«Банк Хоум Кредит» АҚ еб директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген


 Тараптардың құқықтары мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет57/118
Дата21.12.2022
өлшемі1,15 Mb.
#163664
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   118
Байланысты:
218045d518703b16f9bc638376687b7a

7. Тараптардың құқықтары мен міндеттері 
1.
Банк:
1)
МТЖ арқылы карточка деректемелерін пайдалана отырып жасалған операциялар 
бойынша ұстаушының өкімдерін орындауға; 
2)
Ұстаушыға қатысты алдын ала верификациялау процесі сәтсіз өтсе, МТЖ арқылы 
карточка деректемелерін пайдалана отырып, өкімдерді қабылдауға жол бермеу үшін барлық 
мүмкін шараларды қолдануға; 
3)
осы шарттарда көзделген мерзімде электрондық байланыс құралында токендерді 
бұғаттауға; 
4)
МТЖ-да карточкаларды тіркеу мәселелері бойынша ұстаушыға кеңес беруге міндетті. 
2.
Банк:
1)
келесі жағдайларда МТЖ-да карточканы пайдалана отырып жасалған ұстаушының 
өкімдерін орындамауға: 

егер ұстаушыны верификациялау/карточканы верификациялау процесі сәтсіз өтсе; 

егер Клиент/ұстаушы ҚР заңнамасының, шарт талаптарының, осы шарттардың 
талаптарын сақтамаса, сондай-ақ Банк алдында өзге де орындалмаған міндеттемелері болса; 


This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization. 
2)
қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бір реттік кодтың қолданылу мерзімі бойынша 
қосу процесінің бір сеансы (тайм-аут) шегінде шектеулер қоюға; 
3)
ҚР заңнамасында белгіленген жағдайларда Клиентке/ұстаушыға қатысты ҚР 
заңнамасымен Банкке жүктелген бақылау және өзге де функцияларды жүзеге асыруға, осыған 
байланысты Клиенттен/ұстаушыдан МТЖ-да карточка деректемелерін пайдалана отырып, 
болжанатын немесе жасалған операциялардың сипаты мен экономикалық мәні бойынша кез 
келген қажетті құжаттарды және (немесе) жазбаша түсініктемелерді сұратуға; 
4)
кез келген сәтте Клиенттен Клиент берген және Банк орындаған Клиент өкімдерінің мәні 
мен мазмұны бойынша баламалы қағаз тасығыштағы құжаттарға қол қоюды талап етуге; 
5)
кез келген уақытта, хабарлама жіберместен және кез келген себеппен, оның ішінде егер 
ұстаушы осы шарттарды бұзатын болса, карточка деректемелерін және МТЖ-да жасалған 
төлемдерді бұғаттауға, шектеуге, тоқтата тұруға немесе тоқтатуға; 
6)
ұстаушыны верификациялау/ карточканы верификациялау процесі сәтсіз өтсе немесе 
орындалмаған міндеттемелер болса (тыйым салу, бұғаттау), МТЖ-да төлем жасау үшін 
карточканы тіркеуден бас тартуға; 
7)
өз қалауы бойынша токенді жоюға, сондай-ақ МТЖ-да тіркелген карточканы жоюға 
құқылы. 
3.
Клиент:
1)
осы шарттардың ережелерін сақтауға; 
2)
құпиялылықты, сондай-ақ электрондық байланыс құралын/құрылғыны, құпиясөзді, SIM-
картаны оларға үшінші тұлғалардың қол жеткізуін болдырмайтын тәсілмен қауіпсіз сақтауды 
қамтамасыз етуге, сондай-ақ электрондық байланыс құралын, карточканы, құпиясөзді, SIM-
картаны бөгде адамдар пайдалануы мүмкін деген күдік туындаса, бұл туралы Банкке дереу 
хабарлауға; Электрондық байланыс құралын/құрылғыны немесе оны басқару жүйесін ұстаушы 
карточканы, құпиясөзді, SIM-картаны жоғалтқан жағдайда немесе оларды үшінші тұлғалар 
пайдалануы мүмкін деген күдік туындаса, Клиент/ұстаушы бұл туралы Банкке дереу хабарлауы 
тиіс. Хабарлама негізінде Банк картаны және/немесе токенді бұғаттайды. МТЖ арқылы карточка 
деректемелерін пайдалана отырып, ақша қаражаты рұқсатсыз есептен шығарылған жағдайда, 
Клиент/ұстаушы тексеру жүргізу кезінде Банкпен ынтымақтасуы және Банкке төмендегі 
құжаттарды ұсынуы тиіс: 

рұқсат етілмеген операция туралы SMS-хабарламаның/Push-хабарламаның келіп түскен 
күні мен уақытын көрсете отырып және осы операцияны егжей-тегжейлі сипаттай отырып, 
Банкте белгіленген нысан бойынша не банктің қалауы бойынша еркін нысандағы өтініш; 

Клиенттің/ұстаушының операция жасауға қатысы жоқтығын растау, мысалы, егер рұқсат 
етілмеген операцияны жасау фактісі бойынша құзыретті органдар қылмыстық іс қозғаған болса, 
құқық қорғау органдарының тергеу материалдары және т.б.; 

сауда ұйымы ұсынған құжаттар; 

даулы жағдайға қатысы бар немесе рұқсат етілмеген есептен шығару туралы өтініштерді 
қарау шеңберінде Банк орынды талап етуі мүмкін өзге де құжаттар мен ақпарат; 
3)
Арнайы карточкалық шоттағы операция сомасы мен ағымдағы қалдық сомасының 
сәйкестігін бақылауға және осы қалдық шегінде МТЖ-да операцияларды жасауға; 
Тапсырмаларды жіберу кезінде Тарифтерге сәйкес осы операция үшін комиссияны бір мезгілде 
есептен шығару үшін АКШ-да қаражаттың жеткіліктілігін бақылауға; 
4)
Банктің ресми веб-сайтында шарттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы 
ақпаратты тұрақты түрде, бірақ айына кемінде 1 (бір) рет қадағалап отыруға; 
5)
3 (үш) жұмыс күні ішінде Банкке клиенттің/ұстаушының телефон нөмірінің өзгергені, 
ұялы байланыс операторының клиенттің/ұстаушының телефон нөміріне қызмет көрсетуді 
тоқтатқаны немесе SIM-карточканың ауыстырылғаны туралы хабарлауға. Банк көрсетілген 
ақпаратты алғаннан кейін Клиент/ұстаушы Банк бөлімшесіне жүгініп, телефон нөмірінің өзіне 
тиесілілігін растағанға дейін осы шарттарға сәйкес қызмет көрсетуді тоқтата тұруға; 
6)
МТЖ-да жасалған операциялардың сипаты мен экономикалық мәніне қатысты Банк 
сұратқан құжаттарды және (немесе) жазбаша түсініктемелерді ұсынуға; 
7)
осы шарттарда және шартта көзделген өзге де талаптарды орындауға міндетті. 
4.
Клиент:


This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization. 
1)
төмендегі операцияларды орындау мақсатында Банкке жүгінуге: 

токенді белсендіру (Банктің байланыс орталығы арқылы) 

МТЖ жұмысы бойынша кеңес алу; 
2-тармақша осы шартқа №6 Өзгерістер мен толықтырулар редакциясында мазмұндалды 
(30.11.2021 ж. № 24/2021 хаттама) 
2)
Банк бөлімшесіне келіп немесе телефон арқылы хабарласып, карточканың/токеннің 
қолданылуын тоқтата тұруға. Клиентті сәйкестендіру (өкілеттігін белгілеу) Банктің ішкі құжаттарына 
сәйкес жүзеге асырылады; 
3)
банкке өтініштермен, оның ішінде МТЖ арқылы карточканың деректемелерін пайдалана 
отырып жасалған операцияларға байланысты даулар туындаған кезде жүгінуге, сондай-ақ 
өтініштерді қарау нәтижелері туралы ақпарат алуға, оның ішінде жазбаша нысанда алуға құқылы, 
бұл ретте Банк осындай өтініштерді алған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын 
мерзімде ақпаратты ұсынуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет