Доклад «Қазақсан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті құқықтық реттеу»



Дата03.05.2020
өлшемі15,18 Kb.
#65632
түріДоклад
Байланысты:
ДОКЛАД
матем 27.10, эссе.Әбибулла Г, 6-7-8 русс

ДОКЛАД
«Қазақсан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті құқықтық реттеу» тақырыбына жазған диплом жұмысым барысында Қазақстандық шағын кәсіпкерлік қызметін талдау, оны бағалау және соның негізінде шағын кәсіпкерлік қызметінің даму мәселелерін қарастырдым.

Бұл зерттеу жұмысын жазу барысында төмендегідей міндеттерді нақтылап, орындадым:

- Қазақстан еспубликасындағы шағын кәсіпкерлік қызметінің құқықтық жағдайын өтпелі кезеңдегісін талдау;

- Шағын кәсіпкерлік қызметінің қазіргі замандағы құқықтық жағдайын бағалау;

- Шағын кәсіпкерлік қызметін дамуына құқықтық жағдаймен қамтамасыз етілу проблемалары;



Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті реттеу мәселелері жөніндегі заңдық және нормативтік актілері, мерзімдік басылымдардың материалдары, Елбасы бағдарламаларын басшылыққа алып зерттеу жүргіздім. Зерттеудегі негізгі көрсеткіштері stat.gov.kz негізінде жасалды.

Бұл тақырыпты таңдау себебім кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары әлі де болса, көп жағдайда бұзылып жатады. Сондықтан біздің ойымызша кәсіпкерлік ісінің, елімізде дамуы үшін кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау үшін мынандай шараларды жүзеге асыру қажет:

Біріншіден, кәсіпкерлік саласына байланысты заңнаманы жетілдіре түсу қажет, атап айтсақ “Кәсіпкердің құқықтық мәртебесі” атты құқықтық акті қабылдау дұрыс сияқты. Осы құжатта кәсіпкердің құқықтық мәртебесін реттейтін барлық нормалады жүйелеп (жинақтап) болар еді.

Екіншіден, кәсіпкерлік аясындағы лизенцияланатын қызметтерді шектеп, нақтылау қажет;

Үшіншіден, кәсіпкерлік ісін бақылайтын органдардың тексеруіне шек қою қажет.

Міне, осындай т.б. іс-шараларды атқарған кезде ғана кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға мүмкіндік туады.



Кәсіпкерліктің теориялық және практикалық тұжырымдамаларын мектеп оқыту барысында Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес арнайы курстар кәсіпкерлікті жүзеге асырудың жек нысандары қарастырылады.

Нақты жағдайда кәсіпкерліктің қай нысаны ұтымды болатынын ажырата білу, құрылтай шартын жасау тәртібі мен оны жасау барысында қажет. Бұл білімдер болашақ кәсіпкерлердін санын ғана емес cапасын да көбейтуге өз үлесін косады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет