Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу Жумадилова Айгуль Кабдикаримовна Қаржы (5В050900) на базе ТИПО, 2 курс Курсқа байланысты 30 глоссарий Ұлттық банк - бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.
Банк ресурстары- бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Банктің меншікті капиталы - банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Банк активтері - пайда табу мақсатында банктік ресурстарды түрлі активтер бойынша орналыстырылған қаражаттары.
Ақша-песие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесініц қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтыгы.
Банктің филиалы - филал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілетін банктік операцияларды жүзеге асыруға құқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар , заңды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме
Банктің өкілдігі — банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни банктің тапсырмасымен және оның атьшан әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс орналасқан , заңды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық бөлімшесі.
Еншілес банк — жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиселі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға.
Есеп айырысу-кассалық бөлімі (жинақ кассасы) – ҚР аумағында банктік операциялардың жекелеген түрлерін орындайтын, филиал немесе өкілеттік мәртебесі жоқ, заңды тұлға емес, Ұлттық банктің келісімі негізінде құрылатын банктік аумақтық бөлімшесі.
Инспекциялық қадағалау - банктерді орналасқан жерінде тексеру арқылы олардың жағдайлары туралы нақты мәліметтер алуға мүмкіндік беретін банктердің қызметін реттеу әдісі.
Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.
Күндізгі заем – банктік жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте ашқан корреспонденттік шотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие.
Пассивті депозиттік операциялар – бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын бегіліт уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар.
Мерзімді депозит – бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шарттында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.
Депозиттік және жинақ сертификаты – бұл салым иесіне белгілі мерзім өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын банк-эмитенттің жазбаша куәлігі.
Провизиялар –активтердің қайтарылмауы не олардың құнының төмендеуінен келген шығындарды жабу үшін қажетті құралдардың сомасы.
Провизиялар жалпы және арнайы болып бөлінеді.
Жалпы провизиялар –бұл банктің арнайы провизияларды құруды қажет ететін активтерден басқа да барлық жиынтық активтері бойынша мүмкін шығындарды жабу үшін құрылған провизиялар.
Арнайы провизиялар-бұл құны өзінің сатып алу құнынан екі есе төмен не қайтарылмай қалуы мүмкін нақты жіктелінген активтер бойынша шығындард жабуға арналған провизиялар.
Банктердің инвестициялық саясаты – банк қызметінің тұрақты жұмыс жасауын, нәтижелігін немесе паидаланылған, сондаи-ақ өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялар портфелін басқару страгияларын жасауға және іске сыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Несиенің төлемділігі – бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді.
Резервтік қор – банк қызметінде пацда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған қаражат қоры.
Қосымша капиталдар – негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар.
Арнайы қорлар – негізі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры.
Банктік инвестиция - пайда табу мақсатында банктің ресурстарын орналыстыруға бағытталған активтік оперциялардың жиынтығы.
Қоржындық инвестиция - табыс немесе пайда алу мақсатында ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауы.
Кассалық операция – бұл құндылықтарды қабылдау, қайта санау, майдалау, айырбастау, беру, сорттау, орау және сақтаумен байланысты операцияны білдіреді.
Стандартты несие - қайтарылу уақыты жетпеген,
бірақ қайтуында ешқандай күмөн жоқ несиелер;
Күмәнді несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген,
мерзімі үзартылған жөнс банк үшін тәуекел туғызатын
несиелер.
Үмітсіз несиелер - қайтару уақыты кешікгірілген, мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер.