Тозаңдату
Тозаңдату кезінде болашақ қаптау материалының барлық көлемі немесе оның беті бойынша балқытылған бөлшектері қыздырылған дайындаманың бетіне бағытталады. Бетпен соғылысқан кезде тетікпен жақсы физикалық қатынасты қамтамасыз ете отырып, бөлшек деформацияланады. Бөлшектің тетік материалымен өзара әрекеттесу сипаты, кейіннен бөлшектерді кристал-дандыру қаптаудың тұтасу сапасын анықтайды. Кейінгі қабаттар бөлшектердің бір бірімен байланысуы есебінен қалыптасады, олардың қабыршақты құрылысы және едәуір біртексіз болады.
Көлемдік қоспаландыру құнының жоғарылау және аса үнемді тәсілмен (бетті қоспаландыру) талап етілетін пайдалану қасиеттерін алуға ұмтылу шамасына қарай тозаңдату аса басым болып келеді.
Тозаңдату үшін жылу көздерін: газ жалынын, плазманы, иондық қыздыруды, пештерде қыздыруды, лазерді және т.б. пайдаланады.
Газ-жалынды және плазмамен тозаңдату процестері аса кең таралды. Тозаңдатуға арналған материал сым немесе ұнтақ түрінде шілтердің жалынына немесе плазмалық доғаға беріледі, онда бөлшектер қыздырылады және тозаңдатылады, олар қыздыру көзінің жылулық ағынымен айдалады және балқытып қаптастырылатын тетіктің бетіне түседі. Пештерде қыздыру кезінде қаптауларды қалыптастырудың өзге тәсілі. Бұл жағдайда қыздырылған тетік ұнтақ немесе газ фазасы түрінде болатын, қаптау материалымен түйіседі. Мұндай әдіспен алынатын қаптау жоғары температура кезінде пеште жеткілікті түрде ұзақ ұстау кезеңінде болатын, активті диффузиялық процестер есебінен тетіктің бетімен жоғары тұтасады.
Тозуға төзімді және декоративтік қаптауларды салудың ионды-плазмалық әдістері аса кең таралып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |