Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет64/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Перкуссия.
Іш қуысында бос сұйықтық пайда болғанда (асцит) перкуссияны 
баланың әртүрлі қалпында (шалқасынан, қырынан жатқанда, түргеліп тұрғанда, әртүрлі 
қалпында) жүргізу керек. Ал, іш қуысында сұйықтық аз жиналған болса, баланы төрт 
тағандап қойып, перкуссиялау керек. Шалқасынан жатқан кезде кіндік тұсынан 
бүйірлеріне қарай перкуссиялайды. Егер іш қуысында сұйық жиналған болса, тұйық 
дыбыс естіледі. Содан соң баланы қырынан жатқызғанда сұйықтық төмен жылжиды дағы 
жоғары бетіне тимпаникалық дыбыс естіледі. Баланы тікесінен тұрғызып перкуссиялау 
жоғарыдан төмен қарай іштің ортаңғы сызығының бойымен жүргізіледі. Алдын ала 
қуықты босатып алу керек. Іш шемені пайда болғанда, іш қуысынын төменгі жағында 
тұйық дыбыс естіледі. 
Бауыр мөлшерін анықтау үшін Курлов М. Г. әдісі қолданылады. Бұл әдіс 7 жастан 
бастап қолданылады және үш мөлшер анықталады 
(82 сурет). 
Бауырдың жоғарғы 
шекарасы, өкпенің төменгі шекарасына сәйкес келеді. Орта бұғана сызығы бойымен, 
тыныш перкуссиямен, бауырдын жоғарғы тұйықтылығы анықталады. Ол қалыпты 
жағдайда IV қабырғада орналасады. Осы жерге бірінші нүкте қойылады
 (82 сурет). 
Содан 
кейін осы сызық бойымен, кіндік деңгейінен бастап, төменнен жоғары 
(83 сурет), 
айкын 
дыбыстан тұйық дыбысқа қарай, айқын тұйық дыбыс пайда болғанша перкуссия жасайды. 
Осы жерде екінші нүкте белгіленеді. 1-2 нүктенің арасы 
(82 сурет) 
бірінші мөлшер, яғни 
бауырдың оң бөлігінің мөлшері. Қалыпты жағдайда 9 см. Үшінші нүкте ортанғы сызық 
бойына семсер тәрізді өсіндінің негізіне қойылады. Содан кейін кіндіктен бастап, ортаңғы 
сызық бойынша тұйық дыбыс пайда болғанша перкуссия жасайды. 
Осы жерге төртінше нүкте қойылады. 3 және 4 нүктелер арасы бауырдың ортаңғы 
бөлігінің мөлшерін сипаттайды. Бұл екінші мөлшер қалыпты жағдайда 8 см болады.
Үшінші нүктеден бастап сол қабырға доғасы бойынша тимпаникалық дыбыс пайда 
болғанша, перкуссия жасалады. Бұл 3 және 5 нүкте аралағы үшінші мөлшер, бауырдың
сол бөлігінің ұзындығын көрсетеді (7см). 
Әдетте, Курлов тәсілі бойынша бауырдың мөлшерін анықтау тек қана ересек 
балаларда (5-7 жастан үлкен) мүмкін болғандықтан, орта бұғана сызығы, төс маңындағы 
және орта сызығы бойынша жоғарғы және төмен шектерінің ара қашықтығын анықтау 
маңызды болып келеді. 
Бұнда бауырдың жоғарғы шегі оң жақ өкпесінің төменгі шегіне сәйкес келеді. Ал, 
бауырдың төменгі шегі жоғарғы көрсетілген сызықтар бойымен төменнен жоғары қарай 
анықталады. Бұл тәсіл бауыр мөлшерінің әртүрлі ауруларында тез өзгеріп тұруын ұқыпты 
қадағалауға өз әсерін тигізеді. 


127 
82 сурет.
 Курлов бойынша 7 жастан асқан 
балаларда бауырдың мөлшерлерін анықтау. 
1-2 — оң бұғана ортасы сызығы бойынша, 
3-4 — ортаңғы сызық бойынша, 
3-5 — сол қабырға доғасы бойынша 
Іш қуысындағы бос сұйықтықты анықтау флюктуация әдісімен жүргізіледі. Ол үшін 
сол қолының алақанын іштің бүйір жағынан тығыздап қойып, екінші жағынан оң 
қолының саусақтарымен қысқа жеңіл соққылар береді. Соққының әсерінен пайда болған 
сұйықтық толқындары сол қолға тиіп, соққы түрінде қабылданады. Бұндай көрініс іштің 
қабырғасының немесе ішек ішіндегі сұйықтықтың қозғалуына байланысты болуы мүмкін. 
Оны айыру үшін келесі бір адамның (көмекші адамның) қолын қырынан іштің ортасына 
қойып, іштің қабырғасының тоқтатып, сұйықтықтың толқынының ғана өтуіне мүмкіндік 
жасайды. 
Гепатит, цирроз, бауыр эхинококкі, амилоидоз, гепатоз және жүректің оң жақ қарын-
шасының жарамсыздығы, басқа да көптеген балалардың арасында жиі кездесетін жұқпалы 
аурулар бауырдың үлкеюіне себеп болады. Бауырдың жедел дистрофиясында, вирусты 
гепатитте бауыр кішірейіп кетеді. Циррозда бауыр шеті тығыз, үсті бұдыр болады. 
Лейкозда, лимфогранулематозда, ауытқулы фиброхолангиокистозда бауыр тығыз болады. 
Жүрек жарамсыздығында, гепатитте, холангитте, холесцистохолангитте бауырдың үсті 
тегіс, консистенциясы жұмсақ, шеткі дөңгеленіп келеді де, пальпациялағанда қатты 
ауырады. 
Сарғаю – тері мен кілегей қабықтарының түсінің сарғаюы. 
Сарғаюдың 3 түрі болады: паренхиматоздық, механикалық, гемолитикалық. 
Паренхиматоздық сарғаю. Бауыр клеткалары зақымдалғанда, яғни вирусты 
токсикалық гепатит, бауыр циррозы, сепсис ауруларында пайда болады. Баланың терісі, 
кілегей қабықтары сарғайып, лимон тәрізді немесе қызғылт түсті болады. Нәжісі ағарып, 
зәрі қара-қоңыр түстенеді. Паренхиматозды сарғаюда, қанда байланыспаған билирубиннің 
есебінен, жалпы билирубин көбейеді. Зәрдегі уробилиннің мөлшері көбейіп, нәжістегі 
стеркобилин азаяды. 
Механикалық сарғаю — өт жолдары ісікпен немесе үлкейген лимфа түйіндерімен 
басылып қалғанда, өт жолдарының атрезиясында өт жолдарында ұсақ тастар қалғанда, өт 
қабы қабынғанда байқалады. Қанда байланысқан билирубин көбейеді. Несепте 
байланысқан билирубин пайда болады да, уробилин болмайды, нәжісте стеркобилин 
болмайды, не өте аз болады. 
Гемолитикалық сарғаюдың себептері. Гемолитикалық анемия, іштен туа біткен 
гемолитикалық ауру, гемолизге әкеліп соқтыратын улармен улану. Қанда бос фракциясы 
көбейген гипербилирубинемия байқалады да, несепте уробилин мөлшері көбейеді. 
83 сурет. 
Бауырдың төменгі
шекарасын анықтағанда
плессиметр-саусақтың орналасу 
қалпы және оның жүру бағыты


128 
Нәжісте стеркобилин көп болғандықтан, оның түсі қара қоңырланады және 
гепатоспленомегалия пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет