«Банк Хоум Кредит» АҚ еб директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген



Pdf көрінісі
бет55/118
Дата21.12.2022
өлшемі1,15 Mb.
#163664
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   118
Байланысты:
218045d518703b16f9bc638376687b7a

4. Операцияны растау
1-тармақ осы шартқа №6 Өзгерістер мен толықтырулар редакциясында мазмұндалды 
(30.11.2021 ж. № 24/2021 хаттама) 
1.
МТЖ-да төлемдер байланыссыз төлемдерді жүзеге асыру мүмкіндігін қолдайтын POS-
терминал арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. 
2-тармақ осы шартқа №6 Өзгерістер мен толықтырулар редакциясында мазмұндалды 
(30.11.2021 ж. № 24/2021 хаттама) 
2.
Токенді пайдалана отырып жасалатын операциялар (төлемдер) электрондық байланыс 
құралын/құрылғыны POS-терминалға жақындату жолымен жүзеге асырылады. 
3.
Операция жасау үшін Клиент операция жасалатын төлем карточкасын таңдайды. Үнсіз 
келісім бойынша, төлемдер негізгі картаны пайдалану арқылы жүзеге асырылады. 
5. Токенді/электрондық байланыс құралын бұғаттау 
1.
Карточка жоғалған/карточка деректері біреуге белгілі болған/карточканы Клиенттің 
келісімінсіз пайдаланған жағдайда, Клиент/ұстаушы карточканы бұғаттау мақсатында келесі 
әрекеттерді орындауға міндетті: 

мобильді банкингте картаны өз бетінше бұғаттау; немесе 

Шартта көрсетілген телефон нөмірлері бойынша дереу Банкке хабарласу; немесе 

Банк бөлімшесіне жүгіну. 
Карточка бұғатталған сәттен бастап осы карточканы пайдалана отырып, оның ішінде МТЖ 
арқылы есеп айырысуға тыйым салынады. 
2.
Тараптар Клиенттің жеке басы анықталған жағдайда, телефон немесе басқа да байланыс 
арналары арқылы қабылданған Клиенттің токенді бұғаттау туралы нұсқаулары Банк Клиенттің 
қолымен расталған қағаз тасығышта алған Клиенттің жазбаша нұсқауларына тең деп 
танылатынымен келіседі.
3.
Токенді бұғаттау Банк Клиенттен токенді бұғаттау туралы хабарламаны алғаннан кейін 
жүзеге асырылады:

байланыс орталығына телефон арқылы хабарласқан жағдайда – хабарласқан сәттен 
бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей;

Банк бөлімшесіне жазбаша өтінішпен жүгінген жағдайда – өтініш берген сәттен бастап 
1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей орындалады.
Клиенттің жеке басын анықтау Банктің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады. 
4.
Электрондық байланыс құралы/құрылғы немесе оны басқару жүйесі жоғалған жағдайда, 
Клиент/ұстаушы токенді бұғаттау мақсатында Банкке (жоғарыда көрсетілген тәртіппен) жүгінуі 
тиіс. Бұл жағдайда Банк тек токенді бұғаттайды, ал карточка бұғатталмайды. 
5.
Токенді бұғаттаумен қатар, Клиент/ұстаушы құрылғыны бұғаттау немесе барлық 
деректерді жою үшін «Менің мобильді құрылғымды табу»/«Find My Mobile»/«iPhone табу» 
қызметін қолдануы тиіс. 
6.
Токенді бұғаттау немесе оны жою тиісті токен қалыптасқан төлем карточкасының 
қолданылуын тоқтатпайды және оны пайдалануға техникалық шектеулер қоймайды (төлем 
карточкасын бұғаттамайды).


This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization. 
7.
Төлем карточкасы бұғатталған сәттен бастап рұқсат етілмеген операцияларға жол 
бермеу мақсатында электрондық байланыс құралында осы төлем карточкасы бойынша токен 
бұғатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет