек.
Үйде емдеу. 
Төсектік режим қызба байқалатын кезеңде түгел сақталады. 
Емдәм 
аяушылықпен, жылы сусынды көп мөлшерде ішу. 
Антибактериялық ем
бактериялық 
асқынулар байқалғанда жүргізіледі, сонымен қатар ангина анаэробтармен шақырылуы 
мүмкін екенін ойлау керек. Ампициллин тағайындалмайды, себебі экзантема пайда болу 
қаупі туады. Ауыр жағдайларда кортикостреоидтар (1 мг/кг /тәул.) тағайындалады.
Белгілеріне сай ем. Ауыз қуыс гигиенасы. 
Асқынған ауыр және орташа ауыр түрлерінде ауруханаға жатқызу керек. 
Эпидемияға қарсы шаралар.
Науқасты 3-4 аптаға оқшаулау. Қатынаста болғандарға 
карантин салынбайды. Ылғалды тазалау жасалады. Науқасқа бөлек ыдыстар және күтім 
заттары беріледі. 
Дезинфекция
жүргізілмейді. 
Сауығу критериялары
. Дене қызуының тұрақты қалыптасуы, мұрынжұтқыншақта
қабыну процессінің жойылуы, лимфа түйіндерінің, бауыр және талақтың кішіреюі, 
трансаминазаның қалыптасуы аурудың басталуынан 3-4 аптадан кейін байқалады.
Диспансерлік бақылау.
6 ай бойына жүргізіледі. Қайталап қан анализдері жасалады. 
Алдын ала
егу бір жыл бойына жасалмайды. Күн көзінде ұзақ болмаған жөн. 
Вакцинация
жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   436   437   438   439   440   441   442   443   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет