This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization.
1-тарау. Кешенді банктік қызмет көрсету талаптары
1-бап. Терминдер мен анықтамалар
1)
авторизация
– Банк тарапынан карточканы пайдалана отырып, төлем жасауға немесе
электрондық банктік қызметтерді алуға берілетін рұқсат;
2)
аутентификация
– Банк белгілеген қауіпсіздік рәсімін пайдалану арқылы электрондық құжат
жасаудың түпнұсқалылығын және дұрыстығын растау;
3)
Банк
– «Хоум Кредит энд Финанс Банк» акционерлік қоғамы еншілес банкі (қысқартылған
атауы - «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ);
4)
банктік күн
– ҚР-ның банктері операцияларды жүргізуге ашық күн;
5)
банктік қарыз
– ҚР уәкілетті органы лицензиясының негізінде Банктің төлемділік, мерзімділік
және қайтарымдылық негізінде берген ақшалай кредиті;
6)
банктік қызмет
– осы шартқа, сонымен бірге жекелеген банктік қызметтерді көрсету туралы
шартқа сәйкес көрсетілетін қызмет;
7)
банктік қызмет көрсету
– осы шарт пен ҚР заңнамасына сәйкес Клиентке қызмет көрсету;
8)
банкомат (АТМ)
– карточка ұстаушыларына қолма-қол ақшаны алуға және карточканы
пайдалана отырып, басқа қызметтерді пайдалануға мүмкіндік беретін электронды-механикалық
құрылғы;
9) бап осы шартқа №6 Өзгерістер мен толықтырулар редакциясында мазмұндалды (30.11.2021
ж. №24/2021 хаттама)
9)
веб-сайт
– homecredit.kz мекенжайы бойынша Банктің интернет желісіндегі веб-сайты;
1-бап осы шартқа №1 Өзгерістер мен толықтырулар редакциясында 9-1) және 9-2)
тармақшалармен толықтырылды (16.10.2020 ж. № 33/2020 хаттама)
9-1)
бонус
– Клиент төлем карточкасын пайдалана отырып карточкалық операцияны жүзеге
асырған кезде Банктің өз қаражаты есебінен төлем карточкасын ұстаушы Клиентке; 2) бонустардың
рефералдық бағдарламасына қатысушы ретінде бағдарламаға қатысушы және/немесе мобильді қо-
сымшаны пайдаланушы Клиентке беретін ақша сомасы. Банк бонустарды Клиенттің және бонустар-
дың рефералдық бағдарламасына қатысушылардың бонустық шотына аударады, Клиент шартта бел-
гіленген тәртіпте және талаптарда осы бонусты пайдаланады. Карточканы шетел валютасында пайда-
лана отырып операция жасалған жағдайда, Банк Шарт талаптарына сәйкес операция сомасын айырба-
стауды жүргізеді және алмастырылған операция сомасынан теңгемен бонустарды есептейді;
9-2)
бонустық шот
– бонустарды есептеуді және пайдалануды есепке алу үшін Банк ашатын ішкі
(техникалық) шот; Банк Клиентке бірнеше бонустық шот ашуы мүмкін;
10)
Достарыңызбен бөлісу: