ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ (ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ)
ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут
Балл саны – 25
Тапсырмалар түрі :
КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 6 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/ сұрақтардан тұрады
Тапсырмалар:
ХХ ғасырдың 20–30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарына берілген салалар бойынша талдау жасаңыз.
Салалар
|
Зардаптары
|
Саяси
|
|
Экономикалық
|
|
Әлеуметтік
|
|
Мәдени
|
|
Демографиялық
|
|
[5]
Деректі қолданып, сұрақтарға жауап беріңіз.
ЖЭС-тiң енгiзiлуiмен жердi жалға беру мен жалға алуға, жалдамалы еңбектi қолдануға рұқсат етiлді. Ауыл шаруашылық, несие, тұтынушылар кооперациясы дамыды. «Әскери коммунизм» кезiнде енгiзiлген еңбек мiндеткерлiгi мен еңбекке мобилизациялау жойылды. Ұсақ кәсіпшілік жеке адамдарға немесе кооперативтерге жалға берiлдi.
ЖЭС кезiнде қазақтардың мемлекетке астық тапсыруы. 1921 жыл.
Қазақстанда жаңа экономикалық саясатты жүзеге асырудың негiзгi белгілері қандай болды? (кемінде үш белгісін жазыңыз)
________________________________________________________________________________________
Жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде орын алған өзгерістерді жазыңыз.
(кемінде үш өзгерісті жазыңыз)
__________________________________________________________________________________________
[6]
3.Деректі қолданып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Тарихшы Манаш Қозыбаев 1921-22 жылдардағы аштық турасында: «1921-1922 жылдардағы аштық қазақтарды демографиялық апатқа әкелді. 1922 жылдың наурызында Қазақстанның батыс және солтүстік аймақтарында 2 миллион 350 мың адам аштыққа ұшырады, олардың көбі өлді» деп жазыпты. Кеңестiк билiктiң алғашқы 20-30-жылдарында қазақтар 4 миллионға жуық адамынан айырылды. 1921-1922-жылдардағы аштық кезiнде – 1млн 700 мың адам, 1932-1933-жылдары 2 млн 300 мыңға жуық адам қырылған. Мұны айғақтайтын деректер бар. 1992 жылы 31 мамырда жазушы Смағұл Елубаевтың «Алаш жұртына ашық хаты» жарияланды. Онда 1932 жылғы қанды геноцид болмағанда, 1992 жылы қазақтың саны жер бетiнде 10 миллион емес, 30 миллионға жетiп жығылатындығы айтылды.
1921-22 жж ашаршылық қандай оқиғалардан кейін орын алды ?
[2]
1921-22 жж ашаршылықтың басты себебі қандай болды?
[2]
4.1931–1933 жылдар аралығындағы ашаршылықтың демографиялық салдарына дәлел келтіріп, жазыңыз
[3]
5.Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытуға қосқан үлесіне нақты мысал келтіріңіз.
1 ________________________________________________________________________________________
2 ________________________________________________________________________________________
3 ________________________________________________________________________________________
4. ________________________________________________________________________________________
Қорытынды
5.________________________________________________________________________________________
6. ________________________________________________________________________________________
7.________________________________________________________________________________________
[7]
Достарыңызбен бөлісу: |