Балық гельминтоздарын зерттеу әдістері



Pdf көрінісі
Дата17.10.2019
өлшемі345,3 Kb.
#50216
Байланысты:
kulakova-sulejmanova-61


УДК : 619:616.995-1:639.3 

 

БАЛЫҚ  ГЕЛЬМИНТОЗДАРЫН ЗЕРТТЕУ  ӘДІСТЕРІ 

  

Сулейманова  К.У.  –  б.ғ.к.,  профессор,  А.Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік 

университеті  

Кулакова  Л.С.  –  в.ғ.к,  профессор,  А.Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік 

университеті  

 

 

Мақалада Қостанай облысындағы суаттар, кәсіптік және кәсіптік емес балық түрлерінің 

негізгі  ихтиофаунасы,  сонымен  қатар  гельминтоз  әдістерінің  диагностикасы  туралы 

мәліметтер  жазылған.  Қостанай  облысындағы  ихтиофауна  суаттары  бейімделу  әсерлерінен 

құрылды  және  айтарлықтай  уақыттың  ішінде  елеулі  өзгерістерге  ұшырады.  Негізгі  кәсіптік 

балық  түрлеріне:  мөңке  балық  (алтын  және  күмістей),  ақтабан,  торта,  алабұға,  шортан, 

қарабалық,  сонымен  қатар  ертеден  бейімделген  балықтар:  рипус,  сиг,  пелядь,  тұқы-шортан 

жатады.  Қалған  балық  түрлері  айтарлықтай  үлкен  кәсіптік  және  тауарлық  маңызға  ие  емес. 

Оларға өте бағалы емес ерш, пескарь, кәдімгі шырмабалық, верховка, гольян және т.б сияқты 

балық  түрлері  жатады.  Балық  гельминтоздарының  көбісі  адамдар  мен  жануарларға  қауіпті 

емес,  оларда  ешқандай  ауру  туғызбайды.  Алайда  балықтарда  паразиттік  жолмен  тіршілік 

ететін  гельминттер  личинка  сатысында  адамның  немесе  жануарлардың  организіміне  түссе 

аса  қауіпті  ауру  туғызады.  Балықтардың  гельминттерінің  адамдар  мен  жануарларға  қауіпті 

түрлеріне:  описторхоз,  дифиллоботриоз,  клонорхоз,  метагонимоз,  нанофиетоз,  меторхоз, 

диоктофимоз, гнатостомоз. 

Гельминттер  балықтарға  әр  түрлі  жағдайда  әсер  етеді,  бұлар  иенің  арқасында 

қоректеніп механикалық әсер туғызады, уыттайды, шапшаңдығының төмендетеді.  

Облыстың  табиғи  суаттарында  өмір  сүретін  балық  аурулары  бойынша  отандық 

ғалымдардың зерттеу қорытындылары көрсетілген. 

Түйінді сөздер: гельминт, аурулар, балықтар, таралуы, гельминтозооноздар.  

 

МЕТОДЫ ИССЛЕДОВАНИЙ ГЕЛЬМИНТОЗОВ РЫБ  

 

Сулейманова  К.У.  –  к.б.н.,  профессор,  Костанайский  государственный  университет  имени 

А.Байтурсынова 

Кулакова  Л.С.  –  к.в.н.,  профессор,  Костанайский  государственный  университет  имени 

А.Байтурсынова 

 

В  статье  приведены  данные  о  водоемах  Костанайской  области,  ихтиофауне  основных 

промысловых  и  непромысловых  видов  рыб,  а  также  методы  диагностики  гельминтозов. 

Ихтиофауна 

водоемов 

Костанайской 

области 

формировалась 

под 

влиянием 

акклиматизационных  работ  и  на  протяжении  значительного  периода  претерпела 

существенные  изменения.  Основными  промысловыми  видами  рыб  Костанайской  области 

являются:  караси  (золотой  и  серебристый),  лещ,  плотва,  окунь,  щука,  линь,  а  также  ранее 

акклиматизированные  виды  рыб:  рипус,  сиг,  пелядь,  карп-сазан.  Другие  виды  рыб  имеют  не 

такое большое промысловое и товарное значение. В частности, к ним относятся малоценные 

виды рыб, такие как ерш, пескарь, шиповка обыкновенная, верховка, гольян и др. Большинство 

гельминтов рыб не опасны для человека и животных и не вызывают у них заболеваний. Однако, 

имеются  гельминт,  паразитирующие  у  рыб  в  личиночной  стадии,  которые  затем,  попав  в 

организм человека или животного вызывают тяжелые заболевания. К болезням рыб, которые 

представляют опасность для человека и животных относятся  описторхоз, дифиллоботриоз, 

клонорхоз, метагонимоз, нанофиетоз, меторхоз, диоктофимоз, гнатостомоз. 

Гельминты  воздействуют  на  рыбу  различными  способами:  это  механическое  и 

токсическое воздействие, питание за счет хозяина, снижение темпа роста и упитанности.  

         



Ключевые слова: гельминт, болезнь, рыбы, распространение, гельминтозоонозы. 

  

 


RESEARCH METHODS HELMINTHIASES FISH 

 

Suleimanova  K.U. 



–  Candidate  of  Biologic  Sciences,  Associate  Professor  of  of  Veterinary  and 

Livestock Technoloqy Kostanai State University A. Baitursynov.  

Kulakova L. S. 

– Candidate of Veterinary Sciences, Associate Professor of Veterinary and Livestock 

Technoloqy Kostanai State University A. Baitursynov. 

 

      The article presents data on water bodies of Kostanay region, the fish fauna of the main commercial 

and  non-commercial  species  of  fish,  as  well  as  methods  of  diagnosis  helminth  infections.  Fish  fauna  of 

reservoirs  of  Kostanai  region  was  formed  under  the  influence  of  acclimatization  and  for  a  considerable 

period  has  undergone  significant  changes.  The  main  fish  species  Kostanai  region  are:  carp  (gold  and 

silver), bream, roach, perch, pike, tench, as well as previously acclimatized fish species: ripus, whitefish, 

peled, carp, carp. Other species do not have such a large commercial and industrial value. In particular, 

these  include  low-value  fish  species  such  as  ruff,  gudgeon,  studding  ordinary,  verkhovka,  minnow  and 

others.  Most  helminths  fish  are  not  dangerous  for  humans  and  animals  and  cause  their  disease. 

However, there helminths parasitizing the fish larval stage, which then, once in the human or animal body 

to cause severe disease. For fish diseases, which are dangerous to humans and animals are opistorhoz, 

diphyllobothriasis, clonorchiasis, metagonimoz, nanofietoz, metorhoz, dioktofimoz, gnathostomiasis. 

      Worms affect fish in different ways: a mechanical and toxic effects, powered by the host, reducing the 

rate of growth and fatness. 

      Keywords: helminth, disease, fish, distribution,

 gelmintozoonozy. 

 

 

Кіріспе.



 

Балық шаруашылығы еліміздегі азықтық кешендерінде  айтарлықтай орын алады 

және де азық-түлік ӛндіру саласында ең перспективті және қарқынды даму үстінде [1].  

Балық  еті  –  жоғары  калориялы  диеталық  тағам.  Оның  құрамында  құнды,  қалыпты  ӛсуге 

қажетті, тез қорытылатын ақуыздар, организмнің тіршілік әрекеттері және дамуы үшін, дәрумендер 

мен  минералды  заттар  бар.  Балық  майының  құрамында  адамға  оңай  сіңетін  қанықпаған  май 

қышқылдары  кӛп.  Диеталық  қесиеттеріне  сай  балықтың  жоғары  азықтық  сапасы,  оны  бағалы 

тағамдардың бірі етеді [2].  

Балық шаруашылығы бойынша тұщы су және теңіз аквамәдениетін қоса алғанда жер шары 

халқының тұтынушылығы мал ӛнімдерінде ақуыздың мӛлшері орта есеппен 20% құрайды [3].  

Қостанай  облысының  аумағын  үлкен  су  кеңістіктері  алып  жатыр  және  ірі  гидрологиялық 

зерттеулер  бойынша  мұнда  шамамен  жалпы  ауданы  0,5  млн.  га  8 604  кӛл  бар.  Одан  басқа, 

облыстың әр аумағында орналасқан 877 кӛлдер, және де ондаған бӛгеттер мен аумағы 30 мың.га 

жоғары су  қоймалары және  300  кӛп су  ағындары  мен ӛзендер бар.  Жартысынан кӛбінің ұындығы 

10-

20 км дейінгі уақытша су ағындары, 21 кӛлдің ұзындығы 100 км жоғары, ал Тобол және Торғай 



ӛзендерінің  ұзындығы  500  км  жоғары  және  олар  негізгі  ӛзендер  болып  есептеліп,  Қазақстандағы 

Тоболдық  және  Торғайлық  су  алабтары  болып  саналады.  Қостанай  облысындағы  кӛлдің  ауданы 

жалпы  ауданнан  2,59%  құрайды,  сондықтан  осы  кӛрсеткіш  бойынша  облысымыз  Қазақстанда  3 

орынды  алады.  Қостанай  облысының  әкімшілігінің  қаулысы  бойынша  судың  жергілікті  маңызы 

балық шаруашылығындағы тізімі бойынша бекітілген (794 суаттар), соның ішінде Қостанайда (122), 

Ұзынкӛлде (107), Таран ауданында (78), Мендықара ауданында (59) орналасқан.  

Қазіргі уақытта әр ауданның аумағында балық ӛсіру үшін жалданған бірнеше ондаған балық 

шаруашылық  суаттарын  санап  беруге  болады.  Осы  қорларды  қолдану  соңғы  жылдары  облыста 

прогрессивті түрде ӛсуде.  

 

Облыстағы  барлық  суаттар  ӛздерінің  гидрологиялық,  гидрохимиялық  кӛрсеткіштерімен, 



ӛсуімен, азықтық негіздерімен, ихтиофауна құрамымен ерекшеленеді.  

 

Қостанай  облысындағы  ихтиофауна  суаттары  бейімделу  әсерлерінен  құрылды  және 



айтарлықтай уақыттың ішінде елеулі ӛзгерістерге ұшырады. Қостанай облысындағы негізгі кәсіптік 

балық  түрлеріне  жатады:  мӛңке  балық  (алтын  және  күмістей),  ақтабан,  торта,  алабұға,  шортан, 

қарабалық, сонымен қатар ертеден бейімделген балықтар: рипус, сиг, пелядь, тұқы-шортан. Қалған 

балық  түрлері  айтарлықтай  үлкен  кәсіптік  және  тауарлық  маңызға  ие  емес.    Оларға  ӛте  бағалы 

емес ерш, пескарь, кәдімгі шырмабалық, верховка, гольян және т.б сияқты балық түрлері жатады 

[4, 


б. 5-8; 5, б. 8-31; 6, б. 27-49].  

 

Балықтардың  дамуында  кедергі  жасайтын  мәселелердің  бірі  балықтарды  бӛгет 



шаруашылықтарында  ӛсіру,  сонымен  қатар  табиғи  суаттардан  табылған  балық  сапасын  түсіретін 

гельминттер болып табылады. Инвазиялық аурулар кеңінен таралған және де ол мәдениеттік және 

ӛнеркәсіптік  балық  шаруашылығына  зиянын  тигізеді,  бағалы  балықтар  түрлерінің  қарқынды 

бейімделуіне  кедергі  жасайды,  оларды  жиі  ӛлімге  алып  келеді  [7,б.3].  Адам  үшін  балық 

тағамдарының  гельминтологиялық  қауіпсіздігі,  сонымен  қатар  балықтардың  санына  әсер  ететін 

эпизоотия және энзоотия мәселелерінің сұрақтары республикамызда бұрынғы он жылдықтан бергі 

ӛзекті мәселелер болып саналады.  

Осыған  орай  біздің  жұмысымыздың  мақсаты  Қостанай  облысындағы  балықтарға 

гельминтоздар  бойынша  эпизоотологиялық  мониторинг  жүргізу,  оларды  диагностикалау  әдістері 

және де паразитофауналарды үйренуге отандық ғалымдардың үлестерін қосуы болып табылады.  

Біздің  облыста  ірі  суаттардағы  балық  паразиттері  ӛткен  жүзжылдықтың  50  жылдарынан 

бастап зерттелген. Бұл мәліметтер әлі күнге дейін үздік жұмыс болып табылатын А.И. Агапова-нің 

кӛлемді монографиясында кӛрсетілген. Ол 1956 жылы Тобол және Ӛбаган ӛзендерінде зерттеулер 

жүргізіп,  нәтижесінде  11  балық  түрлерінен  49  паразит  түрлері  тіркелген.  Осы  автордың  зерттеу 

қорытындылары  бойынша  постодиплостомоз,  лигулез  және  басқа  да  аурулар  анықталған  [8,  б.8-

12, 246-296].  

Тобол  және  Торғай  аудандарындағы  суаттар  алабындағы  балықтардың  трематода 

балаңқұрт  сатылары  бойынша  эпизоотологиялық  жағдайларын  Е.Г.  Сидоров  зерттеді.  Зерттеу 

қорытындысы  бойынша  Торғай  ауданындағы  алапта  ірі  описторхоз  ошағы  анықталған. 

Метацеркарий  тасушы  аққайран  (язь)  болып  табылады,  зерттелген  аумақтар  бойынша  жұқтыру 

орташа  есеппен  50%  жеткен.  Қабырға  ӛзеніне  ең  ірі  Торғай  ӛзені  құйылады  –  сонымен  қатар 

аққайранның  метацеркарий  описторхтарымен  аса  қарқынды  зақымдалатыны    анықталған.  70 

жылдары  ең  жоғары  қарқында  аққайранмен  (экстенсивтілігі  100%)  зақымдалған  ошақтар  Торғай 

алап  ӛзенінің  басқа  аумағында  Шортанды  ӛзенінде  табылды.  Сонымен  қатар  балықтардың 

зақымдалуы Улы-Жиланчик және Улькаяк ӛзендерінде  анықталды.  1978 жылы  зерттеудің орташа 

ағымы  бойынша  Шошкалы  және  ӛзеннен  жоғары  кӛлдер  аумағын  алып  жатқан  Ӛбаган  ӛзенінде 

описторхоз ошақтары айқындалды. Басқа аудандардағы зерттеулер қоздырғыш циркуляциясында 

адамның  қатысуынсыз  жүзеге  асатын  Ырғыз-Торғай  алабында  үлкен  описторхоз  ошақтары  бар 

екенін кӛрсетті [9, б.16-20,126].  

Т.И.Ковалевтын  аталған  зерттеулеріне  сүйенер  болсақ,  балықтардың  описторхоз 

метацеркарийімен зақымдалуы Ақкӛл және Карасӛр кӛлінде, Жангелді ауданында Ұлы Жыланшық 

ӛзенінде анықталған. Ерекше жұқтырылғандар аққайран (яз) (70,7%), табан балық (18,6%) және де 

басқа түрлерінде [10, б.75-77]. 

Трематода  (Trematoda),  цестода  (Cestoda),  акантоцефала  (Acanthocephala),  нематода 

(Nematoda)  класына  жататын  балық  гельминтоздары  жануарларда  шақырылады.  Жоғарыда 

кӛрсетілген  қоздырғыштармен  шақырылатын  ауруларға  жатады:  доктилогироз,  диплостомоз, 

постодиплостомоз, кавиоз, ботриоцефалез, лигулез, филометроидоз және басқалары. 

Балық  гельминтоздарының  кӛбісі  адамдар  мен  жануарларға  қауіпті  емес,  оларда  ешқандай 

ауру  туғызбайды.  Алайда  балықтарда  паразиттік    жолмен  тіршілік  ететін  гельминттер  личинка 

сатысында адамның немесе жануарлардың организіміне түссе аса қауіпті ауру туғызады [11,б.172]. 

Балықтардың  гельминттерінің  адамдар  мен  жануарларға  қауіпті  түрлеріне:  описторхоз, 

дифиллоботриоз, клонорхоз, метагонимоз, нанофиетоз, меторхоз, диоктофимоз, гнатостомоз. 

Балықтарды  ихтиопатологиялық  зерттегенде  табиғи  суаттарда,  балық  шаруашылығындағы 

тоғандарда мекендейтін балықтарда әр түрлі типке жататын паразиттер кӛптеп шоғырланады [12, 

б.70-74].  Гельминтоздарға  диагнозды  қоздырғыштарды  табу  жолымен  қояды.  Кӛптеген 

авторлардың  зерттеулеріне  сүйенер  болсақ,  нақты  диагноз  анықталатын  әдіс      болып  толық 

паразитологиялық ашып-сою әдісі болып табылады [11,14,15,16]. 

Балықтарға зерттеу жүргізу суттардың әр жерінен аулап алады [13, б.177-180].  

         Зерттеу материалдары мен әдістемесі.

  

         



Зерттеу  үшін  материалды  Қостанай  облысындағы  Ұзынкӛл  ауданы  Куренное  кӛлі,  Сарыкӛл 

ауданы  Бозщаколь  кӛлі,  Қостанай  ауданы  атаусыз  кӛлі,  Торғай  ӛзені  Жангелді  ауданында 

орналасқан  су  қоймалары  болып  қызмет  атқарды.  Жалпы  тұқы  отбасының  5  балық  түрлері 

зерттелді, барлығы: 173 дана, оның ішінде күміс және алтын тұқы 100, тұқы - 25, табан - 15, язь – 

18, 

желісі – 15. Зерттеу әдістері ГОСТ 31339-2006 сәйкес жүзеге асырылады. Біз тірі немесе шикі 



балықты ережелерге сәйкес 3%-ға дейін жеткізік [12]. 

 


Паразитологиялық  ашып-союға  тірі  және  балғын    балықтардың  барлық  жас 

санатындағылары келесідей мӛлшерде жеберіледі: шабақтар 25, біржылдық және бір жастағылар 

15  - 

25, қалған жастағы балықтар тобы 5  - 10 дана. Әр түрлі аралас инвазияны талдап тексеруге  



байланысты  мӛлшері  кішіреюі  (балықтардың  зақымдалу  мӛлшеріне  байланысты)  немесе  үлкеюі 

мүмкін. 


Толық  паразитологиялық  ашып  -  сою  қабылданған  түрде  және  белгіленген  жүйемен, 

балықтардың  барлық  мүшелері  мен  ұлпасынан  ешқандайда  паразиттерді  жіберіп  қоймас  үшін  

мұқият және нақты жүргізіледі. Балықты ашып - сою кезінде мұқият болу қажет,дене қуысын бӛліп 

алу  кезінде  ішкі  ағзаладың  беті  зақымдалуын  қадағалау  қажет,  ұқыпсыз  ашып  –  сою  салдарынан 

ағзалар зақымдалса паразиттер жоғалып кетуі мүмкін немесе басқа ағзаларға түсуі мүмкін.Зерттеу 

келесі әдіспен жүргізіледі: тері, жүзбе қанаты, ауыз қуысы, желбезек, кӛз, қан, жүрек, құрсақ қуысы 

(бауыр,  талақ,  торсылдақ,  қуық  қалбыршағы,  ӛт  қабы,  бүйрек,  жыныс  бездері,  ішектер),  бұлшық 

еттер, бас ми және жұлын. 

Ветеринария және ауыл шаруашылық технология факультетінің  ветеринариялық  медицина 

кафедрасының  урокопрология  лабораториясының        жағдайында  балықтың  сыртқы  қарауын 

жүргіздік,  тексеру  барысында  жалпы  жағдайын,  балықтың  ӛнімділігін,  құрсақ  куысын  сойып-ашып, 

ұлпалармен мүшелердің патологиялық ӛзгерістерін анықтадық, лигулалардың мӛлшері мен саның, 

инвазияның экстенсивтігін және интенсивтігін зерттедік (1,2-сурет). 

 

                                



 

Сурет 1. Лигулез кезіндегі                                            Сурет 2. Тұқының құрсақ   

тұқының сыртқы кӛрінісі                                                куысындағы лигулидалар   

                                                                     

Балықта табылған лигулез қоздырушылары әк түсті, ұзундығы 10 см-ден 24 см және ені 0,8-

1,5  см  дейін.  Инвазияның  ең  биік  экстенсивтік  және  интенсивтік  кӛрсеткіштері  Сарыколь 

ауданындағы Бозщаколь кӛлінде анықталды (ЭИ-8%, ИИ 1-4 экз.). Лигулезбен зақымдалған тӛмен 

және орташа кӛрсеткіштері Куренное кӛлінде (ЭИ 4-6,6%, ИИ - 1 экз.) және Торгай ӛзенінде (ЭИ  - 

6,6%, ИИ-1 экз.) байқалды. 

Екі  алтын  тұқыны

 

қарастырғанда  ИИ  биіктігі  (лигуланың  2-ден  4  экз.)  анықталды,  ішкі 



мүшелерінде  атрофиялық  ӛзгерістерімен  қан  құюлылары,  дене  құысының  қабырға  бүлшықеттері 

жініштелгені білінді. Лигуланың ең ірі плероцеркоидінің ұзындығы 24 см, ал ені 1,5 см жетті.  

Одан  басқа  ҚОФ  «Мемлекеттік  ветеринариялық  зерттана»  Қостанай  ауданына  жататын 

атаусыз кӛлінің тұқыларына қосымша зерттеулер жүргіздік.  

Күміс тұқыларың зерттегенде лернеоз ауруы анықталды. Бүл инвазияның экстенсивтігі 33 % 

барды, инвазия интенсивтігі 1-2 экз. (3, 4-сурет). 

          

 

 



Сурет 3. Тұқының денесінің кеуде жағында                          Сурет 4. Тұқының анальді жұзу жарғағы        

лернеялармен тыдырған терен қанталаған                          манайында паразиттік рачоктармен      

ойық жара                                                                            зақымдалған терен қанталаған ойық жара                                                              

                                                                                            

                                                                                          

    


Зақымдалған  балық  үстінде  3,  4  суреттер  кӛрінісі  бойынша  терен  ойық  жаралар  білінеді. 

Қабыну  процесі  жаңғыз  үстінгі  қабаттарды  ғана  емес,  бүлшық  үлпаларын  да  зақымдаған.  Ойық 

жаралардың шеттері әқ-қызыл түсті, сау үлпалардан озара шектелген.

 

Компрессорлы әдіспен микроскопия ӛткізгенде қара балық бүлшықетінде Opisthorchis felineus 



тірі метацеркарийлары табылды.  Арқа бүлшықетінің тері  асты қабатында  кӛп жиналуы байқалды, 

арқаның  орташа  бӛлігінде  метацеркаркарийлардың  түрлері  (6  экз.  дейін)  табылды,  бас  жағында 

олардың саны біріншілермен салыстырғанда аз болды (1-2 экз). 

                                                                                                             

    

                         



                           

       


     

Сурет 5. Қара балық бүлшықетіндегі                     Сурет 6. Posthodiplostomum cuticola  

   Opisthorchis felineus 

метацеркарийлар        

  



сурет бойынша O. felineus метацеркарийлары бозғылт түсті доңгелек цистада орналасқан, 



цистаның  ішіндегі  личинка  қозғалмалы,  іші  қара  грануларға  толған.  Opisthorchis  felineus 

метацеркарийлары  Жангельді  ауданы  Торгай  ӛзенінде  ауланған  язь  және  қара  балық  түрлерінде 

ғана  табылды,.  Биік  зақымдалған  язь  балығы  (ЭИ  –  16,6  %,  ИИ  –  бір  срезде  1-6  личинка).  тӛмен 

зақымдалған қара балық түрі (ЭИ – 6,6 %, ИИ – Торгай ӛзенінде 1 личинка). 

Торгай ӛзенінде язь балығының бүлшықеттерің компрессорлы әдіспен зерттеген кезде, были 

Posthodiplostomum cuticola 

метацеркарийлары табылды (суре 7). 

сурет бойынша  Posthodiplostomum cuticola метацеркарийлары доңғелек, түсі қара цистада 



орналасқан.  Осы  балықтың  метацеркарийлармен  зақымдалуы  тӛмен,  қарағанда  бірен  саран 

метацеркарийлар байқалды, ИИ 1-4 экз құрды, ЭИ -11 %. 

Сонымен,  біздің  зерттеу  нәтіжилері  бойынша  результаты  наших  исследований 

свидетельствуют  о  том,  что  гельминтофауна  рыб  семейства  карповых  в  рыбохозяйственных 

водоемах  Костанайской  области  разнообразная.  Құрсақ  куысында  лигулездің  плероцеркоидтары, 

бүлшықеттерде описторхоздың, постодиплостомоздың метацеркарийлары, яздің кӛз хрусталигінде 

диплостомоз  қоздырушылары  анықталды,  тағыда  паразиттік  ұлылармен  тудыратын  лернеоз, 

дифиллоботриоз кездестіі. 



         Зерттеу нәтижелері және оларды талдау.  

Балықтардың  ішкі  ағзалары  мен  ұлпаларын  толық  емес  гельминтологиялық  ашып  –  сою 

кезінде  кӛзбен  кӛрінетін  гельминттерді  немесе  жуан  личинкаларды  құралсыз  шығарады,  оларды 

анықтайды және санын есептейді. Ұсақ гельминттер мен личинкалардың паразиттенуі кезінде бұл 

әдіс тиімсіз болып табылады. 

Сондай ақ тексеріліп жатқан ағзаны немесе ұлпанны екі шынының ортасына салып қысу әдіс 

қолданылады  ,  мӛлдір  тұнық  болғанша  мыжып,  ӛткір  жарықта  микроскоппен  немесе  лупамен 

қарайды. 

Зерттеудің  нәтижесін,  уақытын,  аулаған  жерін,  жынысын,  жасын,  балықтың  салмағын  және 

ұзындығын журналға енгізеді, осы паразиттерді апаразитологиялық зерттеу алдын ала және нақты 

анықтау  түрі  болып  табылады.  Гельминттердің  сыртқы  белгілерінің  балықтарға  әсер  етуі  айқын, 

кейде патогенді әсер шартсыз етеді. Гельминттер балықтарға әр түрлі жағдайда әсер етеді: бұлар 

механикалық  әсер,  иенің  арқасында  қоректенеді,  уытты  әсері,  шапшаңдығының  тӛмендеуі. 

Балықтардың инфекциялық ауруларының таралуына гельминттер рӛл атқарады [16, 24-32 бет]. 

Осы аталған факторлар балық қорының азаюында күмәнсіз. Бұдан басқа кейбір паразиттер 

тауардың  сапасын  тӛмендетеді,  ауланып  әкелінген  балық  партиясының  кӛбісінен  ақау  табылады. 

Балықтардың  аурудан  орташа  шығыны  15-18%  тӛмендейді,  ал  шаруашылықтарда  эпизоотияның 

пайда болуы 30-80% [17, 3-8 бет]. 

Осылай  жүргізілген  зерттеулер  отандық  ғалымдар  Қостанай  облысында  балықтардың 

паризит  дүниесін  білу  барысында  ӛткен  50-80  ші  жүз  жылдықта  кӛптеген  зерттеулер  жасады  деп 



қорытынды  шығаруға  болады.  Е.Г.Сидорова,  Т.И.Ковалевтің  зерттеулері  бойынша  кейбір 

суаттарда  описторхоз  анықталды.  Бірақ,  қазіргі  уақытта  АШМ  Қадағалау  және  бақылау  комитеті 

«Республикалық  ветеринарлық  зертхана»  мәліметтері  бойынша  облыс  аумағында  описторхоз 

тіркелмеген, бірақ, лигулез, постодиплостомоз, лернеоз тағы да басқалары орын алып тұр. 



Қорытынды.  Осылайша,  бұл  аурулар  балық  шаруашылығына  айтарлықтай  зиян  тигізеді, 

заманауи  диагностика,  балықтардың  опат  болуына  жол  бермейді,  балық  ӛнімдерінің  сапасын 

арттырады, су қоймаларындағы балық ӛнеркәсібін үлкейтеді. 

 

Әдебиет: 

 

        1 



Вастьянова,  А.А.  Гельминтозы  рыб  в  рыбохозяйственных  водоемах  Саратовской 

области. [Текст]: автореф. дисс... канд.ветер.наук/ А.А.Вастьянова. – Саратов: ФГБОУ ВПО СГАУ 

им. Н.И. Вавилова. – 2013. – 23 с.  

         2 

Иванов,  А.П.  Рыбоводство  в  ествественных  водоемах  [Текст]:  учеб.  пособие  для 

студ.высш. учеб.завед. // А.П.Иванов – М.: Агропромиздат. - 1988. – 367 с. 

        3 

Смирнова,  И.Р.,  Михалев,  А.В.,  Сатюкова,  Л.П.,  Борисова,  В.С.  Ветеринарно-

санитарная  характеристика  основных  видов  кормов  для  прудовых  рыб  [Текст]:  / 

И.Р.Смирнова, А.В.Михалев, Л.П.Сатюкова, В.С.Борисова // Ветеринария. – 2009.- №5. – С.30-36. 

        4 

Чеботарев,  А.И.  Водный  баланс  Кустанайской  области  [Текст]:  //  А.И.Чеботарев.  –  Л.: 

Гидрометеоиздат. - 1966. – 212 с. 

        5 

Попов,  В.А.  Ежегодная  оценка  состояния  рыбных  ресурсов  и  водных 

беспозвоночных,  биологическое  обоснование  предельных  допустимых  уловов  на 

рыбохозяйственных  водоемах  Костанайской  области  на  2016  год  [Текст]:    /  В.А.Попов.  – 

Костанай. - 2015. С.5,8 -11,31 

        6 

Иоганзен,  Б.Г.,  Кривощеков,  Г.М.  Рыбоводство  Западной  Сибири  и  Северного 

Казахстана [Текст]: // Б.Г.Иоганзен, Г.М. Кривощеков. – М.: Колос. - 1965. – 111 с. 

         7 



Федоткина,  С.Н.  Гельминтофауна  промысловых  рыб  в  естественных  водоемах 

Волгоградской  области.  [Текст]:  автореф.дисс...канд.ветер.наук/  С.Н.Федоткина.  –  Ставрополь: 

ФГБОУ ВПО Ставропольский гос. аграрный ун-т. - 2013. – 21 с. 

         8 

Агапова,  А.И.  Паразиты  рыб  водоемов  Казахстана  [Текст]:  //  А.И.Агапова.  –  Алма-Ата: 

Наука. - 1966. – 342 с. 

         9 

Сидоров,  Е.Г.  Природная  очагость  описторхоза  [Текст]:  //  Е.Г.Сидоров  –  Алма-Ата: 

Наука, 1983. – 240 с. 

        10 

Гершун, В.И., Ковалева, Т.И. Результаты ветеринарно-санитарной экспертизы рыбы 

на описторхоз в некотрых водоемах  Костанайской области  Республики Казахстан [Текст]: / 

Materialy  VIII  miedzynarodowej  naukowi-praktycznej  konferencj

»  «Perspektywiczne  opracowania  sa 

nauka I technikami-

2012» // Weterynaria. – 2012. - С. 75-77. 

         11 



Осетрова,  В.С.  Болезни  рыб.  Справочник  [Текст]:  //  В.С.Осетрова  –  М.:  ВО 

Агропромиздат. - 1989. – 288 с. 

        12 

Ахмедсадыков, Н.Н. Болезни рыб [Текст]: /Ветеринария. – 2009. - №1(5) – С. 70-74 

        13 



Бауер, О.Н.  Ихтиопатология:  учебн.для  студ.высш.учеб.завед [Текст]: // О.Н.  Бауер. – 

М.: Пищевая промышленность. - 1977. – 431 с. 

        14 

Васильков, Г.В. Гельминтозы рыб [Текст]: // Г.В.Васильков. – М.: Колос. - 1983. – 208 с. 

        15 



Канаев,  А.И.  Ветеринарная  санитария  в  рыбоводстве  [Текст]:  //  А.И.Канаев.  –  М.: 

Агропромиздат. - 1985. – 280 с. 

        16 

Абдыбекова, А.М. Паразиты рыб и методы их исследований [Текст]: / А.М.Абдыбекова, 

Г.С.Шабдарбаева, С.С. Токпан, Э.К.Зулкарнаева, А.А.Абдибаева // Ветеринария. – 2012. - №3 (25) 

– С.24-32. 

        17 



Сапожников, Г.И. Ветеринарное обслуживание рыбоводства России [Текст]:  

// Г.И.Сапожников, В.А.Седов // Ветеринария. – 2001. - №2. -– С.3-8. 

 

References: 

 


         1 

Vastianova,  А.А.  Gelmintozi  rib  v  ribochozaistvenich  vodoemach  Saratovskoi  oblasti. 

[Text]:  avtoreph.  diss...  kand.veter.nauk/ 

А.А.Vastianova.  –  Saratov:  FGBOU    VPO  SGAU  im.  N.I. 

Vavilova. 

– 2013. – 23 s.  

          2 



Ivanov,  А.P.  Ribovodstvo    v    estestvennich  vodoemach  [Text]  :  ushebnoe  posobie  dla  

studentov visshich ushebnich zavedenii / 

А.P. Ivanov – М.: Agropromizdat. - 1988. – 367 s. 

         3 



Smirnova,  I.R.,  Mishalev,  А.V.,  Satukova,  L.P.,  Borisova,  V.S.  Veterinarno-sanitarnia 

sharakteristikaosnovnish vidov kormov дdla prudovish rib[Text] / I.R. Smirnova, А.V. Mishalev, L.P. 

Satukova V.S.Borisova // Veterinaria. 

– 2009.- №5. – S.30-36. 

         4  Shebotarev



,  А.I.  Vodnii  balans  Kustanaiskoi  oblasti  [Text]:  /  А.I.  Shebotarev.  –  L.: 

Gidrometeoizdat. - 1966. 

– 212 s. 

         5 



Popov, V.А. Ejegodnaia ozenka sostoiania ribnish resursov i vodnish bespozvonochnish, 

biologicheskoe  obosnovanie  predelnish  dopustimich  ulovov  na  ribochoziastvenich  vodoemach 

Kustanaiskoi oblasti na 2016 god [Text]:  / V

.А. Popov. - 2015. S.5,8 -11,31. 

          6 Ioganzen, B.G., Krivocshecov, G

.М. Ribovodstvo Zapadnoi Sibiri i Severnogo Kazachstana 

[Text]: / B.G. Ioganzen, G

.М. Krivocshecov. – М.: Коlоs. - 1965. – 111 s. 

          7  Fedotkina,  S.N.  Gelmintophauna  promislovih  rib  v  estesstvennih  vodoemah 



Volgogradskoi  oblasti.  [Text]:  avtoreph.  diss...  kand.veter.nauk  /  S.N.Fedotkina. 

–  Stavropol:  FGBOU  

VPO Stavropolskii gos. agrarnii univer-t. - 2013. 

– 21 s. 


          8 

Аgapova, А.I. Paraziti rib vodoemov Kazachstana [Text]: / А.I. Аgapova. – Аlmа-Аtа: Nauka, 

1966. 


– 342 s. 

           9  Sidorov



,  Е.G.  Prirodnai  ochagost  opistorchoza  [Text]:  //  Е.G.  Sidorov  –  Аlmа-Аtа:  Nauka, 

1983. 


– 240 s. 

          10 



Gershun, V.I., Kovaleva, Т.I. Rezultati veterinarno-sanitarnoi ekspertizi ribi na opistorchoz 

v  nekotorich  vodoemach    Kostanaiskoi  oblasti    Respubliki  Kazachstan  [Text]:  /  V.I.  Gershun, 

Т.I. 


Kovaleva Veterynaria. 

– 2012. - S. 75-77. 

           11  Osetrova,  V.S.  Bolezni  rib.  Spavochnik  [Text]:  //  V.S.  Osetrova 

–  M.:  VO  Agropromizdat.  - 

1989. 

– 288 s. 



          12 Achmetsadikov, N.N. bolezni rib [Text]: / Veterynaria. 

– 2009. - №1(5) – S. 70-74 

          13 Bauer

, О.N. Ichtiopatologia: uchebnik dla studentov visshich ushebnich zavedenii [Text]: / 

О.N. Bauer. – M.: Pischevia promishlennost. - 1977. – 431 s. 

          14 Vasilkov,G.V. Gelmintozi rib [Text]: / G.V. Vasilkov. 

– М.: Коlоs. - 1983. – 208 s. 

          15 Kanaev

, А.I. Veterinarnia sanitaria v ribovodstve [Text]: / А.I. Kanaev – М.: Agropromizdat. - 

1985. 


– 280 s. 

          16  Abdibekova



,  А.M.  Paraziti  rib  i  metodi  ish  issledovanii  [Text]:  /  А.М.  Abdibekova,  G.S. 

Shabdarbaeva, S.S. Tokpan, E

.К. Zulkarnaeva, А.А. Abdibaeva / Veterynaria. – 2012. - №3 (25) – S.24-

32. 


           17 Sapojnikov, G.I. Veterynarnoe obslujivanie ribovodstva Rossii [Text]:  

/ G.I. Sapojnikov, V

.А. Sedov // Veterynaria.– 2001. - №2. -– S.3-8. 

 

Сведения об авторе 



 

 Suleymanova  K.-  Cand.Sc.(Biology),  associate  professor,  Kostanay  State  University  named  after 

A. Baitursynov, t.Kostanai,  Abai st. 42/1, Tel/fax 87774122712, e-mail:S.K.U.777@mail.ru 

Kulakova  L. -  Cand.Sc.(Veterinary),  associate  professor,    Kostanay  State  University  named  after 

A. Baitursynov. t.Kostanai,  9-9-115. Tel/fax 87051929034, e-mail: LubovKulakova@mail.ru  

 

Сулейманова  К.У.  –  биологиялық  ғылымының  кандидаты,  А.Байтұрсынов  атындағы 

Қостанай  мемлекеттік  университеті,  ветеринария  және  мал  шаруашылығы  технологиясы 

факультеті  ветеринариялық  медицина  кафедрасының  профессоры,  Қостанай,  Абай  42/1, 

тел/факс 87774122712, e-mail:S.K.U.777@mail.ru 

Кулакова  Л.С.  –  ветеринариялық  ғылымының  кандидаты,  А.Байтұрсынов  атындағы 

Қостанай  мемлекеттік  университеті,  ветеринария  және  мал  шаруашылығы  технологиясы 

факультеті  ветеринариялық  медицина  кафедрасының  профессоры,  Қостанай,  9-15-115. 

Тел/факс 87051929034, e-mail: LubovKulakova@mail.ru 

 

Сулейманова  К.У.  –  кандидат  биологических  наук,  профессор  кафедры  ветеринарной 

медицины 

факультета  ветеринарии  и 

технологии  животноводства 

Костанайского 

государственного  университета  имени  А.Байтурсынова,    г.Костанай,  Абая,  42/1,  тел/факс 

87774122712, e-mail:S.K.U.777@mail.ru 

 

Кулакова  Л.С.  –  кандидат  ветеринарных  наук,  профессор  кафедры  ветеринарной 

медицины  факультета  ветеринарии  и  технологии  животноводства  Костанайского 

государственного университета имени А.Байтурсынова, Костанай, 9-15-115, тел.87051929034, 

e-mail: LubovKulakova@mail.ru,  

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет