«Банк Хоум Кредит» АҚ еб директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген


-бап. Карточканы пайдалану ережелері



Pdf көрінісі
бет28/118
Дата21.12.2022
өлшемі1,15 Mb.
#163664
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   118
Байланысты:
218045d518703b16f9bc638376687b7a

 
4-бап. Карточканы пайдалану ережелері 
1.
Карточка ұстаушысының карточканы пайдалануы ҚР заңнамасына, төлем жүйесінің 
ережелері мен нұсқаулықтарына, Банктің ішкі құжаттарына, осы ережелерге, сонымен бірге шарт 


This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization. 
талаптарына сәйкес реттеледі. 
2-тармақ осы шартқа №4 
Ө
згерістер редакциясында мазмұндалды (19.04.2021ж. № 7/2021 
хаттама) 
2.
Карточканы алғаны туралы қолхат және/немесе бір жолғы кодты пайдалана отырып, интернет-
банкингте (мобильді-банкингте) не Клиент код сөзін және/немесе Клиент шарт жасаған кезде 
көрсеткен өзге де деректерді көрсете отырып, 7373 телефоны бойынша карточканы белсендіру 
ұстаушының карточканы алуының растамасы болып табылады.
3.
Карточка бойынша операциялар карточканың оң бетінде көрсетілген тиісті төлем жүйесінің 
карточкаларын қабылдауды жүзеге асыратын орындарда ғана жүзеге асырылады. 
4.
Банк шығарған барлық төлем карталары 3DSecure технологиясына автоматты түрде қосылған. 
5.
Карточканы басқа тұлғаларға пайдалануға немесе кепілзат ретінде беруге тыйым салынады. 
Уәкілеттігі жоқ тұлға аталған карточканы ұсынған жағдайда, карточка мұндай тұлғаның иелігінен 
алынуы тиіс. 
6.
Электромагниттік өрістердің (магниттелген немесе құрамында магнит бар заттардың қасында 
ұстау, мысалы, кілттер, сөмкелердегі магнит құлыптары), магнит жолағындағы жазуды зақымдап, 
операцияларды автоматтандырылған режимде жүргізуге мүмкіндік бермейтін механикалық 
зақымдалу секілді карточкаға жағымсыз факторлардың әсер етуіне жол берілмейді. 
7-тармақ осы шартқа №4 Өзгерістер редакциясында мазмұндалды (19.04.2021ж. № 7/2021 
хаттама) 
7.
ПИН-код бір жолғы кодты пайдалана отырып, интернет-банкингте (мобильді-банкингте) не 
Клиент код сөзін және/немесе Клиент шарт жасаған кезде көрсеткен өзге де деректерді көрсете 
отырып, 7373 телефоны бойынша карточканы белсендіру сәтінде орнатылады. Карточка ұстаушысы 
ПИН-кодты есте сақтауы тиіс. ПИН-кодтың басқа тұлғаларға мәлім болуына жол бермеу мақсатында 
ПИН-кодты жазуға болмайды.
8.
Карточка ұстаушысының ПИН-кодты жариялағаны үшін Банк жауапты емес. 
9.
Банк: 
1)
ПИН-кодты дұрыс терумен растала отырып, карточка пайдаланылған кезде; 
2)
ПИН-кодты енгізбей карточканы пайдаланған кезде; 
3)
карточка деректемелерін пайдаланған кезде, 
операцияны карточка ұстаушысы жүргізді және оның келісімі бар деп санайды. 
10.
Банктің веб-сайтында көрсетілген белгіленген лимиттерден тыс, оның ішінде Банк берген 
кредиттік лимит есебінен, Интернет желісінде карточка деректемелерін пайдалана отырып, 
операцияларды жүргізу үшін Клиент телефон арқылы байланыс орталығына қоңырау шалып, 
Интернет желісінде карточканың деректемелерін пайдалана отырып, операцияларды жасауға қол 
жеткізуді ашуы қажет. Клиент қол жеткізуді ашу үшін теңгемен қажетті лимит сомасын және оның 
әрекет ету мерзімін күнтізбелік күндермен көрсетеді, бұл ретте мерзімі күнтізбелік 3 (үш) күннен 
аспауы тиіс. 
Белгіленген лимит аяқталса және/немесе лимит орнатылған мерзім өтсе, қол жеткізу жабылады. 
Клиент кез келген уақытта байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы лимит сомасын және оның 
әрекет ету мерзімін ұлғайтуға/азайтуға, немесе Интернет желісінде карточканың деректемелерін 
пайдалана отырып, операцияларды жүзеге асыру үшін қол жеткізуді жабуға құқылы. 
11.
ПИН-код қатарынан 3 (үш) рет дұрыс терілмеген болса, карточка автоматты түрде бұғатталады. 
Карточка бұғатталған сәттен бастап келесі күнтізбелік күні автоматты түрде бұғаттан шығарылады.
12.
Карточка бойынша төлем кешіктірілсе, Банк алдындағы берешегі болса, Банк карточканы 
автоматты түрде бұғаттайды. Карточка автоматты түрде мерзімі кешіктірілген берешек өтелгеннен 
кейін бұғаттан шығарылады.
13.
Карточканы пайдалана отырып операцияларды сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарында 
жүргізу үшін, сондай-ақ қолма-қол ақшаны алу орындарында жүзеге асыру үшін карточка ұстаушысы 
карточканы тиісті қызмет көрсету орнының қызметкерлеріне ұсынады.
14.
Банкоматты қолданған кезде карточка ұстаушысы қайтарылатын карточканы немесе ақша 
белгілерін алмаса, банкоматтың қорғау жүйесі іске қосылып, Клиенттің ақшасын сақтап қалу 
мақсатында карточка және/немесе ақша белгілерін банкомат алып қойып, арнайы бөлікте ұстап 
тұрады. Аталған жағдайда карточка ұстаушысы Банкпен хабарласады, Банк карточка ұстаушысына
әрі қарай жасауға болатын әрекеттер туралы кеңес береді.


This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization. 
15.
Карточка жоғалған немесе ұрланған жағдайда, сонымен бірге шотты рұқсатсыз пайдалану 
жағдайлары орын алған жағдайда, карточка ұстаушысы дереу карточканы бұғаттау туралы ауызша 
(телефон арқылы немесе байланыстың басқа жолдарымен) немесе жазбаша талабымен Банкке 
хабарласуы керек. Карточка бұғатталған соң карточка ұстаушысы карточка бұғатталғаннан кейін 
карточканы пайдалана отырып жүргізілген операциялар үшін жауапты болмайды; карточка 
ұстаушысы карточка бұғатталғанға дейін жасалған барлық операциялар үшін толық жауапты болады. 
Төлем карточкасының жоғалуы, ұрлануы немесе рұқсатсыз қолданылуы туралы хабарлама күшіне 
енгеннен кейін рұқсатсыз төлем жүргізілген жағдайда, Банк рұқсатсыз төлем жүргізумен байланысты 
шығындарды Клиентке өтейді.
16.
Банк жасырын сөзді көрсете отырып, карточканы бұғаттау фактісін анықтаған жағдайда, Банк 
карточканы бұғаттау салдарлары үшін шағымдарды қабылдамайды. 
17.
Карточканы қызмет көрсету орнында ұстап қалу төмендегі жағдайларда жүргізіледі: 
карточка бұғатталған жағдайда; 
карточканы көрсеткен тұлға оның ұстаушысы болып табылмаған жағдайда; 
карточка ұстаушысы карточканы пайдалана отырып операцияны жүргізген соң карточканы қызмет 
көрсету орнында ұмытып кеткен жағдайда. 
18.
Карточкада оның жарамдылық мерзімі аяқталатын айы мен жылы көрсетіледі. Карточка 
көрсетілген жылдағы көрсетілген айдың соңғы күніне дейін жарамды болады. Жарамдылық мерзімі 
аяқталған соң карточкалар Банкке тапсырылуы тиіс.
19.
Банк пайда болған даулы жағдайлар реттелгенге дейін карточканы уақытша бұғаттауға құқылы. 
20.
Карточка ұстаушысы карточканы қолданудан бас тартқан жағдайда, карточка ұстаушысы 
карточканың күшін жойып, оны тапсыру үшін, сондай-ақ шотты жабу үшін Банкке хабарласады. 
21.
Берілген карточканы ауыстыру (карточканың жарамдылық мерзімі аяқталған кезде оны қайта 
шығаруды есепке алмағанда) немесе жоғалған карточканың орнына жаңа карточканы шығару 
Клиенттің жазбаша өтініші негізінде немесе осы мәселеге байланысты телефон арқылы (бірақ код 
сөзінің және/немесе шарт жасағанда Клиент көрсеткен басқа деректердің көмегімен Клиентті 
сәйестендіру керек) хабарласуы негізінде іске асырылады. 
22 тармақ осы шартқа №6 Өзгерістер мен толықтырулар редакциясында мазмұндалды 
(30.11.2021 ж. №24/2021 хаттама) 
22.
Карточка оның қолданылу мерзімі өткен, карточка бүлінген жағдайларда, сондай-ақ Клиенттің 
қалауы бойынша және шартта көзделген өзге де жағдайларда ауыстырылады. Ауыстырылатын 
карточка (виртуалды карточканы қоспағанда) Банкке тапсырылуы тиіс. 
23.
Карточка ұстаушысына шот бойынша операцияларға есеп жүргізіп отыру үшін және мүмкін 
болатын дауларды реттеу үшін сауда чектерін сақтап отыруға кеңес беріледі. Карточка ұстаушысы 
Банкке барлық даулар бойынша жазбаша сұрау жібере отырып хабарласа алады. Банк жасалынған 
уақытынан бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен астам уақыт өткен карточканы пайдалана отырып 
жасалынған операциялар бойынша дауларды қабылдамайды. Наразылық дәлелденбеген болса, 
карточка ұстаушысы Банкке келтірілген шығындарды өтейді. 
24.
Жүргізілген операциялар бойынша ақпаратты уақтылы алу мақсатында карточка ұстаушысы 
Банкке тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі өзгерген жағдайда, хабардар етуге міндетті болады. 
25.
Карточка ұстаушысына карточканы заңға қайшы мақсаттарда қолдануға, оның ішінде ҚР 
заңнамасына сәйкес тыйым салынған тауарлар мен қызметтерді сатып алуға тыйым салынады. 
26.
Карточканы пайдалануға қатысты барлық мәселелер бойынша карточка ұстаушысы Банкке 
хабарласады. Банк кез келген уақытта карточка бойынша қызмет көрсетуді тоқтатуға құқылы. 
27.
Клиент төлем карточкасын пайдалана отырып, операциялар жасамаған және бұл факт туралы 
Банкке хабарлаған болса, Банк Клиенттің шотынан/шотына ақша қате алынғанда немесе есепке 
қосылғанда қателер анықталғаннан кейін жиырма төрт сағаттың ішінде ақшаны қате алу немесе есепке 
қосу алдында болған күйіне дейін Клиенттің шотындағы ақша қалдығын қалпына келтіруге міндетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет