Тапсырма: төмендегі сұрақтар бойынша ақпараттар дайындау



Дата30.04.2022
өлшемі19,3 Kb.
#141537
Байланысты:
Қазақ жеріндегі Ресейлік әскери бекіністер


Тақырып 4. ХҮІІІ ғ. екінші жартысындағы Қазақстан

Тапсырма: төмендегі сұрақтар бойынша ақпараттар дайындау:


1. Қазақстандағы ресейлік әскери бекіністердің салынуы.

Патшалық Ресейдің қазақ даласына қалдырған «таңбалы тастары» - ол бекіністер болатын. Өмір бойы мал шаруашылығынан өзге шаруаны көзге ілмеген, ғұмырын аттың жалында, түйенің қомында өткізген, жер сауып қана күнелткен қазақтардың қасиетті жерін шектеп, жан-жақтан қыспаққа алып бой көтерген бекіністер ең бірінші әскери мақсатта салынды. 


Қазақ жеріне алғашқы бекіністер ХУІІ ғасырдың орта шенінен бастап салына бастады. 1640 жылы Гурьев; 1716 жылы Омбы,Жәміш; 1717жылы Железинск; 1718 жылы Семей; 1720 жылы Павлодар, Өскемен. М.Перемышельский отрядымен 1854 жылы негізі қаланған Верный бекінісі бүгінде алып шаһар Алматы болып тәуелсіз Қазақстанның төрінде бой түзеп тұр. XIX ғасырдың 30-40 жылдары Орта жүз бен Ұлы жүз аумағында Аягөз, Ақтау, Қапал бекіністері бой көтерді. Бекіністердің салынғандығының бір пайдасы – олардың көпшілігі бекініс-қамал ретінде пайда болып, бүгінгі күнге үлкен қалалардың алдыңғысы болып жетіп отыр. 
Қазақты жан-жағынан бекініс салып қыстаққа алған соң, малдарынан айрылып, тіршілігі құрдымға түскен қауымның ашу-ызасы жиналып, көтерілістерге ұласты. Ол аздай қазақ даласын басқару үшін бірнеше генерал-губернаторлыққа да бөліп тастады. Әрбір губернаторлықты патша тағайындаған өкілі басқарды. 
Қазақтардың даласына бекіністерді салу патшаның саясаты болып табылады. Ол қазақ даласын біртіндеп жаулап алуды көздеді. Қазақтарға барынша қысым көрсетіп, құлша бағынышты болғандарын қалады.

Сонымен 18-19 ғ бой көтерген бірқатар бекіністер:


1640ж-Гурьев бекінісі
1716ж-Жəміш бекінісі
1716ж-Омбы бекінісі
1717ж-Железинск бекінісі
1718ж-Семей бекінісі
1720ж-Павлодар,Өскемен,Чернагорская ж/е Каряковская бекіністері салынды
1735ж-Ор бекінісі
1743ж-Орынбор бекінісі
1752ж-Петропавл бекінісі
1771-1772ж-Жайық,Кулагин бекіністері
1824ж-Көкшетау,Қарқаралы бекінісі
1826ж-Баянауыл бекінісі
1827ж-Көкпекті бекінісі
1831ж-Аягөз бекінісі
1832ж-Ақмола бекінісі
1834ж-Аманқарағай бекінісі
1845ж-Торғай бекінісі
1846ж-Атбасар бекінісі
1847ж-Қапал,Ақтау,Алатау бекіністері
1853ж-Перовск,Ақмешіт бекіністері
1854ж-Верный бекінісі
1855ж-Лепсі бекінісі
1859ж-Кастек бекінісі
1866ж-Зайсан бекінісі
1869ж-Ақтөбе бекінісі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет