This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization.
3.
Банк төменде көрсетілген әдістердің бірін немесе әдістердің бірнеше нұсқасын пайдалана
отырып, Клиентке Банкте оның атына шығарылған карточка мен шоттың нөмірі туралы ақпаратты
хабарлайды:
1)
Клиент Банктің ғимаратына тікелей жүгінген кезде, бұл ретте Клиент шоттың нөмірі
көрсетілген Банк қызметкерінің қолымен куәландырылған жазбаша құжатты алуға құқылы;
2)
интернет-банкинг арқылы;
3)
SMS-хабарлама арқылы.
4.
Клиент интернет-банкинг арқылы жүгінген
жағдайда, Банк Клиентке интернет-банкингтің
көмегімен келісілген шарттарда карточканы шығару мен келісілген шарттарға сәйкес карточка
бойынша операцияларды жүзеге асыруға қажет шотты ашу арқылы
растауды немесе карточканы
шығарудан және шотты ашудан бас тарту туралы ақпаратты жібереді.
5.
Өтініш пен Банктің интернет-банкинг жүйесінде қалыптастырған карточканы шығару мен
шотты ашу туралы растауы, сонымен бірге Клиентке жіберілген
SMS-хабарламалар Банктің
дерекқорында электрондық нысанда сақталынады.
6.
Клиент Банктің кез-келген бөлімшесінен интернет-банкинг көмегімен ашылған шот бойынша
қағаз тасығышта шотты ашу туралы өтініштің данасын және шотты ашуды растаудың данасын алуға
құқылы.
7.
Банк карточканы шығару бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда және Клиент ҚР
заңнамасында және Банктің ішкі құжаттарында қарастырылған құжаттарды ұсынған жағдайда, Банк
Клиентке арналған төлем карточкасын шығарады және мұндай төлем карточкасы бойынша қызмет
көрсетеді.
8.
Карточка Банктің меншігі болып табылады және карточка ұстаушысына оны пайдалана
отырып операцияларды жүргізуге қажет шотқа қол жеткізу құралы ретінде беріледі.
Карточка
ұстаушысы Банкке карточкалар бойынша қызмет көрсету тарифтеріне және банк өнімдерінің
талаптарына сәйкес жылдық қызмет көрсету үшін комиссиялық сыйақыны төлейді.
9-тармақ осы шартқа №2 Өзгерістер мен толықтырулар редакциясында мазмұндалды
(16.11.2020ж. № 37/2020 хаттама)
9.
Карточка жоғалғанда/ұрланғанда/ бүлінгенде, сондай-ақ Клиенттің қалауы бойынша Клиент
өтініш берген кезде қолданылатын тарифтермен және (немесе) банк
өнімдерінің талаптарымен
комиссияларды ұстап қалып, Клиенттің бастамасы бойынша карточка қайта шығарылады. Карточканы
қайта шығару туралы өтініш жазбаша немесе телефон немесе мобильді/интернет банкинг арқылы
қабылданады, бірақ шарт жасау кезінде Клиент көрсеткен код сөзі және/немесе басқа деректер арқылы
Клиентті сәйкестендіру керек. Шот бойынша мерзімі кешіктірілген берешек немесе Банктің алдында
Клиенттің орындалмаған басқа да міндеттемелері болмаған жағдайда, карточка қайта шығарылады.
10.
Банк ұялы байланыс (SMS) арқылы мерзімі өткенге дейін қалған күнтізбелік он күн бұрын
жазбаша немесе Банктің қалауы бойынша басқа әдіспен карточканың жарамдылық мерзімінің
аяқталуы туралы Клиентке хабарлайды.
11.
Карточканы қайта шығарудан бас тарту туралы Клиенттің жазбаша өтініші болмаса, шартта
көзделген жағдайларды қоспағанда, карточка автоматты түрде қайта шығарылады.
12 тармақ осы шартқа №6 Өзгерістер мен толықтырулар редакциясында мазмұндалды
(30.11.2021 ж. №24/2021 хаттама)
12.
Карточка өтініште Клиент көрсеткен Клиенттің мекенжайына пошта арқылы жіберу немесе
Банктің үй-жайында немесе Банктің уәкілетті тұлғаларының беруі арқылы Клиентке ұсынылады.
Карточка іске қосылмаған күйінде беріледі. Виртуалды карточканы шығарған кезде Банк карточканың
деректемелерін (карточка нөмірі, қолданылу мерзімі, CVV2-код) мобильді банкинг арқылы Клиентке
ұсынады. Клиент код сөзін және/немесе шарт жасасу кезінде ұсынған өзге де деректерді көрсете
отырып, карточканы белсендіруі (оның ішінде телефон арқылы) және/немесе карточканы алғаны
туралы Клиенттен қолхат алу ұстаушының карточканы алуының растамасы болып табылады. Пошта
арқылы жіберілсе, Банктің Клиентке карточка беру жөніндегі міндеттемесі пошта жөнелтілімі пошта
операторына берілген күннен бастап орындалды деп есептеледі..
Достарыңызбен бөлісу: