Балуанныѕ дене- кїш ќабілетін арттыру


Бейімделу және қалыптасу, еркін күресшіні дайындау



бет6/18
Дата07.02.2022
өлшемі167,5 Kb.
#87384
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
5 Рысбанбетов Ермұрат Ержанұлы Еркін күресшінің дене- күш қабілетін арттыру
91691978, Диплом Арт-терапия, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, 2 диплом АНАПИЯ, АНАПИЯ саптық дайындық
1.2 Бейімделу және қалыптасу, еркін күресшіні дайындау

Спорттық жаттықтыру адам ағзасының сол жүктемеге бейімделу-қалыптасу мүмкіндігінің өте жоғары екендігін көрсетеді. Қандай да болмасын өте ауыр және экстремалды жұмыс атқаруды қажет ететін қызмет түрлері адам организмін бейімделу қалыптастыру мүмкіндігі жағынан спорттық жүктеме арқылы жаттықтыруға жетпейтіндігі анықталды.Оның себебі спортшының күн сайынғы көптеген сағаттар бойына үлкен жүктемелер арқылы жаттығуы және оған климаттық әсері, сонымен қатар жарыс үстінде спортшының экстремалдық жағдайларда жиі болуы ықпал етеді.


Спорттық жаттығу кезінде спортшы әртүрлі қозғалыс түрлерін орындауымен қатар оның жылдамдығын, көлемін, орындау түрін өзгертеді, әртүрлі әдіс-айланы, тәсілдерді пайдаланады сонымен қатар психологиялық әсерлер қоса жүреді. Өткізілетін жарыстың деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын спортшы ағзасына түсетін жүктеме және психологиялық әсер көп болады, осыған байланысты бейімделу деңгейіне де жоғары талаптар қойылады.
Спорт түрлерінің ерекшелігіне байланысты қолданылатын құрал-жабдықтар әртүрлі болып келеді (доп, штанга, семсер, бокс қолғабы, т.б), ал спорттық күрес кезінде екі адам бір-бірімен жекпе-жек жағдайында болғандықтан, бейімделу қалыптасу жағдайына басқаша талаптар қойылады. Спортшының түскен күшке, атқарған жүктемеге қалыптасып-бейімделуі машықтану кезеңдеріне байланысты әртүрлі болып келеді.Көп жылды жаттығу жоспары кезеңінде алдағы өткен мерзімде болған бейімделу жағдайын бұзып, одан да жоғары талаптарға бейімделу қажеттігі туады. Осылай әр кезеңге қойылатын талаптардың өзгеріп және артып отыратындығына байланысты, адам ағзасында ерекше бейімделу процестері пайда болып отырады.
Әр спортшының спорттық жылымен 5-6 жылдан 20-25 жылға дейін және одан да көп болуына әр кезеңдегі бейімделу-қалыптасу кезеңдері бір-бірінен жоғары болып отырғанда ғана жететіні белгілі болды. Спортшының үлкен жүктемелерді жеңуге бейімделу мүмкіндігін ең жоғары деңгейде ұстап тұру мерзімінің ұзақтығы, әр спорттың түріне және әр спортшының феногенетикалық ерекшелігіне және атқарылған жаттығу жұмысының адам ағзасына әсеріне байланысты. Осы жағдайда адам ағзасына берілетін жаттығу жүктемесінің мөлшері оны орындату әдістемесіне байланысты және оған адамның бейімделуі сол деңгейде ұстап тұру мүмкіндігі тікелей әсер етеді.Осы кезеңде адам ағзасының дене-күш қуатының сарқылып шаршамауын, зорықпауын қадағалау қажет.
Жаттығудың әр кезеңдерінде адамның дене-күш қабілетінің бір түрінің азаюы екінші бір түрінің артуы сияқты құбылыстарды дөп басып байқап отыру, спорттық жарыстарда нәтижелі жетістіктерді жоспарлауға мүмкіндік береді. Спорттық күресте кілем үстіндегі жағдай өте тез өзгеріп отыратын болғандықтан ұзақ, уақыт сақталытын бейімделу процесімен қатар, аяқ асты өзгерген жағдайға қажетті тез бейімделу процесі пайда болады. Қазіргі жоғары спорт жетістіктерінің талабы спортқа дарынды балаларды алдын ала анықтау, сол арқылы болашақта үлкен спорттық көрсеткішке жету жолын іздестіру болып табылады. Шеберліктері өте жоғары және үскен спорттық жетістіктерге жеткен спортшылардың туа бікен қабілеттері басқа спортшыларға қарағанда ерекше және олардың жаттығу, жарыстық кезеңдерге бейімделу мүмкідіктерінің жоғары екендігі белгілі болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет