This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization.
«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ-де
жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету шартына № 1 қосымша
(3-нұсқа)
1.
Шектеулі қолжетімділігі бар Клиенттерге электрондық банктік қызметтерді көрсету
талаптары
1.
Шектеулі қолжетімділігі бар Клиенттерге электрондық банктік қызметтер шартқа, Банктің ішкі
ережелеріне, ҚР заңнамасының талаптарына және ХТЖ тиісті ережелеріне сәйкес көрсетіледі.
2.
Электрондық банктік қызметтер Клиент шартқа қосылғаннан кейін тіркеу рәсімінен өткен кезде
көрсетіледі. Клиент интернет-банкингтегі операцияларды жасауға бағытталған іс-әрекеттерді орындау
кезінде шартқа қосылады және бұл Клиенттің шарт талаптарын қабылдағанының
белгісі болып
табылады.
3.
Банк ұсынылатын электрондық банктік қызметтер үшін Клиенттен Банктің сайтында
орналасқан банк өнімдерінің тарифтеріне және (немесе) талаптарына сәйкес комиссия алады.
Комиссия сомасы операция жасамастан бұрын экранға шығарылады.
4.
Интернет-банкинг арқылы шектеулі қолжетімділігі бар Клиент электрондық банктік
қызметтердің келесі түрлерін алуға құқылы:
1)
интернет-банкингте жүргізілген операциялар туралы ақпаратты қарауға;
2)
басқа эмитент-банктер енгізген карточкаларды қарауға;
3)
төменде көрсетілген тәртіппен эмитент-банктер шығарған карточкаларды пайдалана отырып,
қызметтерді жеткізушілердің пайдасына төлемдерді жүзеге асыруға;
4)
төменде көрсетілген тәртіппен басқа эмитент-банктер шығарған
карточкаларды пайдалана
отырып, төлемдерді жүзеге асыруға;
5)
төменде көрсетілген тәртіппен кез келген эмитент – банктің карточкаларына басқа эмитент –
банктер шығарған карточкаларды пайдалана отырып, аударымдарды жүзеге асыруға;
6)
кредит алуға өтінім жіберуге;
7)
банк кеңселеріндегі кезекті брондауға;
8)
карточкаларды шығаруға және оларға қызмет көрсетуге арналған өтінішті беруге.
Банк электрондық банктік қызметтердің тізбесін және оларды ұсыну тәсілдерін өз қалауы
бойынша кез келген уақытта біржақты тәртіппен өзгертуі және/немесе толықтыруы мүмкін.
5.
Көрсетілген электрондық банктік қызметтерді алу үшін шектеулі қолжетімділігі бар Клиент
телефон нөмірін, ЖСН көрсете отырып, тіркеуден өтуі тиіс. Клиент қажетті деректерді көрсеткеннен
кейін, көрсетілген телефон нөміріне тіркеуді растау үшін SMS-код жіберіледі. Клиент SMS-кодты
енгізгеннен кейін көрсетілген талаптарға сәйкес жеке құпиясөзді қалыптастырады.
6.
Банк электрондық банктік қызметтерді қашықтықтан
дербес компьютерлер, электрондық
байланыс құралдары және ҚР заңнамасына қайшы келмейтін басқа әдістердің көмегімен байланыс
арналары арқылы көрсетеді. Клиент дербес және өз есебінен өзінің дербес компьютерлері мен
байланыстың электрондық құралдарын
интернет желісіне қосуды, сонымен бірге пайдаланылатын
дербес компьютерлер мен электрондық байланыс құралдарын заңсыз қол жеткізу мен залал келтіретін
бағдарламалық жасақтамадан қорғауды қамтамасыз етеді.
7. Тараптар Клиенттің транзакциялық-банктік қызметтерді жүзеге асыруға тапсырмалары,
сонымен бірге шарттың талаптарына сәйкес интернет-банкингтің
көмегімен қалыптастырылған
Клиенттің өзге өтініштері/нұсқаулықтары қағаз тасығышта ресімделген құжаттарға сәйкес
келетіндігімен және шарт бойынша тараптарда үйлес құқықтар мен міндеттемелердің туындауына
алып келетіндігімен келіседі (ҚР заңнамасына сәйкес қағаз тасығышта әзірленуі және/немесе жасалуы
тиіс құжаттар мен шарттарды қоспағанда). Клиенттің операцияны жүргізу
фактісінің құжаттық
растамасы Банктің тиісті автоматтандырылған жүйесінде операцияларды жүргізу хаттамасы болып
табылады. Ол шектеулі қолжетімділігі бар Клиенттің дұрыс аутентификациясын, қосымша
сәйкестендіруін және жүйеде операцияның жасалуын растайды.
8. Банк Клиенттің өкілдеріне интернет-банкинг арқылы электрондық банктік қызметтерді қосуға
және пайдалануға мүмкіндік бермейді.
9. Банк Клиент жүргізетін төлемдер мен аударымдарды оларға
бастамашылық жасаған сәттен
бастап 1 (бір) операциялық күннен кешіктірмей жүргізеді.
This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization.
10.Банк бастамасы бойынша SMS және push-хабарламаларды электрондық банктік қызметтерді
ұсыну шеңберінде тарату Клиенттен комиссиялар мен алымдарды ұстамастан Банктің өз есебінен
жүзеге асырылады.
11.Клиентті электрондық банктік қызметтен ажырату Банк бекіткен нысанда қағаз тасығышта
тиісті түрде ресімделген және Клиенттің қолы қойылған өшіру туралы өтініштің негізінде жүзеге
асырылады.
12.Банк ХТЖ ережелерін және эмитент-банктердің
талаптарын ескере отырып, Банктің
комиссияларын есептеместен, аударымдар мен төлемдердің сомасы мен саны бойынша Банк қызметін
көрсетуге шектеулерді (бұдан әрі – лимиттер) реттейді. Лимиттерді Банк аударымдардың/төлемдердің
сомасына/санына бір жақты тәртіппен өзгертеді. Банк ақша жіберушінің/алушының аударымы
бойынша белгілеген лимиттер мен шектеулер үшін жауапты болмайды.
13.Операция ҚР заңнамасының талаптарына және/немесе ХТЖ ережелеріне және/немесе Банктің
ішкі құжаттарына сәйкес келмеген жағдайда немесе осы операция
алаяқтықпен немесе рұқсат
етілмеген әрекеттермен байланысты деген күдік болған кезде Банк Клиентке Банктің электрондық
банктік қызметін бір жақты тәртіпте көрсетуден бас тартуға құқылы.
14.Банк Клиентке интернет-банкингтегі «Белсенділік» бөліміне ақпаратты шығару арқылы
Банктің электрондық банктік қызметінің нәтижесі туралы хабарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: