«Балдаурен» ән, би байқауы Мақсаты: Жас ұрпақтын бойына музыка өнері арқылы ізгілік пен адамгершілікке тәрбиелеу. Өз елінің әнін сүйіп тындап, айта білуге баулу. Жетекшілер арқылы балалардың әншілік қабілетін дамыту.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қоңақтар, Тәрбиешілер және балалар!!! Бүгін міне, 1-ші рет ұйымдастырылып отырған «Балдаурен» ән, би байқауына қош келдіңіздер!!!
Жүргізуші: Күміс күй мен әнге толы тұла бой,
Қуанышқа кенелтеді асыл – ой
Шаттандырған барлық – барлық баланы
«Балдаурен» — бүгінгі ұлы тойы!
Жүргізуші: Енді осы байқауымызды ашу үшін алғашқы сөз «Айжұлдыз» шағын орталығының әдіскері __________________________сөз беріледі.
Өнерін бұл өлкенің көкке өрлеткен,
Ошағын мәдениеттің өркендеткен
Қиялдың жүретұғын жетегінде,
Өнерлі өрге жүзер өз жерінде
Қош келдіңіз айтамыз біз шын жүректен ,- деп құрметті байқауға қатысушы үміткерлерге сәттілік тілейміз.
Жарыс ән орындау және би билеу бойынша бағаланады. Әр көрсетілген өнерпаздың, тәлімгерлері, тәрбиешілердін тікелей еңбегі бағаланады.
Ән орындау бойынша: «Күншуақ» тобы Сексенбай Медина тәлімгері Еркінбек Қасиет
«Ақбота» тобы Құндақбай Амира тәлімгері Тұмарбек Айман
«Қарлығаш» тобы Асан Іңкір тәлімгері Маманова Нұржан
«Қарлығаш» тобы Қаханқызы Жансая тәлімгері Советханқызы Айжан
«Балапан» тобы Манарбек Аяна тәлімгері Керімбаева Гүлімжан
«Балапан» тобы (трио) тәлімгері Керімбаева Гүлімжан
Би билеу шеберлігі бойынша: «Ақбота» тобы «МикиМаус» биі тәлімгері Қабылжан Айымжан
«Қарлығаш» тобы «Қуыршақтар» биітәлімгері Советхан Айжан
«Балапан» тобы «Матрешки»биі тәлімгері Орысбаева Махаббат
Талаптар: 1.Сахана мәдениеті. 2.Өнерпаздардың дауысы мен ән айту шеберлігі. 3.Орындаушының әнге байланысты саханалық киім тандай білуі. 4.Әртістік қабілетінін деңгейі. Әділдік танытып, өнерпаздардың өнерін адал бағалайтын әділқазы алқаларымен таныстырып өтейік:
(кемінде үш әдімқазы алқасы болу керек)
Жүргізуші: Қазақстан, сенсің менің сайран бағым
Кетпестей кіндігімнен байланғанмын
Табысың, тамашаң да толып жатыр,
Баяндап тауысайын қайдан бәрін –
«Балапан» триосын қабыл алыңыздар.
«Туған жер» әнімен
Жүргізуші: Ата- баба дәстүрін, сақтай білген
Бата -тілек, әдет- ғұрып қалмайды бізден.
Іңкәр қызымыз келіп тұр, қарсы алыңыз,
Тұсау кесер әніменен.
Асан Іңкәр «Тұсау кесер»
Жүргізуші: Уа ,туған жер, дариға алтын бесік
Жүрегім дүрсілдейді атыңды естіп
Бір шумақ саған арнап ән жазбасам
Сағыныштан кеудеме келеді өксік дегендей!
Құндақбай Амираның орындауында «Мен ауылға барамын» әні
Жүргізуші: Шарықтап көңілім аспандай
Әнге бір жаным басқандай
Кішкентай Медина әндете жөнелсе
Шаттықтың нұры тасқандай!
Ортаға «Күншуақ» тобының әнші қызы Сексенбай Мединаны шақырамыз
«Топ, топ балақай» әнімен
Жүргізуші: Тыңдап өскен жасынан дала сырын,
Ізгі жолын жалғаған бабасының
Өнерді өмірім деп мұрат тұтқан
Әнге ғашық қазақтың баласымын - деп
«Ақ құсым» әнімен ортаға Манарбек Аянаны шақырамыз
Жүргізуші: Қыз бала деп ән салған.
Өнерімен таң қалдырған
Ортаға келді, Жансая атты әнші қыз
Қабыл алыңыздар қол соғып.
Қаханқызы Жансая «Қыз бала гүл» әнімен
Жүргізуші: Ән айтып өз өнерлерін көрсеткен өнерпаздарымызға алғыс білдіреміз, әділқазы алқалары бағалап болсаңыздар, келесі би билеу өнерімен келіп отырған бишілердің өнерлерін назарларыңызға ұсынамыз.
Жүргізуші: Десек те, уақытпенен жарыспайды,
Қиялға қиялымен қарыштайды.
Бишілер шын жүректен тебірентіп,
Өнерін сайыстарды тек шыңдайды.
Ортады «Қарлығаш» тобы «Қуыршақтар» биімен
Жүргізуші: Өнер қуған жасынан,
Өнері судай тасыған.
Келесі біздің бишілер,
Көрінген көштің басынан.
«Ақбота» тобының биші қыздарын «Мики Маус» биімен қарсы алыңыздар
Жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған,
Бишілер өнерлерін көрсетуде.
Ортада «Балапан» тобының «Матрешка» қыздары, қарсы алыңыздар.
Жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Уақытта біраз жерге таяп қалды.
Өнерпаздарымыздың өнерінің бағасын білетін сәтте келіп жетті. Олай болса, сө кезегін әділ қазы алқаларына берейік.
Марапаттау рәсімі.
«Айжұлдыз» шағын орталығының әнші, биші өнерпаздарына өнерлерің жана берсін, тек биіктерден көрініңдер деп тілек білдіреміз.