«Банк Хоум Кредит» АҚ еб директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген



Pdf көрінісі
бет12/118
Дата21.12.2022
өлшемі1,15 Mb.
#163664
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   118
Байланысты:
218045d518703b16f9bc638376687b7a

2-тармақ осы шартқа №1 Өзгерістер мен толықтырулар редакциясында 21-1) тармақшамен 
толықтырылсын (16.10.2020 ж. № 33/2020 хаттама) 


This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization. 
21-1) өз клиенттері үшін бейілділік және бонустардың арнайы бағдарламаларын жүргізуге. Банк 
бейілділік және бонустар бағдарламасын жүргізетін Банк өнімдерінің санаттары Банктің ішкі 
құжаттарында белгіленеді. Бейілділік және бонустардың тиісті бағдарламалары туралы ақпарат 
Банктің веб-сайтында және/немесе мобильді қосымшада жарияланады; 
2-тармақ осы шартқа №3 Өзгерістер мен толықтырулар редакциясында 21-2) тармақшамен 
толықтырылсын (04.12.2020 ж. № 40/2020 хаттама)
21-2) Клиент мемлекеттік бюджеттен берілетін зейнетақыны, жәрдемақыларды және (немесе) 
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемдерді жәрдемақы алуға 
арналған шотқа алған жағдайда Клиент мемлекеттік бюджеттен берілетін зейнетақыны және (немесе) 
жәрдемақыларды және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік 
төлемдерді алу үшін шарт талаптары туралы ақпаратты, Клиенттің ЖСН нөмірін, Клиенттің банктік 
құпиясын құрайтын жәрдемақы алуға арналған шот нөімір туралы мәліметтерді Мемлекеттік 
корпорацияға беруге; Клиент осы арқылы өзінің сөзсіз және кері қайтарып алынбайтын келісімін 
береді; 
22)
ҚР заңнамасымен, Банк пен Клиент арасында жасалынған шарттармен белгіленген өзге де 
құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 
3.
Клиент:
1)
осы шартқа және жекелеген банктік қызметтерді ұсыну шарттарына сәйкес міндеттемелерді 
уақытында және толық көлемде орындауға; 
2)
жеке басын куәландыратын құжат деректері, тұрғылықты мекенжайы, еңбек қызметі 
орындарының, төлем деректемелерінің, телефон нөмірлерінің деректері, сонымен бірге Банкке 
ұсынылатын басқа деректер өзгерген жағдайда, мұндай өзгерістерді растайтын құжаттарды 
тараптармен келісілген байланыс құралдарының кез-келген бір түрімен немесе жазбаша түрде 3 (үш) 
банктік күн ішінде ұсынуға; 
3) тармақша осы шартқа №6 Өзгерістер мен толықтырулар редакциясында мазмұндалды 
(30.11.2021 ж. №24/2021 хаттама) 
3)
интернет-банкингке кіруге, ПИН-кодқа, карточкаға немесе оның деректемелеріне, телефон 
нөмірі, ЭЦҚ бар sim-картаға қажет ақпараттың (оның ішінде логин, жеке құпиясөз, SMS-код) 
сақталуын, рұқсат етілмеген қолдануды болдырмайтын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге.
Интернет-банкингке кіруге, ПИН-кодқа, карточкаға немесе оның деректемелеріне, телефон нөмірі, 
ЭЦҚ бар sim-картаға қажет ақпаратты (оның ішінде логин, жеке құпиясөз, SMS-код) үшінші 
тұлғаларға беруге болмайды. ПИН-кодты, логинді, жеке құпиясөзді, SMS-кодты немесе картаны
телефон нөмірі, ЭЦҚ бар sim-карта салынған ұялы телефонды жоғалтқан жағдайда, сонымен бірге 
үшінші тұлғалардың логинді, жеке құпиясөзді, SMS-кодты, ПИН-кодты, телефон нөмірі, ЭЦҚ бар sim-
карта салынған ұялы телефонды заңсыз пайдалану қаупі туындаған кезде осы туралы дереу барлық 
қолжетімді байланыс арналары арқылы Банкке хабарлауға. Жеке құпиясөз туралы ақпаратты 
жариялау кезінде жеке құпиясөзді интернет-банкинг арқылы ауыстыруға. Клиенттің интернет-
банкингке кіру мүмкіндігі болмаған жағдайда, дереу Банкке хабарласуға. Клиент: 
электрондық банктік қызметтерге қол жеткізуді бұғаттау (тоқтату) үшін байланыс орталығына 
жүгінуге;
телефон нөмірін ұялы байланыс операторы арқылы бұғаттауға құқылы; 
4)
Банк қызметтерін жекелеген банктік қызметтерді ұсыну шарттарына, Банк белгілеген 
тарифтерге және (немесе) банк өнімдерінің талаптарына сәйкес төлеуге;
5)
Банкке өз шоттарына заңсыз кіру фактілерін немесе заңсыз кіру фактілерінің болуына күдік 
болған жағдайда, дереу хабарлауға; 
6)
ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде және тәртіппен шоттар бойынша операцияларды 
жүзеге асыру туралы ақпарат пен барлық қажетті құжаттарды ұсынуға;
7)
ҚР заңнамасына, Банктің ішкі құжаттары мен шартқа сәйкес шотта сақталатын ақшаға иелік 
етуге; 
8)
кәсіпкерлік, адвокаттық, нотариаттық қызметті, атқарушылық құжаттарды орындау бойынша 
қызметті, дауларды медиация тәртібімен реттеу бойынша қызметті жүзеге асырумен байланысты 
шоттар бойынша операцияларды жүргізбеуге;
9)
Клиенттің кінәсінен Банкке келтірілген барлық шығыстарды және сот шығындарын сөзсіз 
тәртіппен өтеуге; 


This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization. 
10)
шотқа қате аударылған немесе Банк тарапынан Клиенттің немесе Клиент көрсеткен үшінші 
тұлғалардың пайдасына қате есептелген ақшаны Банк операцияларды жүргізген күннен бастап 2 (екі) 
банктік күн ішінде, бірақ Банк белгілеген ақшалай қаражатты қайтару туралы хабарламадағы 
мерзімнен кешіктірмей қайтаруға; 
11)
шот бойынша операцияны орындау үшін, оның ішінде комиссияны және/немесе жүргізілген 
операция үшін алымды төлеуге қажетті шотта ақша сомасының болуын қамтамасыз етуге; 
12)
сенімхат негізінде шотқа иелік етуге уәкілетті тұлғалар ауысқан немесе мұндай тұлғалардың 
уәкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, ол туралы Банкке жазбаша түрде немесе 
тараптармен келісілген басқа да байланыс құралдары арқылы дереу хабарлауға және мұндай 
өзгерістерді растайтын құжаттарды ұсынуға. Банк Клиент шотқа иелік етуге уәкілеттілік берген 
тұлғалардың іс-әрекеттеріне, егер Клиент Банкке мұндай тұлғалардың ауысуы немесе олардың 
уәкілеттілігі мерзімінен бұрын аяқталғандығы туралы хабарлама жібермеген/уақтылы жібермеген 
жағдайда жауапты болмайды; 
13)
шотқа ақшаны қате аудару фактісі анықталған жағдайда, ол туралы Банкке қате аударым/төлем 
туралы мәліметтері бар шот бойынша үзінді-көшірмені алған күннен бастап немесе өзге 
дереккөздерден (төлем құжаттары, интернет-банкинг, жазбаша хабарлама, SMS-хабарламалар және 
т.с.с. арқылы) шотқа ақшаны қате аудару туралы ақпаратты алған күннен бастап 3 (үш) банктік күн 
ішінде хабарлауға; 
14)
шоттан алдын ала қолма-қол ақшаны алу үшін мұндай соманы алудың болжалды күніне 
кемінде 5 (бес) банктік күні бұрын Банк бекіткен нысандағы тиісті жазбаша өтінішті ұсынуға. Осы 
тармақтың талаптарына қарамастан, Клиент Банкке шотынан қолма-қол ақшаны Банктің кассасы 
арқылы алу үшін жүгінсе, Банк өз қалауы бойынша Клиентке жоғарыда көрсетілген өтінішті ұсынған 
күні сұрау салынған соманы бере алады;
15)
ҚР заңнамасымен, Банк пен Клиент арасында жасалынған шарттармен белгіленген өзге де 
міндеттерді орындауға міндетті. 
4.
Клиент:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет