124
жағдайын, бауыр мен талақтың шектен тыс үлкен болуын анықтауға болады. Іштің
алдыңғы қабырғасының бұлшық еттерінің тартылуы (кернеуі) «іш бүлгінің» негізгі белгісі
болып есептелінеді.
«Іш бүлігі» іш қуысындағы мүшелермен, іш пердесінің артындағы мүшелердің
қабынуының белгілерінің жиынтығы.
3.
Беткі пальпацияны бітіргеннен кейін тоқ ішектен бастап терең пальпацияға кіріседі.
Палпациялағанда консистенциясы (жұмсақ, қатты), бетінің сипаты (тегіс, бұдыр),
қозғалғыштығы (ығысуы), пальпациялағанда ауырсынуы және қорылдауы.
78 сурет.
Іштің алдыңғы бетіне ішкі
79 сурет.
Сигма тәріздес
Мүшелердің проекциясы ішекті пальпациялау
.
Оң мықын аймағы. Соқыр ішек (бүйен), мықын ішегінің соңғы (терминальды) бөлігі,
құрт
тәрізді өсінді, оң несепағар.
Батыра терең пальпациялау төмендегі ретпен жүргізіледі: сигма тәрізді ішек, бүйен,
өрме, тік ішек, мықын ішектің шеткі бөлімі және құрт тәріздес өсінді. Осыдан кейін
көлденең тоқ ішек және қарын пальпацияланады.
Сигма тәрізді ішектің сипау іш қуысындағы мүшелерді батыра сипаудың алғашқы
сатысы болып саналады. Сипайтын қолдың саусақтары сол мықында орналасқан сигма
тәріздес ішекке
перпендикулярлы орналасады
(79 сурет).
Науқас демін ішіне тартқан
кезде теріні жиырып, сырттан ішке және төменнен жоғары қарай жәйлап батырып
жылжиды. Демін шығарған кезде саусақтарды бар мүмкіндігінше төмен қарай батыра
түскен кезде, саусақтар іш бетінің алдыңғы қабатының терісімен бірге ішектің үстінен
өтеді.
Сигма
тәріздес ішекті сипалағанда, оның тығыздығын, сезімталдығын, түрін,
серпінділігін, қозғалғыштығын, жуандығын анықтайды.
Перкуссия іште сұйықтықтың жиналуынан (тұйық дыбыс), кебуін (тимпаникалық
дыбыс) айыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зерттелген мүшелердің пальпациялық
мәліметтерін толықтырады (қарынның төменгі шегін анықтау).
Аускультация науқастың ішегі түйілгендігін анықтау үшін қолданылады.
Аускультация әдісімен қарынның көлемі және оның орналасқан орны анықталады. Бұл
жағдайда фонендоскопты төс шеміршегі мен кіндік аралығына (эпигастральдық аймаққа)
қояды. Екінші қолымен фонендоскоп маңынан бастап сипалай отырып,
шетке қарай
жылжып дыбыстың анық естілетін аймағын анықтайды. Бұл аймақ қарынның шекарасына
сәйкес келеді.
Қарынды зерттеудің шайқалу шуы деп аталатын тәсілінің диагностикалық маңызы
зор. Ол қарын шайқалған кезде ауа және сұйық заттардың өзіне тән шуыл шығаруына
125
байланысты. Бұл әдіс гастроптозды (қарынның төмен түсуі) анықтауға маңызды роль
атқарады.
БАУЫРДЫ ЗЕРТТЕУ
ҚАРАУ.
Аурудың хал-жағдайын, көңіл күйін, төсектегі қалпын, ес-түсін, дене
бітімен анықтау керек. Аурудың хал-жағдайын бағалаудың ерекшелігі тері қабатының
сарғаюына көңіл бөлу болып табылады. Балалардың тері қабатының сарғайғаны сыртқы
(экзогендік) және ішкі (эндогендік) себептерге байланысты болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: