Зейнетақы жүйесін жаңғыртуға қажетті ақпараттар



Дата27.12.2016
өлшемі40,13 Kb.
Зейнетақы жүйесін жаңғыртуға қажетті ақпараттар

Өмір бір орнында тоқтап тұра бермейді. Сондықтан барлығын ертеңге қалдыра берудің қажеті жоқ. Қазірден бастап, кәрілік шақты назардан тыс қалдырмауымыз қажет. Өйткені, зейнетақы жүйесін жаңарту ісі кейінге қалдырмайтын тақырып. Бүгінгі таңда біздегі зейнетақы жүйесі екі бөліктен құралған. Олар еңбек және жинақтау қоры болып табылады. Қоғам жәрдемақы мен зейнетақының уақытылы және толықтай алуға үйреніп қалған. Сондықтан біз оны неліктен өзгертуіміз қажет?

Қазірдің өзінде біз мыналарды байқап отырмыз:


  • Еңбек зейнетақысының бөлігі азайған;

  • Еңбек өтілі толық емес адамдар саны көбеюде;

  • Еңбекақыны жинақтау қоры біз сенгендей даму міндетін орындай алмауда;

  • Зейнетақы көлемі қысқару тенденциясына ие болуда.

Бұл жағдайды қалайша өзгертуге болады? Біз қандай ұсыныстар бере аламыз? Бұл мәселені шешуде бізге бірнеше өзгерістер енгізуге тура келеді.

Біріншіден, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын» құруымыз қажет

Оның пайдасы неде?



  • Жинақталған зейнетақының сақталуы

  • (Прозрачность деятельности)

  • Зейнетақы активтерін басқару үшін мақсатты бақылау

  • Комиссияны төмендету

  • Зейнетақы кірістерін жоғарылату арқылы зейнетақы жинақтарын толтыру

  • Жинақталған зейнетақының сақталуына мемлекет гарант болуы керек

Екіншіден, зейнеткерлік жасты унификациялау

Бүгінде, ер адамдарға қарағанда әйелдердің көпшілігі аз мөлшерде зейнетақы алуға мәжбүр. Заң жобасының негізгі бөлігі - әйелдердің зейнеткерлік жасын  біріздендіру мәселесі құрап отыр. Бұл ретте заң жобасында қамтылғандай зейнеткерлік жасты көтеру 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнеткерлік жасты жыл сайын 6 айға ұлғайта отырып, біртіндеп 10 жылдың ішінде жүзеге асыру көзделеді.

Ол бізге не береді:


  • Жинақтау мөлшерін, зейнетақы көлеміне байланысты қалыптастыру.

Алайда, мұндай талап барлық адамдарға бірдей міндет жүктемейді. Жинақталған зейнетақы жеткілікті жағдайда әйелдер 50 жасында зейнетке шыға алады. Одан өзге, мемлекет еңбек өтілімен 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап 45 және 53 жаста зейнетке шығуына болады.

Үшіншіден, зиянды және ауыр еңбек жағдайында зейнетақыға бөлінген қаражатты кәсіптік зейнетақыға енгізу міндеттеледі.

Ол бізге не береді:



Одан өзге, зейнетақы жүйесін жаңғырту

  • Зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдардың жұмысқа орналасуы, жұмыс орнының сақталуы, дискриминациясы қатаң қадағалауды

  • (Рсширится участие в НПС самозанятых)

  • Жасы 50-ден асқан азаматтардың жұмыспен қамтылуын кешенді жоспарлау ісі Үкімет отырысына жіберілді

Жасы егде тартқан азаматтардың жұмыспен қамтамасыз етілуі қалай қадағаланады?

  • «Әлеуметтік жұмыс орындары туралы» Қазақстан Республикасының заңында жетілдіріп, қарастыру арқылы

  • (ГПФИИР) шеңберінде әйелдер қауымын жан-жақты жұмыспен қамтамасыз етілуін іске асыру арқылы;

  • «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы кәсіпкерлікті дамыту;

  • Аралық қашықтықта жұмыспен қамту арқылы әлеуметтік жұмыс орындарын ашу;

  • Үйде отырып атқарылатын жұмыстарды дамыту;

  • Кіші және шағын мекемелермен ауыл кооперативтерін аймақтық жұмыспен қамтуды дамыту.

  • Бас, ұжымдық, аймақтық, тармақтық ұжымдардың барлығы еңбекпен қамтамасыз ету мәселесін қолға алып, орындарының сақталуын қарастыру керек.

Осылайша, мемлекет бүгіннен бастап өз азаматтарын қамқорлыққа алып, әлеуметтік жағдайына ықпал етеді. Жұмыс орындарын сақтауға, денсаулығына зиян келетін және ауыр жұмыстарға жұмыс беруші тарапынан жақсы жағдай жасауын қарастырады. Еңбекке қабілетті кез келген азаматқа мемлекет тарапынан зейнетке ерте шығамын деушілерге кепілдік беріледі.

Қазақстан алдағы 50 жылды ескере отырып, зейнетақы жүйесіне уақытылы әрі қажетті өзгерістер енгізіп отырады. Экономикалық жағынан артта қалған мемлекет кадрлық және адамгершілік потенциалды көбейте алмайды. 50-ден асқан азаматтарға бұрынғы жұмыстарын жалғастыруға немесе жаңа еңбек құрылымдарын бастауға, жаңа мамандық алуына болады.

Қазақстандық зейнетақы жүйесіндегі жаңашылдық – мемлекеттік маңызы бар іс, ол әлеуметтік-экономикалық дамуды, зейнетақымен қамтамасыз етіп отырады. Сондықтан да біз Қазақстанның орнықты болуы үшін зейнетақы жүйесіндегі өзгерістерді қолдауымыз қажет!

Зейнетақы жүйесіндегі реформалар әрбір азаматтың жағдайын жасауға бағытталған. Жинақталған зейнетақының сақталғандығы, жұмыс орындарын сақтауы, жаңа орнықты зейнетақы жүйесін қалыптастыруы – әрбір қазақстандық пен мемлекетке ауадай қажет.



Мемлекет ашық әңгіме ретінде әрбір азаматқа қатысты жағдайларды қарастырда. Өйткені, жасы егде тартқан адамдар әрбір өзгеріске, жаңалыққа сенімсіздік танытып, күдікпен қарайды. Одан қорқатын ештеңе жоқ. Зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтар мұндай жағдайларда өздерін кемітті деп ойлайды.

Зейнетақы жүйесінің жаңалығы еңбекке қабілетті азаматтар үшін қарастырылған. Өндіріс пен өз-өзіне жұмыс істейтін азаматтар жиналған қаражаттарынан хабардар болып отыру қажет. Мұндай жағдайда кез келген қазақстандық жинақталған қаражатына қатысты өз-өзіне міндет қойып, болашағын ойлап отыру керек. Зейнетақы жүйесі өзгеріп отырады. Алайда, оның өзгергені азаматтардың жағдайын жақсартуды мақсат етеді. Соның нәтижесінде, әрбір азамат өзіне, ертеңгі күніне сенімді болмақ.
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу