Балтабаева Шолпан Аипбергеновна



Дата27.12.2016
өлшемі40,12 Kb.
#6118
Балтабаева Шолпан Аипбергеновна

«Дәрігерлер құрамы еңбекақысын дифференциалды жүйеде төлеуді теориялық тұрғыдан алып негіздеу, құрастыру және оның тиімділігін бағалау», атты тақырыпта PhD докторы академиялық дәрежесіне іздену бойынша диссертациялық жұмысына



Түйіндеме

Диссертациялық зерттеу жұмысында медицина ұйымдары қызметіне кадрлық, ресурстық тұрғыдан салыстырмалы талдау өткізілген. 2000-2010 жылдар аралығындағы ҚР Президенті Басқармасы істері ауруханасы мен №1 қалалық ауруханасының қызметтік көрсеткіштері динамикасын зерттеу жұмыстары жасалынған. «Республикалық диагностикалық Орталық» АҚ, «ҚР Президенті басқармасы істері ауруханасы» ҚШЖ, «№1 қалалық ауруханасы» МҚК үш медицина ұйымы дәрігерлері құрамы арасында әлеуметтік зерттеулер жүргізілді. 300 сауалнама өткізілді. Қазіргі заманғы қазақ дәрігерінің психологиялық портреті зерттеу жұмысында ерекше орын алған. Әлеуметтік сауалнама жұмысына Республикалық Диагностикалау Орталығы (РДО) – 100 дәрігер, ҚР Президенті Басқармасы істері ауруханасы – 100 дәрігер, «№1 қалалық аурухана» МҚК – 100 дәрігер барлығы аталған медициналық ұйымдардың 300 дәрігері ат салысқан.

Құрастырылған кешенді сауалнама 38 сұрақтан тұрады, ол төмендегі жайттарға бағытталып, жүргізуге арналған:

- дәрігер жайлы обьективті (шынайы) әлеуметтік-демографиялық мәліметтер жинақтап зерттеу (жұмыс өтілі, әлеуметтік жағдайы, жынысы, жасы т.с.с.);

- кадрлар тұрақсыздығы деңгейін анықтау және жұмысын ауыстыру себептерін анықтау, қызметкерлердің қандай мәселелері шешімін таппай келетінін айқындау;

- еңбек тәртібін зерттеу және дау-дамайлы мәселелер орын алуы себептерін анықтау;

- ұйымдардағы қызметкерлердің әлеуметтік қанағаттану деңгейін анықтап білу, яғни: еңбек белсенділігін ынталандыру, қызметкерлердің еңбек потенциалын дамыту (оқыту, біліктілігін жоғарылату, қайта дайындау) қызметкерлердің еңбек потенциалын бағалау;

- ұжымдағы өзара қарым-қатынас сипатын зерттеу;

- еңбек потенциалына әсерін тигізетін факторлар маңыздылығын анықтап көрсету;

- лауазым, қызметке деген жауапкершілік пен дәрігерлер қызметінен күтілетін нәтижелерді салыстыру негізінде қызметкерлер потенциалына баға беру.

Зерттеу бағдарламасына кадрлар құрамын, ресурстық қамтылуын және медицина ұйымы қызметін зерттеу; дәрігерлерді жаппай сұрастыру арқылы сауалнама жинау (2010 жыл); медицина ұйымы дәрігерлер құрамы еңбекақысына өзгертулер енгізу динамикасын зерттеу (2008-2010 ж.ж.); медицина ұйымы дәрігерлер құрамы еңбекақысын дифференцирленген түрде төлеудің ұйымдастырымдық-экономикалық механизмдерін құру жолын ғылыми негіздеу (2008-2010 ж.ж.) көрсеткіштері енген.

Дәрігерлер құрамы еңбекақысын дифференциалды жүйеде төлеуді құрастыру және бағалау кезінде пайдаланылған негізгі әдістер: ұйымдастыру экспериментін қою әдісі, статистикалық талдау жасау әдісі, экономикалық талдау әдісі, әлеуметтік сауалнама өткізу.

Орындалған зерттеу кезінде қол жеткізілген теориялық нәтижелер практикалық, әдіснамалық және басқару бойынша ұсыныстарды медицина ұйымдары тұтынушыларына арнап, қызметкерлерді үздіксіз оқыту, әрбір қызметкердің жұмыс орнын қамтамасыз ету мәселерімен қатар, жалпы медицина ұйымдары үшін шешімін табу мен қазіргі заманғы басқару жүйесін құру деңгейіне жеткізілген. Ұйым мен жалпы қоғам үшін әңгіме-кеңестер жүргізу, сауалнамалар өткізу, нәтижелерді талқылау түріндегі зерттеу процессі өз еңбектерінің маңызын арттыруға оң әсерін білдірген. Сонымен, өткізілген зерттеулер нәтижелеріне сүйене келе төмендегі тұжырымдар жасау мүмкін болды:

1. Медицина қызметкерлерін ынталандыру бойынша теориялық аспекттерді зерттеу, медициналық ұйымдар қызметіне салыстырмалы тұрғыдан талдау жұмысын өткізу медициналық ұйымдар қызметінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне қатысты категорияларын айқындау және медициналық ұйымдарда стратегиялық жоспарлау үшін көрсеткіштердің балансталған жүйесі әдісін (КБЖӘ) пайдалану мүмкіндігін берді.

2. Үш медицина ұйымы респонденттеріне әлеуметтік сауалнама өткізу негізінде қазіргі заманғы қазақ дәрігерінің психологиялық портреті нақтыланып, жасалған, осы арқылы позитивтік (ұжымдық қарым-қатынас – 60%, рухани құндылықтарға деген наным - 90%, тек өз-өзіне ғана сене білу қасиетін байқату - 45%) және негативтік (стратегиялық маңызды шешімдер қабылдай алмау, жеке жауапкершілікке жарамсыздық - 71%, суперикемділік - 74%, қоршаған адамдар пікіріне жалтаңдаушылық - 58%) элементтер түріндегі сипаттық мінездемелер жасалған.

3. Дәрігерлер құрамын ынталандыру зерттеулері негізінде дәрігерлер еңбегін ынталандыруды басқару моделі ұсынылды, осы кезде портреттің позитивті жақтарына назар бөлу ұсынылатын болды.



4. Дәрігерлер құрамын ынталандыру жүйесі енгізілді. Медициналық жәрдем көрсету сапасын басқарудың басты мақсаты – клиникалық нәтижелер сапасын жақсарту, экономикалық тиімділікті және емнің әлеуми пайдалылығын арттыру. Әлемдік практикада сапа артуын қамтамасыз ететін бірқатар әдістер мен құралдар кеңінен пайдаланылады, олардың ішінде халықаралық стандарттарды негіз ететін, халықаралық талаптарды айқындайтын, сонымен қатар, емдік философия мен сапаны жан-жақты басқару принциптерін басшылыққа алатын басқару жүйесі ерекше орын алады.

Сапа басқаруының аталған принциптерін басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасы Президенті Басқармасы істері Медициналық орталығы жұмысына рейтингілік бағалау жүйесі енгізілді. Аталған әдіс негізін тұрғындар денсаулығын жақсарту, медициналық және санаториялық-шипажайлық ем сапасын арттыру мақсатындағы негізгі бағыттар бойынша денсаулық сақтау қызметін жоспарлы түрде өткізу бағдарламалық-мақсаттық әдісі құрайды. Құрастырылған әдіс бірнеше кезеңді өткізіліп отыратын есептеулерден құралады, олар: «индикатор (МЖБ көрсеткіштері) → стандарт → нәтиже → тиімділігін бағалау → ранжирлеу (рейтингтік баға).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет