This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization.
үшін қажетті мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынбаса немесе дұрыс емес құжаттарды ұсынған
жағдайда, банктік қызмет көрсетуден бас тартуға;
9)
Клиенттен жүргізілетін операцияға қатысты қосымша ақпарат пен құжаттарды олардың ҚР
заңнамасына сәйкестігін тексеру мақсатында сұрауға;
10)
ҚР заңнамасына сәйкес Клиенттің шоттары бойынша операцияларды жүргізуді тоқтата тұруға;
11)
төлем деректемелерін көрсеткен кезде Клиент жіберген қателер анықталған жағдайда, Клиент
Банкке қажет құжаттардың/деректемелердің толық емес жиынтығын ұсынған кезде немесе мүлдем
ұсынбаған кезде, сонымен бірге операциялар ҚР заңнамасына, Банктің ішкі құжаттарына және
шарттың талаптарына қайшы келген жағдайда, Клиенттің тапсырмасын орындамауға;
12)
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Клиентке тиісті қызмет көрсету мақсатында оған қосымша
ескертусіз өзінің үй-жайларында және өз құрылғыларында бейнебақылау, сондай-ақ аудио және
телефон жазбаларын жүргізуге. Бейнежазбалар мен телефонмен сөйлесу жазбалары Банк пен Клиент
арасындағы дауларды қарау кезінде, сондай-ақ өзге жағдайларда дәлел ретінде пайдаланылуы мүмкін;
13)
шарт негізінде Клиентке алдын ала ескерту жіберместен шоттан, сондай-ақ клиенттің кез
келген басқа да банктік шоттарынан Банкке тиесілі соманы, Клиенттің Банк алдындағы қолданыстағы
ақшалай міндеттемелері бойынша берешекті және (немесе) шарт негізінде Банкке тиесілі комиссиялар
мен алымдарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, сонымен бірге шотқа қате аударылған ақшаны
тікелей дебеттеу арқылы алуға. Осы арқылы Клиент Банкке шарттың сомасы мен талаптарында
ақшаны тікелей дебеттеуді жүзеге асыруға сөзсіз және даусыз құқық береді;
14)
Клиенттің қосымша келісімінсіз шот валютасынан ерекшеленетін Банкке түскен валютадағы
ақшаны Банк айырбастау күніне белгілеген бағам бойынша айырбастауды жүргізуге;
15)
Клиент жүргізген операцияларға қатысты дауларды мұндай операцияларды жүргізген күннен
бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін қабылдамауға;
16)
Клиент Банкке шартты бұзу немесе шарттан бас тарту туралы жазбаша өтінішті ұсынған
жағдайда, Клиентке карточка/шот бойынша қызмет көрсеткені үшін комиссияны қайтармауға;
17)
Клиент шарттың талаптарын бұзған жағдайда, банктік қызмет көрсетуде шектеу туралы
ескертуге немесе банктік қызмет көрсетуді шектеуге және (немесе) тоқтата тұруға;
18)
Клиентке алдын ала хабарлама жіберместен шартты орындаудан толық немесе ішінара бір
жақты соттан тыс тәртіпте бас тартуға, карточканы шығармауға/қайта шығаруға, сонымен бірге
карточканы келешекте алу құқығымен карточканы бұғаттауға және (немесе) Клиенттің шотын (оның
ішінде шот бойынша шығыс операцияларын тоқтату) Банк өз талаптарын қанағаттандыру мақсатында
шотты тікелей дебеттеу арқылы шоттағы ақшаны өндіріп алу құқығымен бұғаттауға:
Клиент шарттың талаптарын бұзған жағдайда;
кредит шартының талаптарын орындамаған немесе тиісті деңгейде орындамаған немесе Клиенттің
Банк алдында өзге де орындалмаған міндеттемелері болған жағдайда;
шот бойынша соңғы операцияны жүргізген (карточканы пайдалана отырып) күннен бастап шот
бойынша соңғы күнтізбелік 12 (он екі) ай ішінде операциялар болмаған жағдайда;
шотқа ақша қате есепке алынған жағдайда;
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді
қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңында немесе Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық шартта көзделген жағдайларда;
Клиент Банк талап еткен құжаттар мен мәліметтерді ұсынбаған жағдайда;
карточканың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда;
банк қызметкерімен еңбек қатынастары тоқтатылған кезде, егер карточка банк қызметкерлері үшін
банк өнімдерінің ерекше талаптары бойынша берілген жағдайда;
Банктің қалауы бойынша немесе ҚР заңнамасында көзделген кез-келген өзге жағдайларда;
19)
операциялардың ҚР заңнамасының талаптарына және Банктің ішкі құжаттарына сәйкессіздігі
анықталған жағдайда, шот бойынша шығыс операцияларын жүзеге асыруға тыйым салуға;
20)
Клиенттің нұсқауын орындаудан, егер мұндай нұсқау және ол бойынша ұсынылған құжаттар
ҚР заңнамасының талаптарына қайшы келген жағдайда, бас тартуға;
21)
есептелген айыппұлдарды (өсімақыны) өндіріп алудан біржақты тәртіппен бас тартуға және
Клиенттен оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындауды талап етпеуге;
Достарыңызбен бөлісу: