Балалардағы жүйке жүйесінің, терінің, теріасты майдың және лимфа түйіндерінің AФЕ. Аурулар семиотикасы.
Пайдаланылған әдебиеттер
Анамнез – медициналық тексеру кезінде науқастан немесе оның туыстарынан және айналасындағы адамдардан алынған мәліметтердің жиынтығы.
Анамнез дәрігерге дұрыс диагноз қоюға және емдеу және аурудың алдын алу әдісін таңдауға көмектеседі. Кейбір жағдайларда анамнезді алу дәрігерге қосымша манипуляцияларға жүгінбестен дәл диагноз қоюға мүмкіндік береді.
Анамнез жинау әдістемесі бұрынғы аурулар, операциялар мен жарақаттар туралы сұрақтар тізімінен, аурудың басталуы мен дамуы, тұқым қуалаушылық, аллергиялық реакциялар, науқастың өмір сүру жағдайлары туралы мәліметтерден тұрады.
Ауру тарихында ауру анамнезін жинау кезінде келесі мәліметтер белгіленеді:
Анамнез жинау ерекшеліктері
Жас балаларда анамнез анасының айтуымен жиналады.Баланы ойыншықпен, әңгімемен алдап тексеру жүргізу керек. Ұнамсыз әрекетті соңына қалдыру.
Ересек балалар ауру белгісін айтуы мүмкін, бірақ оларға сұрақ беру арқылы ауру белгілерін бір бағытқа келтіруге болады.
Жас балалар анамнезінде өмір тарихына баса назар аударылады
Anamnesis morbi Бала осы аурумен алғашқыда қандай жағдайда ауырды. Аурудың басталуына қандай әсерлер себебін тигізді (жүйкелік зақымдалу, физикалык және ойлық шаршау, инфекция, тоңазу және т.б.).
Аурудың басталуы: жедел, біртіндеп. Аурудың даму барысы (жүйелігі, күшейуі, өзгерістері,өзгешеліктерінің әлсіреуі, белгілерінің жойылуы, жаңаларынан пайда болуы). Бұрынғы (үйде) жасалған емдік шаралар және олардың тиімділігі.