Жоспар:
Басқару, ұйымдастыру, үкім шығару қызметіне қатысты құжаттардың бірі бұйрық.
Бұйрықтың толтырылу үлгісі.
Б Ұ Й Р Ы Қ
Бұйрық — хсетикийнің мекемені басқару барысында, алда тұраған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық мәселелерді шешу мақсатында беретін, қарамағындағылар орындауға тиісті нормалардан тұратын өкілеттік құжаттардың әр түрі.
Бұл құжаттың жауапкершілігі оған қол қоятын лауазымды адамға жүктеледі. Бұйрық ауызша да жазбаша да беріледі, төменде біз жазбаша берілетін бұйрық түрлерін қаратырамыз. Жұмыс жүргізу ыңғайлы болу үшін мекемеде бұйрықты 2 топқа бөледі:
мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты;
жеке құрамға байланысты;
Ірі мекемелердің маңызды іс-әрекетіне байланысты бұйрықтар А и форматты қағазда басылады. Бұйрықтың мынадай реквизиттері (деректеме) бар: елтаңба, мекеме немесе кәсіпорынның аты және оның қандай ұйымға қарасты екені, құжат аты, жазылған күні, орны, индекс, тақырып, қол, қол қойған адамның аты-жөні, келісім туралы белгі. Бұйрық мәтіні әдетте 2 бөліктен тұрады:
Констатациялық;
Өкімдік;
1. Констатациялық (айқындаушы, анықтаушы, фактіні, көрсетуші бөлігі) бөлікте, бұйрықтың мақсаты, бұйрықты беруге негіз болған факті көрсетіледі. Өкілеттік құжаттың тақырыбы, нөмірі, датасы жазылады.
Бұйрық №125
Алматы қаласы 20 желтоқсан 1999ж.
2000 жылы жұмыс тәртібін қалыптастыру туралы.
Трест объектілерінде ішкі тәртіпті қалыптастыру, жұмысшылар арасында еңбек тәртібін қалыптастыру және бөлімшелер жұмысын реттеу мақсатында.
Егер бұйрықтың берілуіне хсовары тұрған ұйымнан келіп түскен құжат негіз болса, онда ол құжаттың аты, нөмірі, күні осы бөлікте жазылады.
Егер берілетін бұйрық түсіндіруді құжат етпесе констатациялық бөлік жазылмайды.
2. Өкімдік бөлік Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н деген сөзден басталады да, бұйрық мазмұны жаңа жолдан басталып, әр пункті араб цифрларымен белгіленеді. Бұйрықты дайындау барысында, оның орындалуына мүдделі мекемелер және құрылымдармен келісіледі. Келіскені туралы белгі бұйрық жобасының 1 данасына қойылады. Келісілген, бланкке басылған бұйрыққа мекеме басшысы қол қояды. Бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Бұйрық журналға тіркеліп, оған нөмір қойылады және концелярияда сақталады.
Жеке құрам жөніндегібұйрықтар кадрлар бөлімінде дайындалады. Бұл бұйрықтарда мекеме жұмысшыларының атқыратын қызметіне байланысты қабылданған әкімшілік әрекеттері мен шаралар айқын көрсетіледі.
Бұйрықтың өкімдік бөлігі нақты, қысқа, анық, басы артық түсіндірмелерсіз жазылады. Онда тек не істеу керек, кім істеу керек және қашана істеу керек деген мәселе ғана сөз болады.
Егер бұйрық орныдаушының үнемі атқаруға тиіс мәселесіне байланысты болса, онда атқару мерзімі көрсетілмейді.
Егер бұйрық бірнеше пунктен тұрса, оның барлығының орындалуына бір ғана адам жауапты болса, онда ол соңғы пункте ғана көрсетіледі. Мекеменің ішкі іс қағазына жататын қызметтік құжаттың бұл түрін сипаттай отырып, мынадай бұйрықтарды атап көрсетуге болады:
жыл бойы үздіксіз атқаратын жұмыстарға байланысты бұйрықтар;
күнделікті мәселелерге байланысты бұйрықтар;
арнайы бұйрықтар;
төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар;
басқа да бұйрықтар түрлері;
Жыл бойы үздіксіз атқарылатын жұмыстарға бұйрықтар, ұйым жұмысының жалпы тәртібін реттеу мақсатында шығарылады. Онда ұйымның күн тәртібі, жұмыс уақытының ұзақтығы, үнемі жұмыс істейтін комиссия құрамы, күзетті ұйымдастыру тәртібі, тексеру, бақылау тәртібі т.б. белгіленеді. Мұндай бұйрықтарға мекемелердегі жұмыс ағымына қарай жыл бойы толықтырулар мен қосымшалар енгізілуі мүмкін.
Күнделікті мәселелерге байланысты бұрықтар, мекеме жұмысының күнделікті болып жататын түрлі мәселелеріне байланысты беріледі. Оған жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, мекеме ішіндегі басқа жұмысқа ауыстыру, демалыс бері, іссапарға жіберу т.б. жөніндегі бұйрықтар жатады.
Төтенше жағдайға басланысты бұйрықтар, мекемеде күтпеген оқиға болған кезеңдегі іс-әрекет, жұмыс тәртібін реттеу, оқиғаға байланысты түрлі шаралар белгілеу мақсатында беріледі. Мұндай бұйрықтар мазмұнында лауазымды адамдарға жүктелетін міндет анық көрсетіліп, қай жағдайда оларға қосымша өкілдік (полномочие) те беріледі.
Арнайы бұйрықтар көбіне қаржы-экономикалық мәселелерге байланысты беріледі.
Мысалы, жыл немесе квартал қорытындысы бойынша ақшалай сыйлық тағайындау, еңбегі сіңген қызметкерлерді құттықтау, мадақтау, көтермелеу т.б. Мұндай бұйрықтар 2 дана етіп, басылып, 1 данасы марапалған адамға тапсырылады.
Басқа да бұйрық түрлері, мекеменің күнделікті жұмыс барысындаға кейбір мәселелерді қажет жағдайда шешу барысында беріледі. Мысалы, уақытша бөлім бастығының немесе басқа қызметкердің қызметін атқару, маусымдық жұмыс мерзімін белгілеу т.б.
Түрлі жағдайда байланысты бұйрықтардың да түрлі нұсқалары болады.
Пайдаланған әдебиеттер
Дүйсенбекова Л. “ Іс – қағаздарды қазақша жүргізу ” А. – 2001.
Жаппар А. “ Ресми қарым – қатынас және іс – қағаздарын жүргізу ” Ш. – 2001.
Мұхамедиева Н. , Атабаева М. , Ибраева К. “ Іскерлік қазақ тілі ” А. – 2000.
Сыздықова Р. “ Емле және тыныс белгілері ” А. – 1996.
Достарыңызбен бөлісу: |