«Банк Хоум Кредит» АҚ еб директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген



Pdf көрінісі
бет50/118
Дата21.12.2022
өлшемі1,15 Mb.
#163664
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   118
Байланысты:
218045d518703b16f9bc638376687b7a

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ-де 
жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету шартына № 2 қосымша 
(3-нұсқа) 
 
Интернет-банкингте (мобильді банкингте), сондай-ақ Банктің веб-сайтында карточкаларды 
шығару шарттары мен тәртібі 
 
1. Осы қосымша арқылы Клиенттің интернет-банкингте (мобильді-банкингте), сондай-ақ Банктің 
веб-сайтында карточка шығаруға онлайн-өтінім беру тәртібі, Банктің берілген өтінімдерге қатысты 
қабылданған шешімдер туралы Клиентті хабардар ету тәртібі анықталады. Карточканы шығаруға 
онлайн-өтінімді ресімдеу үшін Клиент дербес компьютерлердің, электрондық байланыс 
құралдарының және т.б. экрандарында көрсетілген нұсқауларды орындауы қажет. 
2. Интернет-банкингте (мобильді банкингте), сондай-ақ Банктің веб-сайтында атауы жоқ 
карточканы шығару үшін Клиент талап етілетін деректерді толтырады: ЖСН, ұялы телефон нөмірі, 
Клиенттің аты-жөні.
Интернет-банкингте (мобильді банкингте), сондай-ақ Банктің веб-сайтында онлайн-өтінімдер 
бойынша атаулы карточкаларды шығару жүзеге асырылмайды.
3. Енгізілген телефон нөмірінің дұрыстығын растау үшін Банк Клиентке біржолғы кодты жібереді, 
оны Клиент тиісті жолда көрсетеді.
4. Телефон нөмірін растағаннан кейін Банк телефон арқылы Клиенттен карточканы шығару үшін 
қажетті қосымша ақпаратты нақтылайды. 
5. Клиент туралы қажетті ақпаратты толтырғаннан кейін Банк карточканы шығарады.
6-тармақ осы шартқа №6 Өзгерістер мен толықтырулар редакциясында мазмұндалды 
(30.11.2021 ж. № 24/2021 хаттама) 
6. Карточка Клиентке тікелей Банк бөлімшесінде немесе карточканы шығаруға арналған онлайн-
өтінімде көрсетілген мекенжай бойынша беріледі. Карточканы тапсырған кезде Банк жеке басын 
куәландыратын құжаттар негізінде қосымша тексеруді жүргізеді, егер карточка карточканы шығаруға 
арналған онлайн-өтінімде көрсетілген мекенжай бойынша тапсырылса, Банк Клиентті карточкамен 
бірге суретке түсереді. Банк Клиенттен ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес Клиентті тиісінше 
сәйкестендіру үшін қажетті қосымша құжаттарды талап етуге құқылы. Виртуалды карточканы 
шығарған кезде Банк карточканың деректемелерін (карточка нөмірі, қолданылу мерзімі, CVV2-код) 
мобильді банкинг арқылы Клиентке ұсынады.
7. Банк құжаттарды тексергеннен кейін Клиентке теңгеде ағымдағы шотты ашады. Банк ашылған 
шоттың және Клиентке арнап шығарылған карточканың деректемелерін интернет-банкингте 
(мобильді банкингте) көрсетеді. 
8. Клиентке карточканы бергеннен кейін Банк Клиентке карточканы алуды растау үшін телефон 
нөмірі бойынша қоңырау шалады. Клиент одан кейін карточканы белсендіріп, ПИН-код орната алады. 
Клиент карточканы белсендіруді және ПИН-кодты орнатуды Шарттың талаптарына сәйкес жеке 
жүзеге асырады. 
9. Клиенттің карточканы пайдалануға бағытталған әрекеттері (белсендіру, ПИН-кодты орнату 
және т.б.) Клиенттің Банк тарифтерімен, сондай-ақ Банктің веб-сайтында жарияланған Шартпен 
танысқандығын және келісетінін білдіреді, оған Клиент толық және сөзсіз қосылады. 
 


This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization. 
 


This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization. 
№3 қосымша осы шартқа №1 Өзгерістер мен толықтырулар редакциясында мазмұндалды 
(04.12.2020 ж. №40/2020 хаттама) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет