«Балдырған» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиялық картасы Білім беру саласы: Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу қызмет түрі: Музыка Тақырыбы: «Біз көмекшілерміз»



бет3/3
Дата19.12.2021
өлшемі24,85 Kb.
#103346
1   2   3
Байланысты:
біз көмекшілерміз

Музыка жетекшісі:Есекеева А.Ә

Тексерілді:

Әдіскер: А. Байдуллаева

Күні:20.11.2020 жыл



«Балдырған» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызмет түрі: Музыка

Тақырыбы: «Біз көмекшілерміз»

Мақсаты: Кішіге қамқор, үлкенге қолқанат болуға тәрбиелеу. Әр түрлі сипаттағы музыка қарқынын, динамикалық реңкін қабылдау..

Әдіс-тәсілі: ән, би, дидактикалық ойын.

Қажетті құрал-жабдықтар:ноталардың суреті.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық



Балаларды залда көңілді әуенмен қарсы алу. Ырғақты қимыл жасату.

Әуен арқылы селемдесу



Жетекші: Айналайын балалар

Маған енді қараңдар

Аяқтарды тік түзеп

Сәлемдесіп алыңдар

Сәлем-сәлем балақай

Сәлем-сәлем балақай

-Ой балалар біздің мына залымызды кім шашып кеткен кәнекей сендер маған жинасуға көмектесесіңдерме?

Әуенді ырғақты қимыл: «Тәтті тосап»



балалар залға көңілді әуенмен келіп,ырғақты қимылдар жасайды.
балалар шашылған доптарды себетке салып жинастырады.

ырғақты қимылды ән мәтініне сай жасайды.




Ұйымдастыру –іздестіру



Музыка тыңдау: "Тыңдай білем"

А.Маханбетова


Тақтамен жұмыс: "Нота сауаттылығы"

Балаларға жеті дыбыстың қалай орналасатын түсіндіру көрсету.

Ноталарды рет-ретімен айтқызу.

Дауыс жаттығуы:

Күй сандықты ашайын

Тілдерін мен басайын

Бас кілтті мен табайын

Жайлап әнге салайын

До-ре-ми-фа-соль-ля-си



Ән айту: «Күзге сәлем» А.Еспенбетова

Ойын ойнау: "Көңілді музыкалық тапсырмалар"

Шарты: балаларға әртүрлі музыкалық тапсырма беру арқылы, музыканың динамикалық реңкін қимыл арқылы көрсетулеріне ықпал жасау.




Әнді тыңдайды.

-Сурет мазмұнына сай жауап береді.

-До-до-до

-До-до-до

-До-до-до

-До-до-до

Балалар әнді әуенімен айтып үйренеді.


Рефлексивті –түзетушілік


-Балалар бүгінгі оқу қызметінде біз қандай ән үйрендік?

-Ән сендерге ұнады ма?

Олай болса балалар енді тобымызға қайтайық. Балаларды мақтап мадақтау.

Әуенмен топтарына шығарып салу.



-Күзге сәлем
-Ұнады.

Балалардың жауабы тыңдалады.



Күтілетін нәтиже:

Білу керек

Кішіге қамқор, үлкенге қолғанат болуды.

Игеруі керек

Ырғаққа сай қимылды қозғалыс жасауды,музыкалық әртүрлі жанрдағы әуенге сай қимыл жасауды

Үйренуі керек

Әнді таза әуенге ілесе айтуды

Музыка жетекшісі:Есекеева А.Ә




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет