«Балдәурен-2023» 1-24 наурыз аралығында өтеді / өтініш қабылдау 24 наурызға дейін



Дата10.03.2023
өлшемі1,89 Mb.
#171799
Байланысты:
Құтты наурыз



«Балдәурен-2023»
1-24 наурыз аралығында өтеді
/ өтініш қабылдау 24 наурызға дейін/
Байланыс телефондары:+ 7 771 420 42 88
E.mail – baldauren-8@mail.ru инстаграмм: baldauren_888
«Қош келдің, құтты наурызым!»
атты балалар мен жасөспірімдер, ұстаздар және талантты өнерпаздар арасындағы шығармашылық байқаудың
ЕРЕЖЕСІ
Байқау 2023 жылдың 1-24 наурызы аралығында қашықтан /онлайн/ өтеді.
Байқаудың шарты:
Жанрлары:Вокал, вокалдық топ, хор (академиялық, эстрадалық, халықтық); дәстүрлі ән; аспапта ойнау (барлық түрі); ансамблдер; жас композитор; хореография (топтық, жеке би); көркемсөз; ақындық өнер; шығарма; сахналық көрініс; сән үлгісі; бейнелеу өнері; қолөнер; әзіл-сықақ; фото өнер; цирк өнері; бейнеролик.
Қатысушылардың жас ерекшелігі:

  • Бүлдіршін топ/5-7 жас аралығы/;

  • Кіші топ/8-10 жас аралығы/;

  • Орта топ /11-13 жас аралығы/;

  • Жасөспірім топ /14-16 жас аралығы/;

  • Жоғарғы топ/17-20 жас аралығы/;

  • Ересек топ/жасына шектеу жоқ/.

Барлық жанр бойынша қатысушылар еркін тақырыпта бір шығарма орындайды, уақыты 3-3,5 минуттан. Бейнелеу, қолөнер, сән үлгісі, фото өнер бойынша бір жұмыстан ұсынуға болады, сахналық көрініс, әзіл-сықақ 5 минуттан аспауы тиіс.
Өтініш, сауалнама және видео жұмыстарын жарна төлегеннен кейін түбіртекпен бірге +7 771 420 42 88 WhatsApp нөміріне жіберуіңізді сұраймыз.


Қазылар алқасының құрамында өнер қайраткерлері, ақын, композитор, белгілі педагогтар болады. Қазылар алқасының шешімі талқыланбайды. Байқаудың жүлдегерлері анықталғаннан кейін әр жанр бойынша марапаттаулар тағайындалып, Қазпошта арқылы өтініште көрсетілген мекенжайға жіберіледі.


Жүлде:
Бас жүлде – диплом және медаль, жетекшісіне «Үздік жетекші» атағы, диплом және медаль;
І,ІІ,ІІІ орын жүлдегерлеріне – диплом және медаль;
Топтық қатысушылар үшін топтың атына диплом және медаль, әрбір қатысушыға жеке «Диплом» ғана беріледі;
Жетекші ұстаздарға «Алғыс хат» беріледі.
Қатысу жарнасы:
Жеке орындаушыларға – 3 500 теңге;
Дуэт, трио, квартет, топ – 4 000 теңге /төрт адамнан асқан жағдайда әр адамға/- 2 000 теңгеден;
Төлем жасау үшін: Каспий голд картасы 4400 4302 5495 0410 /+7 771 420 42 88 номеріне тіркелген/ Азиза Е;
Төлем 2023 жылғы наурыз айының 24-не дейін қабылданады.
Байқау нәтижесі: 2023 жылғы 25 наурызда дайын болып, baldauren_888 инстаграмм парақшасына және телеграмм каналында жарияланады. 2023 жылдың 27 наурызынан бастап Қазпошта арқылы жөнелтіледі.
Бізбен байланыс: + 7 771 420 42 88


БАРЛЫҒЫҢЫЗҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!


Өтініш толтыру кестесі /үлгі/:



Қатысушының (топтың) аты-жөні:

Шәмен Махамбет Мұқтарұлы

Жасы:

10 жас

Қаласы, мекенжайы, индексімен:

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Түрксіб селосы, А.Құнанбаев көшесі, 25 үй
Инд.:080000

Жанры:

«Эстрадалық вокал»

Шығарманың атауы, авторы:

«Қазақстан»

Қатысушының жетекшісінің аты-жөні, телефон нөмірі:

Асылбекова Айсұлу
+7 700 000 00 00



Ескерту: Қатысушының аты-жөні, жасы, қаласы /тұрғылықты жері/, көшесі және индекс номері толықтай жіберілуі тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет