«Банк Хоум Кредит» АҚ еб директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген



Pdf көрінісі
бет15/118
Дата21.12.2022
өлшемі1,15 Mb.
#163664
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   118
Байланысты:
218045d518703b16f9bc638376687b7a

2-бап. Шотты жүргізу 
1.
Банк шотты жүргізуді ҚР заңнамасына және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады. 
2.
Банк Шот бойынша келесі операцияларды жүзеге асырады: 
1)
ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде ақшаны шотқа есепке алады және 
шоттағы ақшаны есептен шығарады; 
2)
ҚР заңнамасына сәйкес қолма-қол ақшаны қабылдайды және қолма-қол ақшаны береді; 
3)
Клиенттің Банктегі және басқа банктердегі шоттарынан аударылатын, сонымен қатар үшінші 
тұлғалар тарапынан Клиент пайдасына аударылатын ақшаны шотқа есепке алады; 
4)
Клиенттің төлем тапсырмасы бойынша шоттағы ақшаны Банкте және басқа банктердегі 
шоттарға, сонымен қатар үшінші тұлғалардың пайдасына аударады;


This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization. 
5)
ҚР заңнамасында және/немесе шартта көзделген негіздер бойынша Клиенттің ақшасын алу 
туралы үшінші тұлғалардың өкімдерін орындайды; 
6)
Клиенттің талабы бойынша Банктің операциялық күні ішінде шоттан үзінді-көшірмелерді 
береді. Шот бойынша үзінді-көшірмелер электрондық банктік қызметтерді пайдалана отырып немесе 
қолма-қол берілуі мүмкін; 
7)
ҚР заңнамасында және шартта көзделген өзге операциялар. 
3.
Банк Клиенттің шоты бойынша барлық шығыс операцияларды сол шоттағы қаражат 
сомасының шегінде жүзеге асырады.
4.
Банк шот бойынша шығыс операцияларды, егер Банка Клиент хабарсыз жоқ болу/қайтыс 
болу/қайтыс болды деп жариялау фактісін растайтын құжатты алған кезде, тоқтатуға құқылы. 
5.
Банк Клиенттің шоттарына ақшалай қаражатты мұндай ақшалай қаражат Банктің шотына 
түскен күннен кейінгі банктік күнінен кешіктірмейтін мерзімде, егер үшінші тұлғалармен шоттарға 
ақшалай қаражатты есепке алу туралы жекелеген шарттарда өзгеше, яғни есепке алудың қысқартылған 
мерзімі қарастырылмаса, есепке алады.
6.
Шот бойынша барлық операцияларды Клиенттің заңды өкілдері, қамқоршылары мен 
қорғаншылары тек қана Клиент берген және нотариалды түрде куәландырылған сенімхаттың негізінде 
ғана жүзеге асыра алады. Банк өзінің ішкі рәсімдеріне сәйкес үшінші тұлғаларға операцияларды жүзеге 
асырудан бас тартуға құқылы. 
7.
Клиенттің шотынан ақшаны оның келісімінсіз/акцептісіз алу тек қана ҚР заңнамасында және 
шартта қарастырылған жағдайларда ғана жүргізіледі. Клиенттің шоты бойынша операцияларды 
тоқтату мен оның шотындағы ақшаға тыйым салу ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге 
асырылады. Банк мұндай жағдайларда Клиентке келтірілген залал үшін жауапты болмайды.
8.
Қайтыс болған/қайтыс болды деп жарияланған Клиенттің шотынан ақшаны 
мұрагерлерге/заңнамаға сәйкес уәкілетті өзге тұлғаларға тарифтерге сәйкес Банк комиссияларын 
есептен шығара отырып, заңнамада және Банктің ішкі құжаттарында белгіленген құжаттардың 
негізінде және мерзімге сәйкес беру жүзеге асырылады. 
9.
Банк Клиенттің ағымдағы шотындағы ақшаны пайдаланғаны үшін оған сыйақы есептемейді.
10.
Шотты кредиттеу, тараптар арасындағы жеке келісімде өзгеше көзделмесе, жүзеге 
асырылмайды
11.
Шот бойынша валюталық операцияларды жүргізу ҚР валюталық заңнамасына және Банктің 
ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады. 
12.
Шотқа қолма-қол ақшасыз тәртіпте немесе шот валютасынан ерекшеленетін валютада қолма-
қол ақшалай қаражат түскен жағдайда, Банк шотқа ақшалай қаражатты есепке алу бойынша 
операцияларды жүзеге асыру сәтінде Банк бекіткен валюта бағамы бойынша түскен (енгізілген) 
соманы конвертациядан өткізеді.
13.
Клиент өзінің жеке кәсіпкерлік қызметімен байланысты шығыс/кіріс операцияларын жүзеге 
асырмауға, сонымен бірге кәсіпкерлік қызметпен байланысты аударымдарды (төлемдерді) шотқа 
үшінші тұлғалардың аудару жағдайларын болдырмауға міндетті. 
14.
Клиенттің шоты бойынша қызмет көрсетумен байланысты Банктің пошталық және өзге 
шығыстарын Клиент Банк белгілеген тарифтерге сәйкес және (немесе) банк өнімдерінің талаптарымен 
белгіленген мөлшерде толық көлемде өтейді. 
15.
Банк Клиенттен ҚР заңнамасының талаптарының сақталуын тексеру мақсатында жүргізіліп 
жатқан операцияға қатысты құжаттар мен қосымша ақпаратты талап етуге құқылы. 
16.
Клиент конверсиялық операцияларды жүргізуді реттейтін ҚР заңнамасын сақтауға міндетті.
Айырбастау Клиенттің тиісті түрде ресімделген нұсқауы негізінде шоттағы сома шегінде жүзеге 
асырылады. Айырбастау бойынша операциялар жүргізілетін валюталардың тізімін Банк жеке 
белгілейді және өз қалауы бойынша өзгерте алады. Операциялар ағымдағы валюта бағамы бойынша 
жүзеге асырылады және мұндай операцияларды жүргізу сәтінде әрекет ететін Банктің тарифтеріне 
және (немесе) банк өнімдерінің талаптарына сәйкес комиссия алынады. 
17.
Қайтыс болған/қайтыс болды деп жарияланған Клиенттің шотынан ақшаны 
мұрагерлерге/заңнамаға сәйкес уәкілетті өзге тұлғаларға тарифтерге сәйкес Банк комиссияларын 
есептен шығара отырып, заңнамада және Банктің ішкі құжаттарында белгіленген құжаттардың 
негізінде және мерзімге сәйкес беру жүзеге асырылады. 


This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization. 
2-бап осы шартқа №3 Өзгерістер мен толықтырулар редакциясында 18-тармақпен 
толықтырылсын (04.12.2020 ж. № 40/2020 хаттама).
18.
Клиент қайтыс болған, Қазақстаннан тыс жерге көшіп кеткен жағдайда ол Банкке Мемлекеттік 
корпорация артық аударған (есепке алған) жәрдемақы, зейнетақы, өтемақы, әлеуметтік төлем сомасын 
тікелей дебеттеу арқылы шоттан алуға сөзсіз және кері қайтарып алынбайтын келісімін береді. Бұл 
ретте жәрдемақының, зейнетақының, өтемақының, әлеуметтік төлемнің сомасын көрсетілген тәсілмен 
шоттан алу үшін Мемлекеттік корпорация Банкке клиент қайтыс болған, Қазақстаннан тыс жерге 
көшіп кеткен жағдайда мемелекеттік бюджетке, Мемлекеттік корпорацияға қайтарылуы тиіс 
жәрдемақының, зейнетақының, өтемақының, әлеуметтік төлемнің сомасын көрсете отырып, 
жәрдемақы, зейнетақы, өтемақы, әлеуметтік төлем шотына артық ақша аударылғаны туралы құжат 
ұсынуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет