6. Қауіпсіздік талаптары Клиент/ұстаушы пайдаланатын ақпаратты қорғау шаралары:
−
электрондық байланыс құралын/құрылғыны қараусыз қалдырмау;
−
құпиясөз және басқа да бұғаттау/бұғаттан шығару әдістерін пайдалана отырып,
электрондық байланыс құралында/құрылғыда тиісті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету;
−
электрондық байланыс құралында басқа тұлғаның дербес деректерінің (оның ішінде
биометриялық деректер) немесе электрондық байланыс құралын бұғаттан шығарудың өзге де
тәсілдерінің тіркелмегеніне көз жеткізу;
−
СМС құпиясөздерді, құрылғылардың тіркеу деректерін, карточка деректемелерін жария
етпеу;
−
егер электрондық байланыс құралы/құрылғы енді пайдаланылмаса немесе басқа тұлғаға
пайдалануға (мысалы: жөндеу/сервистік қызмет көрсету үшін) берілсе, электрондық байланыс
құралында/құрылғыда бар барлық дербес деректерді, есептік деректерді, карточка
деректемелерін, Банктің мобильді қосымшасы мен қаржылық ақпаратты жою;
−
егер электрондық байланыс құралын үшінші тұлға тарапынанпайдалану қаупі туындаса
немесе ол бұзылған, жоғалған немесе ұрланған жағдайда, дереу Банкке жүгіну және/немесе
«Менің мобильді құрылғымды табу»/«Find My Mobile»/«iPhone табу» қызметін қолдану қажет.
Карточкаларды рұқсатсыз пайдалануды болдырмау үшін электрондық байланыс құралындағы
есептік жазбаны өзгерту керек;
−
барлық карточкаларды қорғау мақсатында қауіпсіздік функциялары мен рәсімдерін
пайдалану үшін электрондық байланыс құралына орнатылған қосымшаларда көзделген кез
келген қауіпсіздік функцияларын бұғаттамау;
−
күрделі құпиясөз орнату;
−
электрондық байланыс құралына қатысты құрылғының операциялық жүйесінің
артықшылықтарын арттыру/ бұзу операцияларына жол бермеу;
−
құрылғыны жөндемес бұрын немесе оны басқа тұлғаға бермес бұрын барлық дербес
деректерді, қаржылық ақпарат пен токендерді жою;
−
Клиентке/ұстаушыға тиесілі емес электрондық байланыс құралдарына карточканы
тіркеу үшін үшінші тұлғаларға, оның ішінде Банк қызметкерлеріне карточка деректемелерін
және/немесе смс құпиясөздерді хабарламау;
−
карточканы үшінші тұлғаларға тиесілі электрондық байланыс құралдарына тіркемеу.