үзінді-көшірме – Банк белгілеген нысан бойынша қалыптастырылатын шот (шоттар) бойынша
үзінді-көшірме;
11)
сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ) – ҚР заңнамасына сәйкес есептелген
қызметтер бойынша анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесі;
1-бап осы шартқа №3 Өзгерістер мен толықтырулар редакциясында 11-1) тармақшамен толықтырылды (04.12.2020 ж. № 40/2020 хаттама) 11-1)
Мемлекеттік корпорация – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе зейнетақы, жәрдемақы, өтемақы төлемдерін және
әлеуметтік төлемдерді төлеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын өзге де тұлға/ұйым;
12)
депозит – Клиенттің Банкке оның алғашқы талап етуі бойынша немесе қандай да бiр мерзiмнен
кейiн алдын ала келiсiлген үстемесiмен не онсыз толық немесе бөлiп-бөлiп тiкелей клиетке
қайтарылуы не тапсыру бойынша үшінші тұлғаларға берілуі тиіс не тиіс емес екеніне қарамастан,
оларды номиналды түрде қайтару талабымен беретін ақшасы;
13)
шарт – Банктегі жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету жөніндегі осы шарт. Шарттың
ажырамас құрамдас бөліктеріне осы жалпы шарттар, жалпы шарттар, тарифтер жатады;
14)
жекелеген банктік қызметтерді көрсету туралы шарт – осы шарттың шеңберінде Банк пен
Клиент арасында жасалынатын жекелеген банктік қызметтерді көрсету шарты, оның ішінде банктік
салым шарты, банктік шот шарты, шотты ашпастан ақша аударымы туралы шарт, карточкаларды
шығару және қызмет көрсету шарты;
15)
өтініш – Банк бекіткен нысан бойынша әзірленген және жеке тұлғалар Банкке банктік қызметті
алу мақсатында жіберген өтініш;
16)
берешек – кредит шарты және/немесе осы шартқа сәйкес жасалынған басқа мәмілелер
This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization.
бойынша Клиенттің орындалмаған ақшалай міндеттемелері;
17)