Ән: «Достық әні»
Жүргізуші:
Балалар, «Балдаурен» кемесі «Достық» аралына да келіп тоқтады.Бұл аралда біздерді әр ұлттың балалары күтіп тұрған сияқты.
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан.
Би: «Достық биі»
Осы кезде әуенмен Тәттібек пен Стефанни келеді.
Стефанни: Хеллоу чилдрен! Сәлеметсіздер ме, балалар. Біздерді таныдыңдар ма?
Балалар: Таныдық.
Тәттібек:Бүгінгі балаларды қорғау күні құтты болсын. Рұқсат болса, бізде сендермен бірген мерекені тойлайықшы. Қызықты болсын деп, бәріміз бірге ойын ойнайық.
Балалар: Алақай!!! ойнайық.
Ойын: «Тәттіні тасымалдау»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар.Сүйікті балалар, бүгін сендердің тойларың жер бетіндегі балалардың достық мерекесі.
Стефанни: Мереке құтты болсын! Мынау сендерге мерекелік сыйлығымыз қабыл алыңыздар.
Би: «Шашақтар мен би»
Жүргізуші:Тәттібек,Стефанни рахмет балаларға «Достық» аралында болған ұнады. Сау болыңыздар!
«Балдәрен» кемесіне отырамыз.
Жүргізуші:Балалар! Біздің қызықты саяхатымыз әлі де жалғасын табуда. Жан жағымызға құлақ түрейікші. Әдемі әуен естілетін сияқты. Мүмкін келесі таңғажайып ертегі аралынада келіп қалған сияқтымыз.
Ойын сауық алаңы.Карусель!
Жүргізуші:Қараңдаршы тамаша Карусель !
Сайқымазақ: Салем достар!
Барлығы хормен: Салем! Салем! Салем!
Сайқымазақ: Достар! Менің таңғажайып аралыма қош келдіңіздер! Сіздер қызықты ойындар мен қызықты би үйреніп көңілдеріңді көтеріп қайтасындар! Солай емеспе достар! Келіңдер балалар кезекпен карусельге айналуға.
Карусельге айналу кіші топтың балалары.
Достарыңызбен бөлісу: |