This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization.
өнімдерінің талаптарына және ҚР заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3.
Шотты толықтыру қолма-қол ақшаны енгізу немесе аударым арқылы ҚР заңнамасына және
Банктің ішкі құжаттарына сәйкес жүргізіледі.
4.
Орындау үшін төлем құжатын табыстау және ұсыну тәртібі Банк және халықаралық төлем
жүйесі бекіткен ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
5.
Банк шоттағы ақшаны авторизация сомасының мөлшерінде бұғаттауға құқылы. Авторизация
сомасы Клиенттің шоттағы қолжетімді сомасынан осы шартпен белгіленген негіздемелер бойынша
алынғанға дейін немесе Банк сол авторизация сомасы аясындағы төлемнің орындалмағаны жайлы
дерек алғанға дейін шегеріледі. Шоттан төлем төлеу және ақша аудару туралы Клиенттің нұсқаулары
Банкке келіп түскенде осындай нұсқаулар авторизациялау жүргізілген және шоттағы ақша бұғатталған
операция сомалары шегеріліп, шоттағы ақша қалдығы шегінде жүргізіледі.
7.
Карточка ұстаушысы сауда чектерін және карточканы пайдалана
отырып операциялардың
жүргізілгенін растайтын басқа құжаттарды карточканы пайдалана отырып операцияларды жасаған
күннен бастап 3 (үш) ай бойы басқа банктермен реттеуді талап ететін даулы транзакциялар туындаған
жағдайда, растау құжаттары ретінде қолдану үшін сақтауға міндетті.
8.
Банк ай сайын есептік кезең аяқталған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей
берешек сомасы туралы, сондай-ақ есептік кезеңде Клиент жасаған операциялар туралы ақпаратты
қамтитын кредит карточкасы бойынша ашылған ағымдағы шот бойынша Клиентке үзінді-көшірме
қалыптастырады. Банк жазбаша сұрау алған күннен бастап 10 (он) банктік күн ішінде Клиент
көрсеткен уақыт кезеңі үшін Клиенттің талап етуі бойынша үзінді-көшірме береді. Үзінді-көшірме
келесі ақпаратты қамтиды:
1)
төлем карточкасының нөмірі. Төлем карточкалары жүйелерінің және/немесе
осы шарттың
талаптарына сәйкес төлем карточкасының нөмірін толық көрсетпеуге жол беріледі;
2) есептік кезеңнің бастапқы және соңғы күні;
3) төлем карточкасын пайдалана отырып жасалған әр төлемнің сомасы мен төлеу күні;
4) төлем карточкасын қолданып төлемдерді төлеу үшін Клиенттен ұсталынған комиссиялардың
мөлшері.
5) Банк айқындайтын өзге де ақпарат.
Клиент үзінді-көшірме құрастырылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей
есептелген комиссиялар мен сыйақылар туралы ақпаратқа ескертулер беруге құқылы.
Керісінше
жағдайда үзінді-көшірмені Клиент растады деп есептеледі. Клиенттің шот бойынша үзінді-көшірмені
алмауы, сондай-ақ үзінді-көшірмедегі ақпаратқа қатысты ескертулердің болуы Клиентті осы шарттың
талаптарына сәйкес берешекті өтеу міндеттемесінен босатпайды. Үзінді-көшірме Клиентке айына бір
рет тегін беріледі.
9.
Жүргізілген операция бойынша наразылықтар болған жағдайда, карточка ұстаушысы операция
жүргізген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Банкке міндетті түрде растау құжаттарын
(сауда чектерін және т.б.) және Клиенттің жүргізген операциясы бойынша шығындарын (бар болған
кезде) дәлелдейтін құжаттарды қосымша ұсына отырып, наразылық білдіруге міндетті. Олай болмаған
жағдайда, жүргізілген операция расталды деп есептеледі.
10.
Банк Клиенттің шағымдарын, оның ішінде карточканы
немесе оның деректемелерін
пайдаланумен байланысты даулы жағдайлар пайда болған кезде мұндай шағымдарды алған күннен
бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде, сонымен бірге карточканы шетелде
пайдаланған жағдайда, шағымды алған күннен бастап күнтізбелік 45 (қырық бес) күннен аспайтын
мерзімде қарастырады. Клиенттің шағымы дәлелденген жағдайда, Банк жүргізілген тергеу негізінде
карточканы пайдалана отырып, тиісті операцияны жоя алады және/немесе Клиентке тиісті операцияны
жою сәтінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде құжатпен расталған шығындарды өтейді.
11.
Банк Клиенттің рұқсат етілмеген операцияны өтеу туралы өтінішінің негізінде рұқсат етілмеген
төлем фактісін орнату бойынша іс-шараларды қабылдайды және мұндай өтінішті алған күннен бастап
күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде оған рұқсат етілмеген операция мөлшеріндегі соманы өтейді немесе
себептері көрсетілген рұқсат етілмеген операцияны өтеуден бас тарту туралы хабарламаны жолдайды.
Үшінші тұлғалардан ақпаратты алу немесе тексеру жүргізу арқылы қосымша зерттеу қажет болған
жағдайда, Банк
Клиенттің өтінішін қарастырып, ол бойынша шешімді ҚР ішіндегі операциялар
бойынша күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде немесе шетелде жасалынған операциялар бойынша
күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде шешім қабылдап, ол туралы Клиентке хабарлайды.
This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization.
12.
Клиент Банкке Клиенттің кінәсінен/бастамасымен қабылданған
іс-әрекеттерге байланысты
карточканы алумен, бұғаттаумен байланысты карточкалар бойынша барлық шығындарды сөзсіз
өтеуге міндетті.
13.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, шотта орналастырылған қаражат тек қана Клиент жүргізген
операциялары бойынша Клиент пен Банк арасында өзара есеп айырысуларды іске асыру үшін
пайдаланылады.
14.
Банкке ақша қолма-қол ақшасыз немесе Клиенттің шотына есептеу мақсатында Клиент Банктің
кассасы арқылы ақша енгізген кезде Банк көрсетілген ақшаны түскен (енгізген) күні Клиенттің шотына
есепке алады.
15.
Карточканы үшінші тұлғаларға пайдалануға тыйым салынады және мұндай пайдалану
фактілері анықталған жағдайда, карточка бұғатталады және/немесе алып қоюға жатады.
16.
Банк жеке шот валютасынан ерекшеленетін валютада операциялардың айырбастау бағамын,
сонымен бірге айырбастау бойынша операциялар жүргізілетін валюталардың тізімін бекітеді және өз
қалауы бойынша өзгерте алады. Соманы айырбастауды талап ететін операцияларды жүзеге асырған
кезде шоттағы қажет соманы бұғаттау транзакцияны жасау сәтінде
бекітілген бағам бойынша, ал
шоттан қажетті соманы есептен шығару транзакцияны растау сәтінде әрекет ететін бағам бойынша
жүзеге асырылады. Банк айырбастауды жүргізу кезінде операцияны жүргізу сәтінде әрекет ететін Банк
тарифтеріне және (немесе) банк өнімдерінің талаптарына сәйкес комиссияларды алуға құқылы.
17.
Карточка ұстаушысы карточканы Банктің веб-сайтында жарияланған тізімдегі
компрометациялау тәуекелі жоғары мемлекеттерінде пайдаланған жағдайда,
карточка иесі
компрометациялау тәуекелі жоғары мемлекеттерде карточканы пайдалануды тоқтатқан сәттен бастап
3 (үш) банктік күн ішінде Банкке карточканы қайта шығару үшін жүгінуге міндетті. Аталған талапты
сақтамаған жағдайда және осыған байланысты мұндай карточка бойынша рұқсат етілмеген
карточканы пайдалана отырып жасалынған операциялар пайда болған жағдайда,
Банктің барлық
шығындары, сонымен бірге Банкке келтірілген нұқсан карточка иесінен сөзсіз тәртіпте өндіріп алынуы
тиіс.
18.
Тізімі Банктің веб-сайтында көрсетілген, тыйым салынған тізімдегі елдерде Банк белгілеген
шектеулерге байланысты төлем карточкасын қолданып, транзакциялар жүргізу мүмкін емес.
19.
Банктің бастамасымен шотты жабу осы шарттың 2-тарауының 3-бабында келтірілген тәртіпте
жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: