Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет489/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   485   486   487   488   489   490   491   492   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Ларингоспазм
Ларингоспазм – айқын спазмофилияның түрі. Спазмофилия – көбінесе ерте жастағы 
балаларда кездесетін, ағзада кальций деңгейінің төмендеуіне байланысты дамитын, 
жоғары нерв-бұлшықеттік қозғыштықпен, құрсауға бейімділікпен білінетін ауру. 
Ларингоспазм – дыбыс саңылауының тарылуы. Көбінесе, бала қорыққанда
жылағанда, айқалағанда дамиды. Шулы немесе қарлыққан тыныс алумен және тыныстың 
бірнеше секундқа тоқтауымен көрініс береді. Осы кезде бала бозғылттанып, кейін цианоз 
пайда болады, есінен танады. Ұстама терең шулы тыныспен аяқталады, әдетте осыдан 
кейін бала жылайды, бірақ бірнеше минуттан кейін өз-өзіне келіп, жиі ұйықтап қалады. 
Ауыр жағдайларда жүректің кенеттен тоқтауынан бала өліп кетуі мүмкін. 
 
Ларингоспазм кезіндегі шұғыл көмек. 
Сатылары 
Негіздеу 
Мөлшері 
1. Баланы тегіс қатты жерге жатқызу 
- Жүрегі тоқтап қалып
Реанимациялық шаралар-
ды қажет етеуі мүмкін 
2. Денені қысып тұрған киімдерден босату - Өкпенің экскурсиясын 
жеңілдетеді 
3. Таза ауаның келуін қамтамасыз ету 
- Оттегінің жетіспеушілігі
дамиды 
4. Тыныштық жағдайын ұйымдастыру 
- Сәл ғана тітіргендіргіш-
тің өзі ұстаманың қайтала-
нуына себеп болуы мүмкін 
5. Баланың бетіне және денесіне салқын су 
шашу немесе мұрынның кілегей қабығын 
тітіркендіру (мақтамен қыдықтау, мұрынға 
үру, мүсәтір спирттін иіскету мен тілдің 
түбірін басу) 
- Спазмды рефлекторлы 
жою 
6. Көктамырға міндетті түрде кальций 
глюконатын енгізу 
- Спазмофилияның себебі 
– гипокальциемия 
1,0 мл/ 
жасына 
7. Нәтиже болмаған жағдайда интуба ция 
немесе трахеостомия жасау 
- Тыныс алу жолдарының 
өткізгіштігі қамтамасыз 
етіледі 
8. Жүрек тоқтаған кезде, жүрекке массаж 
жасау 
- Реанимациялық шара 
9. Тынысты қалпына келтіргеннен кейін 
оттегі терпиясын жүргізу 
- ларингоспазм салдары-
нан гипоксия дамиды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   485   486   487   488   489   490   491   492   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет