This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization.
15.
Карточка жоғалған немесе ұрланған жағдайда, сонымен бірге шотты рұқсатсыз пайдалану
жағдайлары орын алған жағдайда, карточка ұстаушысы дереу карточканы бұғаттау туралы ауызша
(телефон арқылы немесе байланыстың басқа жолдарымен) немесе жазбаша талабымен Банкке
хабарласуы керек. Карточка бұғатталған соң карточка ұстаушысы карточка бұғатталғаннан кейін
карточканы пайдалана отырып жүргізілген операциялар үшін жауапты болмайды; карточка
ұстаушысы карточка бұғатталғанға дейін жасалған барлық операциялар үшін толық жауапты болады.
Төлем карточкасының жоғалуы, ұрлануы немесе рұқсатсыз қолданылуы туралы хабарлама күшіне
енгеннен кейін рұқсатсыз төлем жүргізілген жағдайда, Банк рұқсатсыз төлем жүргізумен байланысты
шығындарды Клиентке өтейді.
16.
Банк жасырын сөзді көрсете отырып, карточканы бұғаттау фактісін анықтаған жағдайда, Банк
карточканы бұғаттау салдарлары үшін шағымдарды қабылдамайды.
17.
Карточканы қызмет көрсету орнында ұстап қалу төмендегі жағдайларда жүргізіледі:
карточка бұғатталған жағдайда;
карточканы көрсеткен тұлға оның ұстаушысы болып табылмаған жағдайда;
карточка ұстаушысы карточканы пайдалана отырып операцияны жүргізген соң карточканы қызмет
көрсету орнында ұмытып кеткен жағдайда.
18.
Карточкада оның жарамдылық мерзімі аяқталатын айы мен жылы көрсетіледі. Карточка
көрсетілген жылдағы көрсетілген айдың соңғы күніне дейін жарамды болады. Жарамдылық мерзімі
аяқталған соң карточкалар Банкке тапсырылуы тиіс.
19.
Банк пайда болған даулы жағдайлар реттелгенге дейін карточканы уақытша бұғаттауға құқылы.
20.
Карточка ұстаушысы карточканы қолданудан бас тартқан жағдайда, карточка ұстаушысы
карточканың күшін жойып, оны тапсыру үшін, сондай-ақ шотты жабу үшін Банкке хабарласады.
21.
Берілген карточканы ауыстыру (карточканың жарамдылық мерзімі аяқталған кезде оны қайта
шығаруды есепке алмағанда) немесе жоғалған карточканың орнына жаңа карточканы шығару
Клиенттің жазбаша өтініші негізінде немесе осы мәселеге байланысты телефон арқылы (бірақ код
сөзінің және/немесе шарт жасағанда Клиент көрсеткен басқа деректердің көмегімен Клиентті
сәйестендіру керек) хабарласуы негізінде іске асырылады.
22 тармақ осы шартқа №6 Өзгерістер мен толықтырулар редакциясында мазмұндалды
(30.11.2021 ж. №24/2021 хаттама)
22.
Карточка оның қолданылу мерзімі өткен, карточка бүлінген жағдайларда, сондай-ақ Клиенттің
қалауы бойынша және шартта көзделген өзге де жағдайларда ауыстырылады. Ауыстырылатын
карточка (виртуалды карточканы қоспағанда) Банкке тапсырылуы тиіс.
23.
Карточка ұстаушысына шот бойынша операцияларға есеп жүргізіп отыру үшін және мүмкін
болатын дауларды реттеу үшін сауда чектерін сақтап отыруға кеңес беріледі. Карточка ұстаушысы
Банкке барлық даулар бойынша жазбаша сұрау жібере отырып хабарласа алады. Банк жасалынған
уақытынан бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен астам уақыт өткен карточканы пайдалана отырып
жасалынған операциялар бойынша дауларды қабылдамайды. Наразылық дәлелденбеген болса,
карточка ұстаушысы Банкке келтірілген шығындарды өтейді.
24.
Жүргізілген операциялар бойынша ақпаратты уақтылы алу мақсатында карточка ұстаушысы
Банкке тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі өзгерген жағдайда, хабардар етуге міндетті болады.
25.
Карточка ұстаушысына карточканы заңға қайшы мақсаттарда қолдануға, оның ішінде ҚР
заңнамасына сәйкес тыйым салынған тауарлар мен қызметтерді сатып алуға тыйым салынады.
26.
Карточканы пайдалануға қатысты барлық мәселелер бойынша карточка ұстаушысы Банкке
хабарласады. Банк кез келген уақытта карточка бойынша қызмет көрсетуді тоқтатуға құқылы.
27.
Клиент төлем карточкасын пайдалана отырып, операциялар жасамаған және бұл факт туралы
Банкке хабарлаған болса, Банк Клиенттің шотынан/шотына ақша қате алынғанда немесе есепке
қосылғанда қателер анықталғаннан кейін жиырма төрт сағаттың ішінде ақшаны қате алу немесе есепке
қосу алдында болған күйіне дейін Клиенттің шотындағы ақша қалдығын қалпына келтіруге міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: